Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2158 0 пікір 12 Шілде, 2011 сағат 10:59

Мұстафа Шалқар. Өнертапқыштарды «өлтіріп» жатқан жоқпыз ба?

Марат Аюбаев мырзамен Астанада кездейсоқ кездестік. Әңгімелесе келе өнертапқыш ағаның елордада құр босқа жүрмегенін аңғардық. Жастайынан техниканың қыр сырын  ұғып өскен бала, кеңес дәуірінде көзге түсіп 20-ға тарта жаңалық ашқан. Оларға берілген патенті қалтасында. Өндіріске жіберіліп, халықтың игілігіне жұмсалмағасын оның бәрі өлі дүние екені сөзсіз. Қазір зейнеткерлік жаста болсада соңғы ойлап тапқан өрт сөндірудің жаңа тәсіліне биліктің назар аударғанын қалайтынын ашына жеткізді. Ол үшін қақпаған есігі, бармаған басшысы қалмаған. Ешкім елжіреп еміренбеген. Дөкейлердің кейбірі күліп қарсы алып, түнеріп шығарып салған.  Қолдау көрсетеді деген министрлерден тауы қайтқасын Президенттің өзіне хат жазыпты. «Сіздің «Елімізді бай мемлекеттер қатарына қосу» бағдарламаңызға өз үлесімді қоспақ ниетпен, Сізге осы хатты санамалап айтсам, он үшінші рет жазуға мәжбүр болып отырмын. Ал премьер мен министрлерге, әкімдерге жазған хатымның саны 20-дан асып кетті. Бірақ қанша жазсамда, өтініштерім аяқсыз қалып жүр. Жылу жүйесіне, оның ішіндегі қазандықтарға кететін миллиардтаған қаржыны үнемдеу жоспарыма құлақ асар жан бар ма? Нұраға еліміз үшін өте қажет ұсынысымды қолдап, мені тым болмаса 15 минутқа қабылдасаңыз екен» депті хатты қысқа қайырғанда. Амал қанша бұл хаттың елбасыға жеткен жетпегені бір аллаға ғана аян.

