Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2092 0 пікір 11 Шілде, 2011 сағат 05:38

Еуразия даму банкі Қазақстан мен Ресей арасында сауда айналымының жыл сайын 6 пайыздан астам өсуіне ықпал етуде - Владимир Ясинский

АЛМАТЫ. 11 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Еуразия даму банкі қазіргі таңда Қазақстанда 900 миллион АҚШ долларының 14 жобасын жүзеге асыруда.

Халықаралық қаржы институтының  Талдамалық жұмыс жөніндегі директоры Владимир Ясинскийдің айтуынша, Еуразия даму банкі Қазақстан мен Ресейдің арасындағы сауда айналымының жыл сайын 6 пайыздан астам өсуіне ықпал етуде.

«Бізде қазіргі таңда 5 қатысушы ел бар. Кредиттік ресурстағы елдік құрылымға келсек,  Ресейде - 47, Қазақстанда-  35, Беларусте - 10, Арменияда -3 Тәжікстанда -1 пайызды құрайды. Жалпы, әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс банктің инвестициялық нығаюына  әсер еткен жоқ. Мәселен, былтыр  біз  инвестициялық қоржынды 2,5 миллиард долларға дейін ұлғайттық. Өсім 2009 жылмен салыстырғанда  85 пайызды құрады», - дейді Владимир Ясинский.

Оның айтуынша, банк акционерлері олардан табысты барынша көбейтуді талап етпейді. Ең маңыздысы жобаның өзін-өзі ақтауы. Еуразия даму банкі  сондықтан коммерциялық банктермен бәсекелеспейді. Олар коммерциялық банктер қаржыландыру үшін кезекке тұрмайтын  инфрақұрылымдық, энергетикалық, көліктік және тағы басқа да  ұзақ мерзімдік  жобаларға инвестиция салады. Өйткені халықаралық бұл қаржы институты ең алдымен ықпалдастық банкі болып саналады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1485
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5514