Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2161 0 пікір 14 Шілде, 2011 сағат 09:15

Әмiрхан Меңдеке. Ойынымыз осылып қап жүрмесiн!

 

ҚЫТАЙ ТIЛIН БАЛАБАҚШАДАН БАСТАП ҮЙРЕТУГЕ, МЕКТЕПТЕ АРНАЙЫ ОҚЫТУҒА ҚҰЛШЫНЫП ОТЫРҒАНДАР КIМДЕР?

ҚР Бiлiм Және Ғылым минaистрi Б.Жұмағұлов мырзаның назарына

 

Сақтана бiлмеген, қорғана алмаған ел не болады? Қор болады. "Қор болғаныңыз" не, жер бетiнен мүлде жойылып, құрып кетедi. Бұ­ған тарих куә.

Дарынды дипломат, қоғам қай­раткерi, көрнектi саясаткер Болатхан Тайжан марқұм айтып едi қатты бiр күйiнгенде: "Алты жастағы ойын баласын мыстан кемпiр алдай ала ма? Әрине, алаңғасар баланы мыстан кемпiрдiң қалаған уақытында әрi қалай болса солай алдайтыны да мәлiм. Дәл сол сияқты, Ресейi бар, Қытайы бар, АҚШ-ы бар, Англиясы мен Австриясы бар, Италиясы мен Франциясы бар, жалпы iшкi саясаты мен сыртқы саясаты мығым елдер бiздiң Қазақстанды арқадан қағып қойып, қалай болса солай алдап соғып жатыр!" деп.

 

ҚЫТАЙ ТIЛIН БАЛАБАҚШАДАН БАСТАП ҮЙРЕТУГЕ, МЕКТЕПТЕ АРНАЙЫ ОҚЫТУҒА ҚҰЛШЫНЫП ОТЫРҒАНДАР КIМДЕР?

ҚР Бiлiм Және Ғылым минaистрi Б.Жұмағұлов мырзаның назарына

 

Сақтана бiлмеген, қорғана алмаған ел не болады? Қор болады. "Қор болғаныңыз" не, жер бетiнен мүлде жойылып, құрып кетедi. Бұ­ған тарих куә.

Дарынды дипломат, қоғам қай­раткерi, көрнектi саясаткер Болатхан Тайжан марқұм айтып едi қатты бiр күйiнгенде: "Алты жастағы ойын баласын мыстан кемпiр алдай ала ма? Әрине, алаңғасар баланы мыстан кемпiрдiң қалаған уақытында әрi қалай болса солай алдайтыны да мәлiм. Дәл сол сияқты, Ресейi бар, Қытайы бар, АҚШ-ы бар, Англиясы мен Австриясы бар, Италиясы мен Франциясы бар, жалпы iшкi саясаты мен сыртқы саясаты мығым елдер бiздiң Қазақстанды арқадан қағып қойып, қалай болса солай алдап соғып жатыр!" деп.

"Алдап жатыр", "алдап соғып жатыр" деп бұл жерде Болатхан марқұм айтып отыр, ал ендi бiздiң iрiлi-ұсақты мемлекеттiк идеологтарымыз "...алданып қалыппыз", "...алдап жатыр екен", "...алдап соғыпты" деп айта ала ма? Ешуақытта айтқан емес және айтпайды да! Бiр ғана мысал. Қазақстанға Ресейдiң 2 мыңнан астам(!) бұқаралық ақпарат құралдары (телеарна, газет, журнал, радио және т.т.) еркiн тарайды. Қазақстанның барша тұрғындары, қаланың тұрғындары да, даланың тұрғындары да ең әуелi Ресейдiң газет-журналдарын оқиды. Қазақстанның газет-журналдарын сонан кейiн ғана қарайды (онда да қолы тисе!). Ертелi-кеш Ресейдiң телеарналарын көредi. Не керек, ойын да, бойын да Ресейдiң телеарналарына қарап түзейдi. Осыдан кейiн Қазақстанда ұлттық идеология, мемлекеттiк идеология, отандық идеология жасау мүмкiн бе? Әрине, мүмкiн емес! Қандай идеология жасамаңыз, мейлi ол идеологияңыздың уығы алтын, керегесi күмiс болсын, ешуақытта орнықпайды. Орныға алмайды. Ресейдiң 2 мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралдары әлгi идеологияңыздың аяғын аспаннан келтiрiп, быт-шытын шығарып, талқандайды да отырады.