Марат Аюбаев мырзамен Астанада кездейсоқ кездестік. Әңгімелесе келе өнертапқыш ағаның елордада құр босқа жүрмегенін аңғардық. Жастайынан техниканың қыр сырын  ұғып өскен бала, кеңес дәуірінде көзге түсіп 20-ға тарта жаңалық ашқан. Оларға берілген патенті қалтасында. Өндіріске жіберіліп, халықтың игілігіне жұмсалмағасын оның бәрі өлі дүние екені сөзсіз. Қазір зейнеткерлік жаста болсада соңғы ойлап тапқан өрт сөндірудің жаңа тәсіліне биліктің назар аударғанын қалайтынын ашына жеткізді. Ол үшін қақпаған есігі, бармаған басшысы қалмаған. Ешкім елжіреп еміренбеген. Дөкейлердің кейбірі күліп қарсы алып, түнеріп шығарып салған.  Қолдау көрсетеді деген министрлерден тауы қайтқасын Президенттің өзіне хат жазыпты. «Сіздің «Елімізді бай мемлекеттер қатарына қосу» бағдарламаңызға өз үлесімді қоспақ ниетпен, Сізге осы хатты санамалап айтсам, он үшінші рет жазуға мәжбүр болып отырмын. Ал премьер мен министрлерге, әкімдерге жазған хатымның саны 20-дан асып кетті. Бірақ қанша жазсамда, өтініштерім аяқсыз қалып жүр. Жылу жүйесіне, оның ішіндегі қазандықтарға кететін миллиардтаған қаржыны үнемдеу жоспарыма құлақ асар жан бар ма? Нұраға еліміз үшін өте қажет ұсынысымды қолдап, мені тым болмаса 15 минутқа қабылдасаңыз екен» депті хатты қысқа қайырғанда. Амал қанша бұл хаттың елбасыға жеткен жетпегені бір аллаға ғана аян. Ұлтының келешегін ойлаған патшаның бір ауыз жылы сөзі қазақ баласының мықтылығын әлемге паш етері анық. Себебі қазақтардың қолынан мал бағудан басқа ештеңе келмейді деп жүргендерге бұдан артық қандай  «соққы» керек. Алаш баласының алғырлығын әлем мойындап отыр. Жеті аталық тегімізді жапония ғылыми түрде дәлелдеді. Қанымыздың тазалығы жаңалыққа, тапқырлыққа, ойшылдыққа,  жаңа дүниеге құштарлыққа жол ашпақ.  Осыны билік басындағы азаматтар ойланғаны дұрыс. «Өзіңді өзің жаттай сыйла жат бойыңнан түңілсін» деп бабаларымыз бекер айтпаған болар. Сонымен қатар өнер тапқыш ағамыз «Өнетапқышты өлтіру немес қолданыстағы заңның кемістіктері» деген аз таралыммен кітапша шығарыпты. Оның ішінде бүгінгі қолданыстағы патенттеу мен өнертапқыштарды қолдау туралы заңдардың кемшін тұстарын көзге шұқып тұрып көрсетеді. Бұлда екі адамның бірінің қолынын келмейтін ерлік. Дәлдеп айтсақ сауаттылық. Одан басқада ой саларық кітаптары бар.  Енді Марат Аюбаев мырзаның ойлап тапқан өрт сөндірудің жаңа тәсіліне, жаңалығына, оның мемлекетке, қоғамға тигізер пайдасына келейік.  «Өздеріңіз білесіздер, өрт далада болса, өртті сөндірудің машақаттары көп. Сол өртті көп адамдар болсада, көп техника қатыссада, зорға өшіреді және көп шығын кетеді. Себебі су болмаған соң, адамдар әр тәсілді қолданады. Ал менің ойлап тапқан тәсілім-өртті бу қысымымен өшіру. Физикалық заң бойынша, 1 текше метр судан 500 текше метр бу алуға болады.  Сонда салыстырма бойынша-«Аюбаевтың өрт сөндіру машинасы» өртке барса, 5000 қазіргі өрт сөндіру машинасы бар деп есептеу керек.  Өздеріңіз білесіздер, жолдың бойын, су шашқан машинаның стволымен шайып, жуып шығады. Сол сияқты «Аюбаевтың өрт сөндіру машинасында» орналасқан немесе жалғасқан ствол арқылы өртті жағалап отырып, будың қысымымен өшіріп отырамыз. Бұл тәсілге көп адамның, көп техниканың керегі шамалы. Машина экипажында 4-5 адам болса жетеді.Сол кезде өртті сөндіру жылдамдығы асады, уақытты ұтамыз. «Аюбаевтың өрт сөндіру машинасын» басқа жағдайларғада қолдануға әбден болады.  Мысалы: 1. Жұқпалы инфекция таралған бөлмелерді, мүліктерді залалсыздандыруға, 2. Кене немесе басқа паразиттерді өлтіру үшін (Мал қораларында), 3. «Оба» ауруы болған кезде тышқандарды інінде өлтіруге. 4. Қыстың күні су құбырлары қатып қалса-ерітуге, 5. Цистерналарды немесе басқа жанармай құйылған ыдыстарды бумен шаю және т.б кездерде».  Өнертапқыш аға ғылыми тұрғыда зертеліп болған жаңалығының ел игілігіне жұмыс жасауға қолдау таппай отырғанына  қынжылады. Қаншама жылдан бері іске аспай жатқан жобасын шетелге шығарып сатуға құлықты емес. Олар мұндай пайдалы іске қаржыны аямай шашатыны ешкімге таңсық емес. Тәуелсіз Қазақ даласында, қабілетті қазақ балаларының келешектеде соны, тың жаңалықтар ашарына ешкім дау айтпас. Сонда осылай мемлекетіміз қолдамаса, демеп отырмаса дарынды ұрпағымыз далада қалмасына кім кепіл. Мұндай тың жаңалықтарға қомақты қаржы керегі бәрімізге белгілі. Ендеше алаш баласының рухын көтеруге ат салысқысы келетін азаматтар Аюбаев Марат мырзамен хабарласса дейміз. Бәрібір билік басында отырғандар бүгін ертең көмек қолын созуға асығар емес... Оларға шет елден сатып алған тиімді шығар... Айтпақшы Аюбаев Марат ағамыздың  туған жері Жамбыл облысы Жуалы ауданы. Атақты батырымыз Бауыржан Момышұлының жиені екен. Сондықтан ағамызға  батыр бабамыздың аруағы қолдап, биліктен тауы қайтсада, алаш баласының даңқын аспандатар тың жаңалықтарға түрен сала берсін дейміз.

Төменде ағаның ашқан жаңалығына қатысты бейне таспаны ұсынып отырмыз. Осыдан бірнеше жыл бұрын бірнеше тел арналарды аттай қалап шақырып алып,  өзінің жаңалығын көрсеткен. Бірақ өзгерген түк жоқ әлі. «Аға мына бейне таспада орысша сөйлеп жатырсыз ғой, қазақша неге сөйлемедіңіз», деп ренішімізді білдірдік. Сонда ол кісі:- «қарақтарым-ау, бұл  министрлермен әкімдерге арнап түсірілген нәрсе ғой. Мені Масаның оқырмандары кешірсін.  Егер биліктегілерге қазақша жіберсең қарамайды ғой. Сосын өзімше жасаған айламның түрі ғой» деп күлдіріп алды. Бұл үшін ағаны кінәламайық.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525