Сенбі, 23 Қараша 2024
Сұхбат 4675 0 пікір 8 Тамыз, 2019 сағат 13:41

Мұханбет Шайжанов: «Сапалы білім мен саналы тәрбие ордасы»

Әдеттегідей жаз мезгілінде  орта мектеп бітірген түлектер үшін күрделі таңдау туады.  Көбі шетелде білім алуға құштар. Алайда, отандық жоғары отқу  ордалары да лайықты  білім бере алатындығымен санасуға тиіспіз.  Осы орайда, Қазақстандағы  қаржы саласы  бойынша  жоғары білім берудің  жаңа мүмкіндіктерінің жай-жапсары туралы әңгіме өрбіткен едік. Біздің сұхбаттасымыз - Елордадағы «Қаржы академиясы» АҚ ректоры міндетін атқарушы, профессор Мұқанбет Шайжанов.

- Мұқанбет Қалиұлы, Қаржы академиясы туралы анығырақ мәлімет бере отырсаңыз. Себебі, ел астанасында жоғары білім беретін оқу орындары санаулы болғанымен, жұрт оның әрбірін соншалықты толық біле бермейді. Қазақстанның жоғары білім беру  үдерісінде Сіз қызмет ететін оқу ордасы қашаннан бері қызмет  етіп келеді?

- Қаржы академиясының жаопы тарихы жарты ғасырлық мерзімді құрайды. Академияның негізін 1965 жылы құрылған Қазақ КСР-ның Целиноград қаржы-экономикалық техникумы қалаған. Елу жыл ішінде Академия өз атын бірнеше рет өзгерткен, бірақ оның түлектері әрқашанда еңбек нарығында сұранысқа ие болған. 2009 жылы әлем ауқымды қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарын бастан кешіп жатқанда Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімімен жаңа типті мамандандырылған жоғары оқу орны құрылды. Бүл - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы Қаржы академиясы.

Жоғары оқу орнының басты міндетінің өзі халықаралық стандарттар деңгейде қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, экономика, менеджмент және ақпараттарық жүйелер саласында білікті мамандарды даярлау.

Академия түлектері қоғам өмірінің шұғыл өзгерістері мен жаңашылдықтарына жедел икемделуге,  қаржылық  есептеудің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) және аудиттің халықаралық стандарттарына (АХС) сай болу қажеттілігі туындады.

Олардың кәсіби құзыреттілігі тек бухгалтерлік балансты құрудаң ғана емес, тәуекелдерді болжау үтқырлық қабілеттілікті де талап етті. Бұл жағдайда біз тәуекелділік  сөзін кең мағынасында айтып отырмыз. Яғни, тек жергілікті немесе жекелеген компанияда ғана емес, жалпы әлемдік экономика алдындағы проблемалар тұрғысынан келіп отырмыз.

2016 жылы Ұлттық бизнес-рейтинг нәтижелері бойынша Академиямыз  аталмыш саланың Ұлттық көшбасшысы болып мойындалды, «Кәсіби жетістіктері үшін» және «Leader of the branch» медальдерімен марапатталды, «Экономика мақтанышы» ордені және «Employee of the year» ұлттық сертификатына қол жеткізді.

Бүгінгі таңда біз еліміздің ең үздік қаржы жоғары оқу орындары арасындағы ТОП-10 рейтингіне кіріп отырған жайымыз бар.

- Жастарға сапалы жоғары білім беру тұрғысынан келгенде, Қаржы академиясы қандай тың жаңалықтар мен ұтқыр қадамдар жасап отыр?

- Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қаржы академиясы аталмыш сала бойынша бейімделген еліміздегі бірден бір мемлекеттік жоғары оқу орны. Бүгінгі таңда Академия барлық білім беру деңгейде сатылап, толық оқыту циклын жүргізуде. Атап айтқанда, колледж, бакалавриат, магистратура, докторантура.

Академия мамандарды есеп және аудит, менеджмент, кедендік және салықтық ісі, ақпараттық технологиялар, мемлекеттік сатып алу, бизнес журналистика және басқа бағыттар бойынша мемлекеттік және жекеменшік қаржы-экономикалық сектор үшін дайындайды.

Академия құрамында  ҚР Қаржы Министрлігінен оқу бағдарламалары бойынша аккредитация алған біліктілікті жетілдіру орталығы жұмыс істейді.

Банктер, ұлттық компаниялар, - ал кейбіреулері шетелдік капиталмен, - министрліктер – барлық жерлерде Қаржы академиясының түлектері зор сұранысқа ие. Алайда мұның барлығының мүмкіндікке ие болғаны, біз жоғары қаржы білімі дипломынан басқа сан қырлы сапалы білім мен саналы тәрбие  беретіндігімізді ерекше атап айту ләзім.

