Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3063 0 пікір 11 Шілде, 2011 сағат 18:04

Ермек Қарабала. Кімнің кім екені белгілі болды

«Кімнің кім екені» атты анықтамалық энциклопедияның бас редакторы, белгілі саясаттанушы Данияр  Әшімбаевтың кім екені белгілі болды. Ол қазақты іштен ірітетіндердің бірі болып шықты. Анығырақ айтқанда өз халқын өзектен тепкіштердің бірі екен.

Бұлай деуімізге оның «көтен газет» - «Времяға» берген сұхбаты себеп болып отыр. Саясаттанушысымақтың айтуынша, батыста болып жатқан бүлікке, мұнайшылардың көтерілісіне оралмандар (!) кінәлі көрінеді. Соңғы кездері орын алып жатқан саяси-әлеуметтік наразылық шараларын талдай келе Дәкең дәлдірлеп отырып былай депті: «...оның үстіне бұл облыс (Маңғыстауды айтады) «отандастарды» ең көп импорттайтын өлке (құдды тауар айналымы туралы айтып отырғандай), бас көтеріп жатқандардың көпшілігі оралмандар», «Маңғыстаудағы баскөтерулер надан, қаратабан қазақтарды елге алып келген мемлекеттің көші-қон саясатының жемісі» депті.

Әй, ит-ай демеске шарамыз, кәне! Бар пәлені елім-жерім деп еңіреп келген оралмандарға аударып, жемқор билік пен тойымсыз олигархтарды ақтап алғанда Данияр не ұтады? Оның атына айтылатын сыпсың сөздердің рас болған-ау шамасы. Жұрт оны биліктің жандайшабы деуші еді, біліп айтқан екен.

www.masa.kz интернет газеті

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4918
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4114