Сенбі, 23 Қараша 2024
2892 0 пікір 25 Шілде, 2019 сағат 10:22

Алмазбек Атамбаев Мәскеуде Владимир Путинмен кездесті

Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты қабылдады деп хабарлайды kremlin.ru.

«Ешқандай құпия жоқ. Сіздер білесіздер, мен қазіргі және бұрынғы әріптестеріме әрқашан ашықпын. Мен шын мәнінде Алмазбек Шаршенұлымен кездестім. Біз аймақтағы және Қырғызстандағы жағдайды талқыладық», - деді Путин журналистер сұрағына жауап беріп.

Мұнан бөлек Путин өзінің Қырғызстанға қатысты ұстанымын жеткізген.

«Қырғызстан біздің одақтасымыз, бізге жақын мемлекет. Қырғызстанда кемінде екі рет ішкі төңкеріс орын алды. Мен Қырғызстан халқының мүддесіне тоқталу керек деп ойлаймын. Қырғыз елі саяси тұрақтылықты қалайды, бар халық қазіргі президент айналасына топтасып, елдің дамуына көмектесуі керек. Бізде Қырғызстанмен әріптестік жөнінде көптеген жобаларымыз бар, мұның бәрін қазіргі билікпен бірлесіп жүзеге асыруымыз керек», - деп атап өтті Ресей президенті.

Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев бастаған делегация 24 шілдеде Кант әуебазасы арқылы Мәскеуге ұшып кеткен. Оның кеңесшісі Құндыз Жолдубаева "жоғары деңгейде кездесулер өткіземіз" деп хабарлаған.

Мұның алдында Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 11 шілдеде қысқа сапармен Мәскеуге барған.

Алмазбек Атамбаев үш рет тергеуге шақырылды. Бірақ біреуіне де бармады.

27 маусымда қырғыз парламенті Алмазбек Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айырған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373