Болат Аюханов: «Маған Алатау мен мал Отан емес»
www.russianskz.info сайты қазақты қалайда қағытып қалудың қам-тірілігіне шындап кіріскенге ұқсайды. Аталған сайттың әлгіндей әрекеті Қазақстан мен Белоруссия және Ресей мемлекеттерінің арасындағы Кедендік одақ қызметіне кіріскелі бері тіпті үдеп кетті. Шамасы, ресейлік әріптестеріміз Кремльден астыртын тапсырма алып, Кедендік одақтан кешегі Кеңестік одақты жасаудың амалына біржола бет бұрғандай. Әзірге олар орашолақ ойлайтын орыстың аузымен опырып сөйлемей, қазақты қазақпен мазақ етуде. Ол қазақтар - үшжүз жыл соқалап жүріп орыстың өзі өсірген қазақтар. Аты қазақ, заты - қара орыс. Сондай бір қара орысымыз Болат Аюханов дейтін кісіміз болып шықты. Биші. Балет бишісі. Бөкең шу дегеннен «қазақта би болмаған, қазіргі қазақтың ұлттық биі Чернышеваның Қазақстанға деген сүйсіпеншілігінің нәтижесінде дүниеге келген» деп соқтыртып келеді де, шетелдерге қазақтың «мордасын» алып бару ұят дейді. Шамасы, сайттың тілішісі болса керек, Ксения ЕВДОКИМЕНКО дейтін әріптесіміз оның қолтығынан дым бүркіп сөйлете түседі. Былай да қазақ мәдениетіне түкіріп жүрген біздің кісіміз біреу жел беріп желпілдеткен соң аянып қалсын ба, бүгінгі көрермен біткенді «быдло» деп байлам жасайды. Қазақша жалпақ мағанасында айтсақ, Аюханов үшін бүгінгі көрермен «айуан» көрінеді.
www.russianskz.info сайты қазақты қалайда қағытып қалудың қам-тірілігіне шындап кіріскенге ұқсайды. Аталған сайттың әлгіндей әрекеті Қазақстан мен Белоруссия және Ресей мемлекеттерінің арасындағы Кедендік одақ қызметіне кіріскелі бері тіпті үдеп кетті. Шамасы, ресейлік әріптестеріміз Кремльден астыртын тапсырма алып, Кедендік одақтан кешегі Кеңестік одақты жасаудың амалына біржола бет бұрғандай. Әзірге олар орашолақ ойлайтын орыстың аузымен опырып сөйлемей, қазақты қазақпен мазақ етуде. Ол қазақтар - үшжүз жыл соқалап жүріп орыстың өзі өсірген қазақтар. Аты қазақ, заты - қара орыс. Сондай бір қара орысымыз Болат Аюханов дейтін кісіміз болып шықты. Биші. Балет бишісі. Бөкең шу дегеннен «қазақта би болмаған, қазіргі қазақтың ұлттық биі Чернышеваның Қазақстанға деген сүйсіпеншілігінің нәтижесінде дүниеге келген» деп соқтыртып келеді де, шетелдерге қазақтың «мордасын» алып бару ұят дейді. Шамасы, сайттың тілішісі болса керек, Ксения ЕВДОКИМЕНКО дейтін әріптесіміз оның қолтығынан дым бүркіп сөйлете түседі. Былай да қазақ мәдениетіне түкіріп жүрген біздің кісіміз біреу жел беріп желпілдеткен соң аянып қалсын ба, бүгінгі көрермен біткенді «быдло» деп байлам жасайды. Қазақша жалпақ мағанасында айтсақ, Аюханов үшін бүгінгі көрермен «айуан» көрінеді. Нағыз көреремен, өнерді шын түсініп бағалайтын жұрт Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде өліп қалыпты.
- Біздің ұрпақ орыс мәдениетінің саясында өсіті, - дейді Аяюханов, - тап содан жаманшылық көрген емеспіз. Ал қазір не, орыс тілін пайдаландық, диссертация қорғадық, шетел технолгиясын орыс тілі арқылы игердік, сөйттік де оған «сау бол» дедік. Енді ат жарыс, аламан бәйгеге, киіз үйге қайтып оралып, «міне, біздің ұлттық өнеріміз - осы» деп көрсетуіміз керек екен? Қазақстанның мәдениеті - қазақ ұлтының мордасы емес. Ресейде Плисецкая мен Тарковскийді ешкім еврей демейді ғой. Олар біздің, советтің, орыстары. Мені Ресейде ұлттың тұғырлы тұлғасы деседі, себебі мен орыстың дәстүрлі балет мектебінің шәкіртімін , сол мектептің дәстүрін жалғастырушымын.
- Сіз мәселеге отаншылдық тұрғысынан қарамайды екенсіз... (деп қояды ЕВДОКИМЕНКО біздің ес-ақылынан айрылып, есіп отырған ағамызға)
- Мен,- дейді, - оған Аюханов ағынан жарылып, - «отаншыл», яғни «патриот» деген сөзді жек көремін. Маған даланың ақ селеуі, Алатау мен мал - Отан емес. Мен қай елге керекпін, сол ел менің отаным.
Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден оқуға болады: http://www.russianskz.info/society/1933-o-bydlovatom-zritele-iskusstve-i...
«Абай-ақпарат»