- Нақтылап айтқанда қалай түсінуге болады?

- Бүгін қаржыгер, экономист, бухгалтерлік  дипломның болғаны мәселені түбегейлі шешпейді. Яғни, жұмысқа қабылдағанда ешқандай артықшылық берілмейді. Әсіресе, қаржы жүйесінде. Бұл саладағы еңбек нарығында  бәсеке жоғары деңгейде. Тұтынушылар, жеке алғанда, жекеменшіктер, шетел, квазимемлекеттік (ұлттық) компаниялар және мемлекеттік қызметтің кейбір мекемелері жұмыс іздеушілерге қойған талаптар қатарына халықаралық CIMA немесе ACCA үлгідегі сертификаттардың  болғанын қалайды.  Тіпті тәжірибелік дәрежесі болған күнде де жоғары оқу орны түлегі де уақыт пен қаражатты қайта даярлауға және сертификат алуға жұмсауына тура келеді.  Ал, Қаржы академиясында CIMA оқу пәндері бойынша сертификатталған емтихандарды сәтті тапсырған жағдайда бакалавр дипломымен қатар CIMA сертификатын алуға мүмкіндік бар.

- Қалайша? Менің білгенімше, жоғары оқу орындарының типтік бағдарламалары бұл ұйымдардың шарттарын қоспайды ғой...

- Бұған біз оқу жоспарларын Лондондағы Chartered Institute of Management Accountants (CIMA) бас офисімен бірігіп жүргізген сәйкестендіру бойынша атқарылған ірі жұмыстарымыз септігін тигізіп отыр. Біз білім беру бағдарламаларына осы халықаралық ұйымнан алған оқу модульдерді еңгіздік, академияның білім беру бағдарламаларың (CIMA) халықаралық талаптарына бейімдедік. Енді біздің студенттер қажетті кредиттер көлеміне қол жеткізіп, бакалавриаттың екінші курсынан бастап CIMA оқу модульдерін өтуге құқық алады, ал соңынан емтихан тапсыруға жіберіледі.

Сертификатталған емтиханнан өтіп және сәтті аттестатталған біздің түлек әдеттегі дипломмен қатар халықаралық дипломға да  ие болады, сол арқылы  біздің түлектің Қазақстанның еңбек нарығында ғана емес, шетелде де бәсекеге қабілеттілігін елеулі жоғарылатады.

Академияны бітіріп және CIMA оқу пәндері бойынша емтихан тапсырып, біздің түлек автоматты түрде халықаралық деректер қорына түседі, және еңбек нарығында қаржы директоры және кәсіби бухгалтер қатарында бәсекеге абыроймен қатыса алады.

Біздің академия білім беру үрдісін тәжірибеге бағыттаудағы амалдарын барынша жетілдіреді. Біз түлектеріміз жұмысқа орналасқанда бейімделу мерзімін қысқартып компания немесе мекеменің қызметіне тікелей кірісіп кетуіне жағдай жасаймыз.

-Білім беру интеграциясы дегенді жиі еститін болдық. Сіздің  академияда осы үрдістің іске асыру ерекшеліктері қандай?

-Одақтық еңбек нарығында мамандар мен басқарушыларға мұқтаждық бар. Олай болса,  бүгінгі таңдағы баымдықтың бірі – адамдық капиталды жетілдіру жүйесін құру. Мұнда кәсіби білім беру жүйесін жетілдірумен қатар жоғары оқу орындары түлектерін Одақ елдерінің экономикалық жүйесіне және Еуразия экономикалық одақ елдерінің еңбек нарығына интеграциялауға аудару қажет болып отыр.

Біздің академияға түскен студент бірінші семестрді аяқтап және емтихан сессиясын сәтті тасырып, академиялық ұтқырылық бағдарлама аясында Вознесенский атындағы Санкт-Петербургтік мемлекеттік экономикалық университетіне (СПбМЭУ) баруға мүмкіндік алады, яғни, атақты «ФинЭкке».

Академияның білім беру бағдарламалары СПбМЭУ, РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университеті бағдарламаларымен сәйкестірілген. 2017 жылдың шілдесінде Санкт-Петербургтегі Халықаралық қаржы конгресінде Еуразиялық Желілік Қаржы Институтын (ЕЖҚИ) құру және әрекет жасау туралы Келісімге қол қойылған. ЕЖҚИ құрылтайшылары болып ЕАЭҚ елдері–қатысушыларының жоғары оқу орындары табылады, олардың ішінде РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университеті, Санкт-Петербургтік мемлекеттік экономикалық университеті, Қырғыз-Ресейлік Славяндық Университеті және «Қаржы академиясы» АҚ Президенті Н.А.Коржова басқаратын ҚР Қаржы Министрлігінің «Қаржы академиясы» АҚ.

