Сайлау БАЙБОСЫН. Кеңестiң заманы қайта келе ме?
Көкшетау қалалық "Степной маяк" және Бурабай (бұрынғы Щучье) аудандық "Луч" газеттерiндегi қазақ ұлтының намысына тиетiн жарияланымдары үшiн бiраз шу көтерiлдi. Соған қатысты жазған мақаламызда айтқанымыз айнымай келдi, газет басшылары мен нөмiрге жауапты журналистер ескертумен ғана құтылыпты. Жарайды, газеттi жауып тастамай-ақ қойсын (екеуi де ресми басылым болып есептеледi), бiрақ редакторларын жұмыстан аластатса, заң жүзiнде ақшалай айыппұл салса, басқаларға сабақ болар едi ғой. Бұрынғы әдет бойынша, сипай қамшылап, қоя салдық. Сосын басынбағанда қайтедi?! Көкшетау облыстық прокуратурасы мен облыстық iшкi саясат басқармасына хабарласқанымызда, осыған көзiмiз жеттi. Осы басқарма бастығының орынбасары Ғалия Әмiржанқызы ескертудi сол оқиға үшiн газет редакторымен бiрге мен де алдым деп отыр. Бұл кiсiнiң айтуынша, даулы жағдайға себеп болған сканворд ресейлiк "Лиза" журналынан алынған екен. (Егер ресейлiк газет-журналдардағы қазақ ұлты жайлы жазылғандарды терiп баса берсек, бұдан да сорақыларына кез болар едiк). Көкшетау қаласының әкiмi М.Батырханов кезiнде облыстағы мемлекеттiк құрылыс-архитектуралық бақылау қызметiн басқарып жүргенде, жеке шаруаммен оның "алдына бару құрметiне" ие болғам. Ұлтқа жаны ашитын адам секiлдi көрiнбеп едi. Қазақты қара есекке терiс мiнгiзсе де, оның "ләм" демесi анық.
Көкшетау қалалық "Степной маяк" және Бурабай (бұрынғы Щучье) аудандық "Луч" газеттерiндегi қазақ ұлтының намысына тиетiн жарияланымдары үшiн бiраз шу көтерiлдi. Соған қатысты жазған мақаламызда айтқанымыз айнымай келдi, газет басшылары мен нөмiрге жауапты журналистер ескертумен ғана құтылыпты. Жарайды, газеттi жауып тастамай-ақ қойсын (екеуi де ресми басылым болып есептеледi), бiрақ редакторларын жұмыстан аластатса, заң жүзiнде ақшалай айыппұл салса, басқаларға сабақ болар едi ғой. Бұрынғы әдет бойынша, сипай қамшылап, қоя салдық. Сосын басынбағанда қайтедi?! Көкшетау облыстық прокуратурасы мен облыстық iшкi саясат басқармасына хабарласқанымызда, осыған көзiмiз жеттi. Осы басқарма бастығының орынбасары Ғалия Әмiржанқызы ескертудi сол оқиға үшiн газет редакторымен бiрге мен де алдым деп отыр. Бұл кiсiнiң айтуынша, даулы жағдайға себеп болған сканворд ресейлiк "Лиза" журналынан алынған екен. (Егер ресейлiк газет-журналдардағы қазақ ұлты жайлы жазылғандарды терiп баса берсек, бұдан да сорақыларына кез болар едiк). Көкшетау қаласының әкiмi М.Батырханов кезiнде облыстағы мемлекеттiк құрылыс-архитектуралық бақылау қызметiн басқарып жүргенде, жеке шаруаммен оның "алдына бару құрметiне" ие болғам. Ұлтқа жаны ашитын адам секiлдi көрiнбеп едi. Қазақты қара есекке терiс мiнгiзсе де, оның "ләм" демесi анық. Бiрақ жергiлiктi қазақтiлдi журналистер, ұлт жанашырлары неге үнсiз қалды екен дейсiң. Дегенмен, оларды да түсiнуге болады. Ел iшiндегi бiрдi-екiлi азаматтар осыны айтпайын десе намысына тиiп, айтайын десе "ұлтшыл" деген атаққа қалады, сосын әкiмдерге "алакөз" болып, "сүтке тиген күшiктiң" кебiн киедi.
