Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
4175 0 пікір 8 Тамыз, 2019 сағат 10:10

Мемлекет басшысы Президент кубогының ашылу салтанатына қатысты

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің хоккейден 10-шы мерейтойлық кубогының ашылу салтанатына қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кубогі үшін хоккейден 10-шы халықаралық турнирдің ашылу салтанатына қатысты. Аталған спорт додасы 7-11 тамыз аралығында «Барыс Арена» мұз айдыны сарайында өтеді.

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін Мемлекет басшысы «Барыс» және «Ак Барс» клубтары арасындағы ойынды тамашалады.

Қазақстан Республикасы Президентінің кубогі – 2010 жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласында өткізілетін жыл сайынғы маусым алдындағы шайбалы хоккей турнирі. Биылғы турнирге елордалық «Барыс» командасы мен қазандық «Ак Барстан» бөлек Ресей Федерациясынан – «Автомобилист» (Екатеринбург), «Нефтехимик» (Нижнекамск) және «Салават Юлаев» (Уфа) клубтары қатысуда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 478
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1758
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 445
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 421