Нұрлыбай Қошаманұлы. Қытайландыру Ақтөбеде басталды
Билік басында отырған космополиттер қоғамдық пікірдің басым бөлігі қаншама қарсылық білдірсе де белден басып «үш тұғырлы тіл» дегенді санамызға сіңіріп жатырғандары аз болғандай енді қытай тілін үйретуді бастады. Біз кезінде осылай кете беретін болса, таяу уақытта билік басында отырған космополиттер: «төрт тіл, төрт құбылаң» - дегенді тағы да ойлап тауып, халықты қытай тілін үйренуге шақырулары да мүмкін екенін айтқан едік. Бұл күдігіміздің бекер еместігі расталды.
Маусым айында Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты жанынан «Конфуций институтының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл ұйғарым 2010 жылдың 1 желтоқсанында Қытай тілі Кеңсесі (Ханьбань) мен Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты әкімшілігі арасында әлдеқашан келісіліп қойылыпты. Кіріспе сөз Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры - Ғ.Ж.Нұрышев сөзімен ашылып, бұған Ақтөбе облысының әкімі Е.Н.Сағындықовтың жәнеҚытай елшісінің Бас кеңесшісі - Чэн Хоңгаңның құттықтауымен құпталды. Қазақстанда алғаш «Конфуций институтын» құру туралы келісім-шартқа 2006 жылы 20 желтоқсанда ҚР-сының Президенті Н.Назарбаев Пекинге барған сапары барысында қол қойыпты.
Билік басында отырған космополиттер қоғамдық пікірдің басым бөлігі қаншама қарсылық білдірсе де белден басып «үш тұғырлы тіл» дегенді санамызға сіңіріп жатырғандары аз болғандай енді қытай тілін үйретуді бастады. Біз кезінде осылай кете беретін болса, таяу уақытта билік басында отырған космополиттер: «төрт тіл, төрт құбылаң» - дегенді тағы да ойлап тауып, халықты қытай тілін үйренуге шақырулары да мүмкін екенін айтқан едік. Бұл күдігіміздің бекер еместігі расталды.
Маусым айында Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты жанынан «Конфуций институтының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл ұйғарым 2010 жылдың 1 желтоқсанында Қытай тілі Кеңсесі (Ханьбань) мен Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты әкімшілігі арасында әлдеқашан келісіліп қойылыпты. Кіріспе сөз Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры - Ғ.Ж.Нұрышев сөзімен ашылып, бұған Ақтөбе облысының әкімі Е.Н.Сағындықовтың жәнеҚытай елшісінің Бас кеңесшісі - Чэн Хоңгаңның құттықтауымен құпталды. Қазақстанда алғаш «Конфуций институтын» құру туралы келісім-шартқа 2006 жылы 20 желтоқсанда ҚР-сының Президенті Н.Назарбаев Пекинге барған сапары барысында қол қойыпты.
«Конфуций институтының» мақсаты: «Қазақстан мен Қытай арасында білім-ғылым бағытындағы ынтымақтастықты дамыту, қытай тілін үйрету, қытай мәдениеті мен әлеуметтік өмірі, экономикасы туралы ақпараттар беру, екі елдің достық қарым-қатынасын нығайту, тыңдаушыларды қытай тілі мен емтихандарын тапсыруға дайындау, емтихан өткізу. Негізгі оқыту қазақтарды қытай тілін білу дәрежесіне қарай бастауыш, орта, жоғарғы деңгейге бөліп оқыту. Қытай тілін меңгеру деңгейіне қарай (НСК, ВСТ, ҮСТ) бара-бара дайындық курстарын ашу. Қытай тіліне баулу үшін Қытай еліне тілдік саяхаттар ұйымдастыру. Қытайдың экономикасы мен мәдениетін сұғына оқып, Қазақстанда тарату және уағыздау. Барлық курстардан жақсы өткен соң тыңдаушыға әлемдік деңгейде «қытай тілін меңгерген маман» деген куәлік беріледі» т.б екен.
Бұл тізгендеріміздің барлығы жоғарғы оқу орындары аясында қалса ғой, жоқ олай емес екен. Қытай өз қызметі шеңгелін орта мектептерге де енгізуді көздепті. «Конфуций институтының» басты қызметінің біріне: «мектеп оқушыларына қытай тілін меңгеру деңгейін тексеру емтихандарын» ұйымдастыру еніпті. Тілді анықтау емтиханы «ауызша және жазбаша түрде жүреді». Бұл жаппай тілі шығып үлгермеген бүлдіршіндерімізді қытайландырудың бастамасы. Не керек үлкені бар, кішісі бар кез келген қытай тілін меңгергендерге Қытай тілі Кеңсесінің (Ханьбань) келісімімен куәлік беріліп, Қытай елінде оқу гранттары табысталады.