Бурабай аудандық iшкi саясат бөлiмiмен хабарласқанымызда, Қымбат атты маман газет редакторының аудан әкiмiнiң орынбасарының алдына шақырылып, "әңгiме өткiзiлгенiн" айтты. Бурабай ауданының әкiмi В.Балахонцев мырзаға бұл мәселенiң керегi шамалы екенi екiбастан белгiлi. Осының бәрiн тәптiштеп отырған себебiмiз, намыссыз екенiмiздi айту, өз елiнде, өз жерiнде диаспора секiлдi күн кешiп, мазақ боп жүргенiмiздi тағы бiр еске салу. Әкiмдер мен мемлекеттiк қызметкерлерге ұлт намысынан гөрi, астарындағы тағы қымбат екенi жөнiнде талай айтылып жүр. Оларды осындай қылып отырған бiздегi жалтақ саясат. Ана жылы естерiңiзде болар, Медведев Ресей президентi болып сайланған соң, бiр журналист бұрынғы президент Путинге мынадай сауал қойды: "Айтыңызшы, Медведев сiздiң ұстанған саяси бағытыңызды әрi қарай жалғастыра ма?". Сонда Путин: "Мен оған сенiмдiмiн, себебi ол да мен секiлдi ұлтшыл",- деп едi ашықтан-ашық. Осындай президенттен айналып кетпейсiң бе? Ал бiз ұлтшыл деген сөзге 37-жылдары қалай үрке қарасақ, әлi де солаймыз. Ұлтын сүйгендер сонау Кенесары заманынан бүгiнгi күнге дейiн әлi қудаланып келедi. Солай болып кететiн де шығар деп ойлайсың. Жаратушы маңдайына Ресей мен Қытай секiлдi екi алыптың арасында күн кешудi жазған қазақ баласы басына күн туғанда: "Қытай - темiр ноқта, басыңды бiр сұқсаң, қайтып алуың қиын, орыс - қайыс ноқта, барып-барып бiр үзiледi" деп орыстың бодандығын таңдаған екен. Данышпан бабалардың айтқаны келiп, "қайыс ноқта" өткен ғасырдың аяғына таман үзiлгендей болып, сәл еркiндiк алып едiк, ендi басымызды сол ноқтаға қайта тықпақшымыз. Бұл жөнiнде (кедендiк одақты айтам) кейiнгi кезде көп жазылып жүргендiктен, тоқтамай-ақ қоялық. Дегенмен кеденге қатысты әңгiменiң барлығы саяси-экономикалық мәселенi қамтиды. Бүгiнде солтүстiктегi тiл жөнiнен, жұмыспен қамтылу жағынан рухани жүдеушiлiк көрiп отырған қазақтың халi ендi не болар екен дейсiң. Себебi ресейлiк серiктестiктер мен компаниялардың Қазақстанға келiп тiркелетiнi, олармен бiрге жұмыс күштерiнiң, қылмыстық топтардың бiрге келетiнi жөнiнде орыстiлдi басылымдардың өздерi жазып жатыр. Бүгiнде Қазақстандағы байлығы шалқып отырған трансұлттық компанияларға жәй жұмысшы болып орналаса алмай жүрген сорлы қазақтың ендi тiптi шетқақпай болуы әбден мүмкiн. Бiздiң қолымызда кезiнде Ресей президентi Путинге Қазақстандағы орыс, казак, славян ұйымдары үйлестiру кеңесiнiң жазған хатының көшiрмесi бар. Хат Ресей президентiнiң "Шет елде жүрген отандастарымыздың Ресей Федерациясына өз ерiктерiмен көшуiне қолғабыс шараларын жасау жөнiндегi" Жарлығынан кейiн жазылса керек. Хаттың негiзгi мәтiнi бiрнеше миллион орысты Ресей жерiне көшiрудiң қажетi жоқ, бiзге қаржылай көмек жасасаңыз, өзiмiз кезiнде жаулап алған жерде тұра берер едiк дейдi. Бұл хаттан бiрер үзiндi: "Казачество, как воинство Христово, должно сыграть решающую роль в возрождений современной Россий. У нас для этого все есть: есть ядерное оружие, которое остановит любые орды хоть с запада, хоть с востока".
"...Страшного ничего нет в том, что опустели некогда обжитые районы Сибири и дальнего Севера. Границы мы закроем на замок казачьими заставами. ... а когда воостановим былую мощь и могущество государствообразующего народа, вернем ему религиозное самосознание, возродим национальные обычаи и культуру, русский народ воскреснет вновь, как богоудерживающая сила".
"...Что получит Россия в случае выезда основной массы русских людей из Казахстана? Через десять лет на месте российско-казахстанских границ будет граница российско-китайская, а Казахстан не будет даже автономной области Китая".
Мiне, бүгiнде әскери форма киiп, қылыш асынып, Ертiс жағалап жүрген казак мырзалардың пiкiрi. Қазақстаннан орыс кетсе, қытай келiп басады екен. Орыс болмасақ, бәрiбiр қытай болады екенбiз. "Қайда барсаң - Қорқыттың" көрi дегенiң керi. Бiр айта кетерлiгi, талай жылдардан берi Лениннiң, Ермактың, тағы басқалардың ескерткiштерiн жоғалтып жiберуге "көздерi қимай", бұрыштан-бұрышқа тығып, көше мен елдiмекен атауларын қазақшалауға қарсы боп жүрген орысы-қазағы бар әкiмқаралар бiздiң тәуелсiздiгiмiзге түбегейлi сенбей келген секiлдi. Түбi күнi кеңестiк заман қайта келедi, сонда керек болар деп жүргендей. Расында да сол заман қайта айналып келе жатқан сияқты. Бiз осыған келiсемiз бе? Әрине, жоқ!
Сайлау БАЙБОСЫН
http://zhasalash.kz/sayasat/4970.html