Сенбі, 23 Қараша 2024
Әңгіме 3652 3 пікір 7 Тамыз, 2019 сағат 14:16

Ұлттық банк валюта айырбастау тәртібіне өзгерістер енгізбекші

ҚР Ұлттық банкі елімізде валюта айырбастау тәртібіне өзгерістер енгізуді көздеп отыр. Бұл туралы «Қазақстан Республикасы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулының жобасында көрсетілген. 

Ол бойынша, ақша айырбастау орындарында әрбір операция кезінде тізілімдер журналына клиенттің аты-жөні, тегі, әкесінің аты, ЖСН-і, заңды мекен-жайы толықтай жазылып алынатын болады.

Оған қоса, жаңартылған қағида жобасында айырбастау бекеттерінің жұмыс режимі мен айырбасталатын қаражат лимитіне қатысты талаптар жазылған. Оған сәйкес, валюта айырбастау ұйымдары Ұлттық банк белгілеген уақытпен сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істеуі тиіс. Бас банктің қаулысы қабылданғаннан кейін ресми түрде жарияланып, келер жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қолданылады.

Сонымен қатар, қаржы нарығын реттеуші бір адамға 500 мың теңгеден аса ақша айырбастауға немесе сатуға рұқсат етпейді.

Бұл құжат 16 тамызға дейін қоғам талқысына түседі.

Бірақ, бұл бастама бірден көпшіліктің наразылығына ұшырап жатыр. Көп санды адамның пікірінше, бұлай істеу валюта айырбастау тәртібін мүлде қиындатып жібереді.

Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры Әкімжан Арупов КТК телеарнасына берген сұхбатында бұл бастаманың шикі тұстары көп екенін айтыпты.

- Аяқ астынан бір адам валюта айырбастағысы келсе, амалын табады. Бұл жерде валюта айырбастау пункттерінің жұмыс уақытын шектеу арқылы көлеңкелі бизнеске жол ашамыз. Себебі, ақшаны жасырын, қолма-қол сататындардың саудасы қызады. Оған қоса, валютаны бір алғанда, сауда 500 мың теңгеден аспауы керек деген де күлкілі. Сонда құны 1500 доллардан асатын жылжымайтын мүлікті сатқандар не істемек?, - дейді экономис.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381