Жексенбі, 25 Тамыз 2019
1165 2 пікір 18 Шілде, 2019 сағат 16:57

Қазақстандықтардың қажылыққа аттануы жөнінде брифинг өтті

Орталық коммуникациялар қызметі алыңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының Бірінші орынбасары Наиб Мүфти Наурызбай Утпеновтың қатысуымен қазақстандық мұсылмандардың Сауд Арабиясы Корольдігіне қажылыққа аттануы жөнінде брифинг өткізілді.

Дін істері комитетінің төрағасы Е.Нүкежанов министрліктің мемлекеттік органдармен және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірге қажылықты сапалы ұйымдастыру үшін жүргізілген негізгі іс-шараларға тоқталды.

Оның ақпараты бойынша, 2019 жылғы 31 шілдеден 20 тамызға дейінгі кезеңде бөлінген квота бойынша (2018 жылы - 3000 адам) 3200 қазақстандық азамат қажылыққа барады. Сауд Арабия Корольдігіне қажыларды екі әуекомпания – отандық «Scat» және Сауд Арабиялық «FlyNas» компаниялары тасымалдайды. Бірінші рейсті Ақтау және Шымкент қалаларынан жөнелту жоспарланған.

Қажылық орындағысы келетіндер үшін аймақтарда жұқпалы ауруларға, оның ішінде менингитке қарсы вакцинация жүргізу шаралары туралы жеке айтылған.

Қазақстан Республикасы мұсылмандары діни басқармасы төрағасының Бірінші орынбасары Наурызбай Утпенов Меккеге қажылықтың Исламның бес бағанасының, жалпы ислам дінінің негіздерінің бірі болып табылатын айтты.

Оның айтуынша, республикада аудандық, қалалық және облыстық деңгейдегі 530 мешітте қажылықтың мақсаты мен тәртібін түсіндіру бойынша оқу семинарлары өткізілуде. Қажыларға 12 адамнан тұратын қажылық миссия, оның ішінде наиб мүфтидің жетекшілігімен 8 ҚМДБ өкілдері, АҚДМ Дін істері комитетінің өкілі мен 3 дәрігер  көмек көрсететін болады.

Abai.kz

2 пікір