Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 4783 12 пікір 29 Шілде, 2019 сағат 11:51

Қазақтың арасына сына қағып, іріткі салуына жол бермеңіздер!

Соңғы бір жылдың ішінде қазақты жүзге, руға, жамағатқа, партияға, орыстілді және қазақтілді деп бөлетін посттар қатты көбейіп кетті. Топтардағы өзіміздің санасыздар да отқа май құйғандай болып жатыр.

Қазір мемлекетіміз, қазақ ұлты өте қиын жағдайда тұр. Біреулерге бізді бөле түскен тиімді. Бөлінген, бір-бірімен қырықпышақ болып жатқан елді басып алу да, билеу де оңай. «10 признаков казахов их рода найманов» деген бір мақала шығыпты кеше тағы. Олардың айтуынша, наймандар ерекше халық екен...

Құрметті достар! Ол – найманның да, адайдың да, шапыраштының да, басқа рудың да ерекшелігі емес, ол – қазақтың ерекшелігі! Осыны шатастырмайықшы, біліп жүрейік. Қазақтың арасына сына қағып, іріткі салуына жол бермеңіздер. Топтардағы бітпейтін мағынасыз айтыс-тартысты тоқтатып, елдің болашағын, жердің болашағын ойлайтын уақыт болды.

Көзімізді ашып, айналамызға қарап, салиқалы, саналы посттар жазайық. Қазақстан қазір өте қиын жағдайда тұр. Мемлекеттің болашағы халықтың өз қолында. От басы, ошақ қасындағы қатын өсекті қойып, бірлікке үндейтін, елге жаны ашитын, мемлекеттің болашағына алаңдайтын посттар жаза бастауымыз керек!

Жолымбет Мәкіштің facebook парақшасынан

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5265