ЕЖҚИ Еуразиялық экономикалық одақ елдері жетекші жоғары оқу орындарының ғылым және тәжірибе квинтэссенциасы.

Осылайша, Қаржы академиясының түлегі ЖОО-серіктестердің білім беру бағдарламаларын аяқтай алады. Біздің түлек Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі компаниялармен сұранысқа ие болады, бұл оның лауазымдық  және жұмысқа орналасуына қосымша плюс болады. Сонымен қатар, бакалавриатты бітірген соң біз СПбМЭУ магистратурасында біріккен өсуіне, білім беру бағдарламаларымен оқуына берілетін зор мүмкіндік.

Біздің студенттеріміздің қатарында басқа мемлекеттердің азаматтары бар. Қазір біз алға білім беру қызметін сыртқа шығару міндетін қойып отырмыз. Академия біріккен білім беру бағдарламалар саласында Тәжік мемлекеттік қаржы-экономикалық университетімен ынтымақтастық туралы келісімге отырды.

-Ал алыс шетелдегі жоғары оқу орнында екінші диплом алу мүмкіндігі қандай?

- Бізде Geneva Business School–мен үш біріккен бағдарлама бар. Бұл Швейцариядағы бизнес және экономика саласындағы ең абыройлы жоғары оқу орындарының бірі. Қаржы академияның магистратурасына түсіп, студент сонымен қатар Geneva Business School–ға қабылданылады. Бұл жағдайда ол шетелдік білім алады.

Кестеге сәйкес Швейцарияның профессорлары бізге келіп, сабақтар жүргізеді. Екі жоғары оқу орындарында магистратураны қатар бітіріп, магистр экономика ғылымдарының магистрі дипломын және Master of Business Administration (MBA) дипломын алады.

- Сіз Қаржы академиясында докторантурадан өту мүмкіндігі туралы атап кеттіңіз...

- Ондай мүмкіндік бар. Біздің академия және басқа жоғары оқу орындары магистратураларының түлектері докторантурадағы «Қаржы және қаржы талдау» мен «Экономика» білім беру бағдарламаларына түсе алады. Докторантурада оқып және диссертациясын қорғап, біздің докторант PhD деген дәрежесін алады. Айтарлықтай, Қаржы академия Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 мамырдағы №464 Білім және ғылым саласында бақылау Комитеті төрағасының бұйрығына сай жоғарыда аталған білім беру бағдарламалары бойынша Диссертациялық кеңес бар.

- Талапкерлерге оралайық. Көп ата-аналар жоғары оқу орның таңдағанда әскери кафедраның болуы немесе болмауына жіті  назар аударады...

-Бізде әскери кафедра бар. Ерекше айтатыны, бұл біздің академияның тағы бір артықшылығымыз, оны білім беру грант негізінде тәмамдауға болады. Қаржы академия мына мамандықтар бойынша оқытады: «Қаржы қамтылуы» және «Жалпыәскерлік пен тылдық қамтылуды ұйымдастыру». Бұл мамандықтардың түлектері әскери қаржыгер лауазымында жұмыс атқаруға құқылы. Биылғы жылы Қорғаныс Министрлігі Қаржы академиясына «Қаржы қамтылуы» және «Жалпыәскерлік пен тылдық қамтылуды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша 75 грант бөлді. Оқу бірінші курстан кейін басталады. Оқу аяқталған соң студентке (бітірушіге) «лейтенант» деген атақ беріледі.

- Қаржы академиясының кадрлық әулеуеті қандай?

- Біз профессорлық-оқытушылар құрамын лайықты бағалаймыз. Біздің оқытушылар қатарында экономика және қаржы, бюджеттік жоспарлау, кедендік ісі, бухгалтерлік есеп салаларындағы ҚР Қаржы Министрлігінің тәжірибедегі мамандар бар. Олардың көбі еліміздің маңызды министрліктерінде жоғары және орта тарапта басшылық лауазымдары бар, тәжірибелі мамандар.  Бұл да біздің студенттерге ҚР Қаржы Министрлігінде, комитеттер мен басқармаларында, ұлттық компанияларында, жергілікті билік пен басқару органдарында өндірістік тәжірибеден өтулеріне мүмкіндік береді.

Айдана Айтуғанова,

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408