Аи - 92, Аи-93 маркалы бензиннің шекті бағасы 102 теңге көлемінде қалады
АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Аи - 92, Аи-93 маркалы бензиннің шекті бағасы 102 теңге көлемінде қалады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, жақын арада Мәжіліс қабылдаған жанар-жағармайды реттеу мәселесі жөніндегі қабылданған заңға қол қойылғаннан кейін бұл мәселе тез арада шешілмек. Атап айтқанда, бүгінде жанармай бағасы Гелиос компаниясының жанармай құю стансаларында ғана өсіп отыр. «Айта кетейік, жанар-жағармайды реттеу мәселесі жөніндегі заң қабылданған болатын. Сол заң бойынша жағармайдың шекті бағасы анықталады. Егер де, сол шекті бағадан өсетін болса, оған біз тиісті шара қолданатын боламыз»,-деді министр.
«Аи - 92, 93 маркалы бензин үшін шекті баға қазіргі кездегі 102 теңге көлемінде қалатын болады. Тек қана Гелиос компаниясы бензин бағасын көтерді. Алайда бұл мәселе бойынша тиісті шара қолданылады»,-деп атап өтті С. Мыңбаев.