Литва, Латвия, Эстония, Украина, Армения, Грузия, Өзбекстан, Тәжiкстан, Молдова, Қырғызстан, Түрiкменстан Ресейдiң БАҚ-тарына тыйым салды: бұл елдерде қазiргi күнi Ресейдiң телеарналары да көрсетiлмейдi, газет-журналдары да таратылмайды. Және бұлар "Ре­сейдiң газет-журналдары ағы­лып келiп, телеарналары еркiн көрсе­тiлiп жатқан кезде бiз өз елiмiзде өзiмiздiң отандық идеологиямызды, төл идеологиямызды жасақтай алмайтынымызға толық көзiмiз жеттi. Сондықтан да Ресейдiң БАҚ-тарының бiздiң елiмiзде таратылуына түбегейлi тыйым салдық!" деп ашық мәлiмдедi.

Мiне, осы елдер жасаған нәрсенi бiзге неге жасауға болмайды?

Құдай-ау, мұны айтасыз, қазiр осыны, яки Ресейдiң БАҚ-тарының Қазақстанда таралуына тыйым сала алмай пұшайман кейiпте отырғанымызды, бұл мәселе жөнiнде ТМД елдерiнiң ең соңында шаң қауып қалған дәрменсiз ахуалымызды бiздiң кейбiр "қайраткерлерiмiз" "бұл - бәсекеден қорықпаушылық, iлгерi ұмтылушылық, прогресс" деп түсiндiре бастады ғой. Нәзiр Төреқұловтың жиi айтатын "тоңқайма түсiндiрме" дегенi де, сiрә, осы болу керек.

Алты жасар ойын баласын мыстан кемпiрдiң қалауынша алдайтынындай Қазақстанды да қалай болса солай алдауға болатынын, Қазақстанның сырт­қы саясатының да, iшкi саясатының да жүйесiз һәм иесiз екенiн (яки, ұлттық мүдденiң ескерiлмейтiнiн және есепке алынбайтынын!) жақсы бiлетiн Қытай соңғы кездерi өздерiнiң қимылын үдете түскендей. Мiне, бiздiң алдымызда 12 оқулық жатыр. Мұның бәрi - "Қытай тiлi" оқулығы. Бұл оқу құралдарының бәрi де Қытайдан, Шыңжаң оқу-ағарту баспасынан жарық көрген. Бұл оқулықтардың баршасы да қазақ оқушыларына, қазақ оқушысы болғанда да Қазақстандағы қазақ оқушыларына арналған. Сондықтан да бұл оқулықтар қазақша әрi кириллица харпiмен (араб харпiмен емес!) жазыл­ған. Мәселен, балабақшаға арнал­ған "Қытай тiлiнiң" алғысөзiнде: "Балабақшаға арналған "Қытай тiлi" - Қазақстандағы 5-7 жастағы балалар үшiн арнайы құрастырылған оқулық. Бұл оқулық қазақ балаларының жанды суреттер арқылы, қарапайым сөз-сөй­лемдер арқылы, қызықты ойын қимылдары арқылы олардың кiшкентайынан бастап қытай тiлi жөнiнде алғашқы танымы мен әуестiгiн қалыптастырып, қытай тiлiн үйренулерi үшiн негiз қалауына пайдасын тигiзедi" деп ашық жазылған.

Бесiншi сыныпқа арналған "Қытай тiлi" оқулығының алғысөзiнде былай деп жазылыпты: "Бұл оқулық Қазақстанның орта мектебiнiң 5-сынып оқушыларына арналған. Оқулыққа бөлiнетiн сағат санын Қазақстан орта мектептерiнiң шет тiлiн оқыту сағатымен сәйкестендiрдiк". Осы "сәйкес­тен­дiрдiк" деген сөзден ерiксiз секем алдық. Сонда қалай? Бұлар қазақша "Қытай тiлi" оқулығын жазу үшiн Қазақстанмен келiсiп алған болды ғой? Әйтпесе, қалай "сәйкестендiредi"?

Тек бесiншi сыныпқа қана емес, 9-сыныпқа, 10-сыныпқа, 11-сыныпқа арнал­ған "Қытай тiлi" оқулықтарының да алғысөздерiн оқып шықтық. Бәрiнде де осылай: "...сәйкестендiрдiк". Бұл қазақша оқулықтардың барлығы да 2,5 мың - 3 мың данамен жарық көрген. Оның үстiне, кейбiр оқулықтардың алғысөзiнде "Оқулықты жазу барысында қолдау көрсеткен қазақстандық ұстаздарға алғыс айтамыз" дейдi. Рас, қазақстандық ұстаздардың аты-жөнi көрсетiлмеген. Оқулықтардың жазылуына қазақстандық ұстаздар атсалысса және оқулықтар Қазақстанның оқу бағдарламасына сәйкестендiре жасалса, демек қытайлықтар бұл оқу құралдарын Қазақстанның келiсiмi­мен шығарып отырған болды ғой? Әйтпесе, қыруар қаржыны желге ұшырып, Қытай бекерден бекерге оқулық шығара қоймайды.

