Арыстың 8-ші секторында құрылыс жұмыстары жалғасуда
Қазіргі таңда Арыс қаласында жарылыстан зардап шеккен үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстарға 8-ші секторға жауапты Мақтаарал ауданы мен Шығыс Қазақстан облысы да белсенді қатысуда.
8-ші секторға қарасты 5 үйдің құрылысы жүріп, 421 үйге жөндеу жұмыстары жасалуда. Сондай-ақ, 118 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталған. Ол үшін Шығыс Қазақстан облысының 12 құрылыс компаниясынан 780 адамнан құралған жұмыс күші жұмылдырылған.
Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанхановтың ұйымдастыруымен 8-секторда тазалық іс-шаралары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Бүгінгі дейін 320 тонна күл-қоқыс шығарылған. Ол үшін арнайы 10 техника мен қызметкерлер жұмыс жасап жатыр.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданы әкімдігінің мамандары Арыс қаласындағы 8-ші секторда төтенше жағдайдан зардап шеккен арыстықтарға 100 мың теңге көлемінде бір реттік өтемақы беру бойынша 675 отбасы, 3245 тұрғыннан құжаттар жинақтаған.
Abai.kz