Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 8769 25 пікір 7 Тамыз, 2019 сағат 12:13

Қытайдың мұсылмандарға қарсы саясатын Өзбекстан да қолдады

Өткен айда БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңсесіне Қытайдағы адам құқығы мәселесіне байланысты екі хат келіп түскен. Оның бірінде 22 елдің БҰҰ-дағы елшілері Шыңжаңдағы діни азшылықтарға жасалып жатқан қысымды тоқтатуды талап етіп, Қытайдың саясатын айыптаған. Ал екіншісінде 37 елдің Женевада тұрақты тұратын бас елшілері Пекиннің Шыңжаңдағы саясатын қолдайтынын мәлімдеген.

2017 жылдың көктемінен бері Қытайдың Шыңжаң аймағындағы лагерьлер мәселесі халықаралық деңгейде талқылануда. Мұны біреулер қолдаса, тағы біреулер айыптап жатыр. Бұны жоғардағы мәліметтен анық аңғаруға болады. Қытай саясатын қолдаушылар да, айыптаушылар да Шыңжаң өңіріндегі жергілікті халықтың құқығынан гөрі, өздерінің мүддесі үшін жұмыс істеп жатқанын ескерсек, бұл санды мәліметтер әлі талай өзгерері сөзсіз.

Біз айтып отырған, 37 елдің өкілі қол қойған хатта Шыңжаңда барлық этникалық топтардың негізгі құқықтары сақталатыны, Пекин әрекетінің арқасында "аймақтағы жағдайдың қауіпсіз бола бастағаны", соңғы үш жылда мұнда террористік шабуыл болмағаны айтылады. Хат авторлары бұған қоса Шыңжаң тұрғындарының "бақытты әрі тату-тәтті өмір сүріп жатқанын" атап өткен.

Сонымен қатар, бас елшілер бірлескен хатта Қытайдың халықты өзек еткен даму идеясына табанды болып, даму арқылы адамдық құқықты қорғауды ілгерлетіп, адамдық құқық істерінде зор жетістікке қол жеткізгенін, халықаралық адамдық құқық істеріне үлкен үлес қосқанын мадақтаған.

Хатқа қол қойған елдер арасында Сауд Арабиясы, Ресей, Солтүстік Корея, Венесуэла, Куба, Беларусь, Мьянма, Филиппин, Сирия, Пәкістан, Оман, Кувейт, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн бар болатын.

Ал Қытайды айыптаған 22 елдің хатының мазмұны мүлде бөлек. Олар Қытайдан Шыңжаңдағы діни азшылықтарға жасалып жатқан қысымды тоқтатуды талап етіп, хат жазған болатын. Ол хатта Қытайдың аз ұлттарға соның ішінде ұйғыр, қазақ, қырғыз және өзге этникалық топтарға жасап отырғанын қысымын айыптаған болатын.

8 шілдеде жазылған хатқа Австралия, Ұлыбритания, Канада, Франция, Германия, Жапония, Швейцария және басқа да ЕО елдерінің елшілері қол қойған.

Бұған қоса, жақында ғана Қытайдың сыртқы істер министрлігі Шыңжаңдағы саясатты қолдайтын 50 елдің тізімін жариялап отыр. Бұл тізімде аты аталған елдер Шыңжаңдағы адамдық құқық істерінің даму жетістіктерін, лаңкестікке қарсы тұру мен радикализмді аластау нәтижелерін жоғара бағалаған. Әрі ресми Пекиннің Шыңжаңға қатысты мәселелердегі майданын қолдаған.

Бұл тізімде, біз жоғарда жазған Оман, Кувейт, Катар, БАӘ, Бахрейн, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Сирия сынды мұсылман елдерінен бөлек, Ресей, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан секілді жақын көршілеріміз де бар екен.

Abai.kz

25 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377