РФ Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Татьяна Москалькова теңізшілер Молдавияға бет алғанын айтты. Ол жақтан Мәскеуге ұшпақ.
Украина бас прокуратурасы экипаждың он мүшесі куәгер ретінде тергелгенін мәлімдеді. Бірақ олардың босатылғаны жөнінде пікір білдіруден бас тартты. Украина қауіпсіздік қызметі тергеу жүріп жатқандықтан, іс материалдары әзірге ашылмайды деді.
Украина медиасында теңізшілер тергеушілердің шақыруына келеміз деп міндеттеме алғанын, бұл олардың Ресейге кетуіне кедергі келтірмейті жөнінде айтылып жатыр.
25 шілде таңертең Украина ресейлік "Ника Спирит" танкерін ұстаған. Белгілі болғандай, кеме Одесса облысындағы Измаил портына тоқтаған.
Украина қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, аталған танкер былтыр қараша айында Керчь бұғазында ресейліктердің үш украин кемесін ұстау сәтінде оларға тосқауыл қойған. Сол кезде аталған кеме "Нейма" деп аталған екен.
Abai.kz