Жұма, 22 Қараша 2024
3331 1 пікір 29 Шілде, 2019 сағат 15:37

Түркіменстанда президент Бердымұхамедов қазасы туралы сыбыс таратқандарды ұстап жатыр

Түркіменстанда президент Гурбангұлы Бердымұхамедов қазасы туралы жалған сыбыс таратқандарды ұстап жатыр деп хабарлады "Хроники Туркменистана".

Басылым мәліметі бойынша, Түркіментелеком" компаниясының Лебап бөлімшесінің бір қызметкері, су шаруашылығының жұмысшысы және жергілікті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жұмысшысы ұсталған.

Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов қазасы туралы ақпарат жалған екені ресми жоққа шығарылған соң, әлеуметтік желілерде түркімен экстрадасы өкілдерінің жалған ақпаратқа сенбеуге шақырған үндеулері жарияланды. Олар жазбаларын #duryalan (#сыбыстытоқтат) хэштегімен жариялаған.

21 шілдеде оппозициялық "Свободный Туркменистан" ютуб-арнасы "мемлекет басшысы 20 шілдеде қайтыс болды" деп хабарлаған. Президент соңғы мәрте көпшілік алдына 5 шілдеде шықты. 15 шілдеде президенттің баспасөз қызметі мемлекет басшысының демалысқа шыққанын хабарлап, оның немерелерімен ойнап жүргені түсірілген видео жариялады.

"Хроники Туркменистана" басылымының мәліметі бойынша, президент ұшағын Германияда 12 шілдеде көрген. Хабарларға қарағанда, Германияға Бердымұхамедовтың ауру анасын жеткізген және мемлекет басшысының көпшілік алдына шықпауын оның анасының қатты ауырып қалуымен түсіндірген.

Бердымұхамедов 2007 жылы Түркіменстан президенті қызметіне кірісті. Ол қайтыс болған Түркіменбашы Сапармұрат Ниязовтың орнына келді. Елде Бердымұхамедовке табыну басталып, оған Аркадаг атағы берілген.

Биыл маусым айында Бердымұхамедов 62 жасқа толды. Бұл жолы оның туған күні, бұған дейінгі жылдарға қарағанда, ерекше атап өтілді. Имамдар мен министрлер президенттің денсаулығы үшін дұға оқыған.

Abai.kz
1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279