"Әскери қызмет туралы" заң өзгертілген соң, олар баспана алу құқығынан айрылды. Қорғаныс министрлігі отставкадағы қызметкерлерге арзан ипотека ұсынып отыр. Бірақ әскер қызметкерлері мұндай үйде тұрудан бас тартты. Ұсынылған үй 1970-жылдары салынған.
Митингке елдің түрлі аймақтарынан жүзге жуық адам жиналды.
"Мен президент Тоқаевтан зейнеттегі әскер қызметкерлеріне баспана орнына өтемақы төлеуін сұраймын", - деді митингке қатысушылардың бірі Қайрат Жүндібаев.
Адвокат Айман Омарованың айтуынша, мәселені шешу үшін 18 млрд теңге қажет. Оның мәліметі бойынша, Қорғаныс министрлігі биыл 47 миллиард теңгені игермеген. Бірақ министрліктегілер бұл ақша қару-жарақ алуға бөлінгенін айтып отыр.
"Бізде барлығын баспанамен қамту жауапкершілігі жоқ. Біз міндеттеріміздің барлығын орындап отырмыз", - деді қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев.
Abai.kz