Сенбі, 23 Қараша 2024
2524 6 пікір 22 Шілде, 2019 сағат 17:27

Сарапшы: Президент халықтың билікке сенімін арттыру үшін тиісті шаралар қабылдауда

Қоғамды ақпараттандыру үшін жаңа ұйымдастырушылық перспективалар жасалып жатыр. Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Жанар Санхаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«22 шілдеде ҚР Президенті Қасым-Жосарт Тоқаевтың Жарлығымен меморгандардың халықпен ақпараттық өзара іс-қимылы бойынша блогы күшейтілді. Біріншіден, ҚР Президенті Әкімшілігі құрылымында Орталық коммуникациялар қызметі құрылды. Бұл өз кезегінде еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдай туралы жедел хабарлауға, сондай-ақ қоғамды ақпараттандыру үшін жаңа ұйымдастырушылық перспективаларды құрады», - деді сарапшы.

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Балаеваның ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді. Осындай қадамдар мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылын кеңейтудің және мемаппараттың халықпен жақындауының ең маңызды тетіктерінің бірі ретінде тиісті институтты күшейту бойынша Мемлекет басшысының жұмысының жүйелігін байқатып отыр.

«Аталған бөлімді Президент көмекшісінің басқару фактісі мемлекеттік басқару жүйесін реформалау барысын бақылауға Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке өзінің қатысып тұрғандығын білдіреді. Айта кетейік, ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінде тиісті жұмыс үшін қажетті база бар. Бүгінде Қазақстанда азаматтардың өтінімдері үшін бірқатар тетіктер қарастырылған, олар қағаз түрінде және электронды нұсқада қамтылған», - деді Жанар Санхаева.

Сонымен бірге, ведомстволардың бірінші басшылары іске асырып келген азаматтарды қабылдау шаралары, телефон арқылы байланысқа шығу, қоғамдық кеңестер және басқа да алаңдар бар.

«Осы арқылы жаңа тағайындау шешімдерді қабылдау процесіне азаматтарды белсенді кірістіру арқылы өтініштер институтын реформалауды күшейтіп отыр. Бұл өз кезегінде мемлекеттік басқару жүйесін кешенді реформалау мәселесінде маңызды элемент болып саналады», - деді сарапшы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру жөніндегі Жарлыққа қол қойды.

Президент Өкімімен Талғат Қалиев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы болып тағайындалды.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435