Өзiмiздiң зерттеп бiлуiмiзше, дәл қазiр Қазақстанның мектептерiнде "Қытай тiлi" оқулықтары оқытылмайды. Бiрақ кейбiр мамандардың айтуына қарағанда, Қытай мен Қазақстанның арасында осы мәселе жөнiнде ("Қытай тiлi" оқулықтарын Қазақстан мектепте­рiнде оқыту жөнiнде!) өзара әңгiме бол­ған сияқты. Рас, бұл жерде әңгi­ме­нi бастаған Қытай көрiнедi. Ал Қа­зақ­стан Қытайға үзiлдi-кесiлдi "жоқ!" демегеннен кейiн, Қытай жағы оқулықтарды бұрқыратып шығарып жатқанға ұқсайды. Осыған қарағанда Қытай жағы өз айтқандарының түптiң түбiнде орындалатынына сенiмдi де сияқты.

Айтпақшы, осыдан екi апта бұрын Қытайдың Шыңжаңынан Алматыға мәдени сапармен арнайы қонақтар келiптi. Бұл қонақтар жоғарыда бiз сөз еткен оқулықтарды Алматыдағы №48 орта мектепке тарту еткен...

 

****

Бiз қытай тiлiн оқып-үйренуге қарсы емеспiз. Бiрақ әр нәрсенiң жөнi бар. Қазақстанда қытай тiлiн балабақшада, мектептерде оқытудың еш жөнi жоқ деп бiлемiз.

Ахмет Байтұрсыновқа сүйенсек, қазақтың баласы ең әуелi қазақтың тiлiн бойына әбден сiңiруi керек, шет тiлiн үйретудi тек содан кейiн ғана (12-13 жастан әрмен қарай) қолға алған жөн. Ал бiзде ше? Орыс тiлiн де балабақшадан, ағылшын тiлiн де балабақшадан бастаймыз. Ендi қытай тiлiн де балабақшадан бастасақ, немiз қалады?!

"Қытай тiлi" дегеннен шығады, бiздiң дәл осы оқулықтар жөнiнде Бiлiм және ғылым   министрлiгiне қояр сауал­дарымыз бар: Қытайдағы Шыңжаң оқу-ағарту баспасы Қазақстан мек­теп­терiнiң 1-11 сыныптарына, қазақ балабақшаларына арналған оқулықтарды неге мол тиражбен 2010 жылдан бермен қарай бұрқыратып шығарып жатыр? Осы оқу құралдарының алғы­сөзiндегi "Бұл оқулық Қазақстанның орта мектебiнiң 5-сынып (не болмаса 9-сынып, 10-сынып, 11-сынып...) оқушыларына арналған. Оқулыққа бөлiнетiн сағат санын Қазақстанның орта мектептерiнiң шет тiлiн оқыту сағатымен сәйкестендiрдiк...Оқулықты жазу барысында қолдау көрсеткен қазақстандық ұстаздарға алғыс айтамыз" дегендi қалай түсiндiресiздер? Қытайдан Алматыға келген ресми өкiлдiң жоғарыдағы оқулықтарды қазақ мектебiне тарту етуiнде нендей сыр бар? Жалпы, "Қытай тiлi" оқулықтарын Қазақстан мектептерiнде оқыту жөнiнде екi мемлекеттiң арасында қашан және қандай әңгiме болды? Осы жөнiнде аталмыш министрлiк газе­тiмiзге жауап берер деген үмiттемiз.

****

Қазақстандағы бастауыш мектеп­тердiң 1-сыныбына арналған жоғарыдағы "Қытай тiлi" оқулығында "Менiң атым Луң Луң" деген шағын суреттi ойын-әңгiме бар. Осы әңгiме­дегi Луң Луң деген қытай баласы - сондай сүйкiмдi, сондай тартымды, сондай...

"Ойын-әңгiме ғой. Онда тұрған не бар?" деуiңiз де мүмкiн. Ойынымыз осылып қап жүрмесiн, бiздiң орыстануымыз да әуелгiде дәл осындай суреттi кiтапшалардағы Володя, Саша, Даша, Маша, Шура деген сүйкiмдi ұл-қыздарды әспеттеуден бас­талмап па едi?!

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560