Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2483 0 пікір 11 Шілде, 2011 сағат 17:56

Байжан Дубай. Шұбаршиде граната жарыла бастады

Шұбаршидегі сәл саябырсыған шиелініс кеше түнде қайта жалғасын тапты. Мылтықты қойып, сәлафтар граната лақтыруға кіріскенін айтады редакциямызға хабарласқан сенімді ақпарат көздері. Олар айтқан бейресми мәлімет бойынша, кеше түнде  лаңкестер үш үйді жарып жіберген. Әскери танктер мен тікұшақтар да іске қосылды. Дауысынан діріл байқалған қарапайым тұрғын жағдайдың күн санап ушығып жатқанын айтады.
Бүгінде Шұбарши толығымен әскерилердің қоршауында. Астанадан жеткен жасақтан да қайыр болмай тұр. Қазір Кеңқияқта комендаттық сағат орнатылған. Алақандай ауыл соғыс кезіндегідей үреймен күн кешіп жатыр. Атыс шабысқа құлағы үйренген халық әскерилер мен сәлафтар арасындағы соғысты тоқтатуға биліктің аса ықыласты емес екендігін байқадық дейді. Облыс аумағында қатаң тәртіп орнаған, жолда жүрген  барлық көліктер мен азаматтар мұқият тексерілу үстінде. Кеңқияқта жұмыс істейтін мұнайшылар мен өзге де  жұмысшылардың ауыл аймағынан шығуына  рұқсат жоқ. Суық қарудың түр-түрі қолданылып жатқан қақтығыстың қашан тоқтайтыны әзірге белгісіз. Тұрғындар адам шығынының ресми ақпараттан көп екенін айтады.

www.masa.kz интернет газеті

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2055
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4915
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4113