Орыс, ағылшын тілдерінің аясында әбден әлсіреген қазақ тілінің орнына енді қытай тілдерін оқыта бастасақ, таяу болашақта өзімізді айдаҺардың аузына салып, түпкілікті жұтқызуымыз мүмкін. Қытайдың жоғарғы оқу орындарында былтырдың өзінде қазақтың 200-дей студенті қытай тілі мамндығына оқып шыққаны белгілі болып отыр. Бұл сан жылдан жылға көбейуде. «Конфуций институты» бұл бағытта «қосымша қысқа мерзімді оқыту курстарын ашуды көздеген». Қазірдің өзінде Ақтөбеде қытай тілінен дәріс беретін курстар ашылып, қытай тілін үйренуге шақырған хабарландырулар көбейуде. Қытай тілін оқыту курстарының жаппай жұмыс жасауының қаншалықты заңға томпақтығын тексеріп, онымен айналысып жатырған жергілікті «Қазақ тілі» қоғамы, ішкі саясат департаменті, құқық қорғау органдары да жоқ. Қытай тілінің жаппай үйретілуі бара-бара барлық жерде қытайдың мәдени-қоғамдық ұйымдарының ашылуына әкеледі. Бұл біздің елімізде қытай ұлтының бір күндері үлкен диаспораға айналуына әкелетін және Қазақстанды қытайландырудың алғы шартының бірі. Себебі, «қытай диаспорасының» көбейуі бара-бара қытай тілін білу «қажеттілігіне» алып келеді. Қытай қазірдің өзінде біздегі билік өкілдерінің сатылуымен осы басты екі бағытты жүзеге асыруға шындап кірісті және істері нәтижесіз емес те. Бір сөзбен айтқанда Қазақстанды қытайландырудың қарекеті мемлекет тарапынан Ақтөбеде ресми түрде осылай құпталды.
Біз мынаны қатты ескергеніміз жөн. Егер біздер «жоғары айтты болды, бәрі дұрыс» екен деп назар аудармасақ, осының барлығы ертең қытай тілін үйренген қазақтарымыздың тұрақты кәсібіне айналып, қытай қазаққа тіл үйретуді өз қазағымыздың қолымен іске асыра бастайды. Бір кезде «біздің басымызды біріктіретін орыс тілі» деген үндеумен орыс тілі де осылай қазаққа орыс тілін кәсіп еткен мұғалім қазақтардың оқытуымен түпкілікті таңылғанын неге ұмытамыз. Қит етсе ойбай, сен үндеме, бізге тыныштық керек, бізде бәрі жақсы, бәрінің бары жақсыдеп, біреумен қорқытып екінші жақты үндетпей, қытайдың жымысқы саясатының құрығында кетіп бара жатырған қазіргі биліктің үлкен сөздеріне илануды доғарумыз керек. Қытай тіліне үйрету қазағымызға үлкен қауіп әкелетінін түсінетін уақыт келді. Мемлекетінің қауіпсіздігін ойлағанМалайзия мен Индонезия үкіметтері қытайдың ішке енудегі барлық жымысқы істеріне заңмен тиым салып отыр. Оларға адам құқықтарын шектеп жатырсыңдар деп жатырған бір де бір мемлекет жоқ.
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты жанынан ашылған «Конфуций институты» орталығы қазірдің өзінде жарнамаларын үдетіп, өздерінің байланыс телефондарын беріп халықты оқуға шақырып жатыр. Барлық оқыту шараларын қытай жағы қаржыландырады. Қытай қазақ жерінде ұзағынан орнығу үшін барын шашады. «Конфуций институты» дегеніміз бет перде ғана. Біз оны қанша жерден ілім деп қабылдасақ та олар үшін саясат. Бұған іштей наразылық білдіріп жүрген, ашық айтуға дәрменсіз ақтөбелік жоғарғы оқу орындары мұғалімдерінің айтуынша қытайлықтардың бас жоспарында келесі кезекте конфуций институты аясында қытай тілі факультеттерін ашу Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақсатан облыстарының жоғарғы оқу орындары тұрған көрінеді.
Орай келгенде айтамыз, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген қазақтың жырындағы халықтық афоризмдер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер қашан да өмір тәжірибесін екшеп, оның ең нәрлі түйінін ұсынады. Халық педагогикасының бір саласы болып есептелетін термелердегі бабалардан қалған идеялық мазмұны жоғары даналық афоризмдері жастарды ұлтын, тілін сүйюге тәрбиелейді, логикалық ой-жүйесін дамытуда, тапқырлыққа баулуда баға жетпес қазына. «Дәстүрлі жыр өнері» факультеттері көрші Маңғыстау, Қызылорда қаласының жоғарғы оқу орындарында ашылып, нәтижелі жұмыс жасап жатыр.
Ендеше бізге ілім қажет болса халқымыздың дәстүрлі терме, жыр өнеріне неге назар аудармаймыз. Мәселен осы бағытта Ақтөбе облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау басқармасының директоры Бекарыстан Мырзабаев Ақтөбе жоғарғы оқу жанынан халқымыздың өзіндік терме, жыр айту мақамын уағыздайтын, жас ұрпаққа үйрететін «Дәстүрлі жыр өнері» сабағын ашу қажеттігін айтып мәселені көтеріп жүргеніне бірнеше жылдың жүзі болды. Бұл саланы алып кетуге даяр қолдаушы маман оқытушылар табылып тұрса да аталмыш факультетті ашуға жергілікті және институт әкімшілігінің ниеті болмай отырған көрінеді.
Тоқетері, қытайлықтарға көрсетілген бұл «қамқорлық» уақыты келгенде олардың қоғамдағы белсенділігінің өсуіне, әсер етуі мүмкін. Келе-келе қытайлық үстемдіктің сабақтарын үйрете бастайды. Мұның соңы дәлірек айтқанда өздерінің дербес әлеуметтік субъект ретінде жер мәселесінде, меншік бөлісінде бара-бара басқа да жасырын жатқан өмір сүруіне қажетті талаптарды шығарады. Екі дүниенің тайталасы туындай қалса, бір күндері Қазақстан «майдан даласы» болып шыға келуі де ғажап емес. «Төрт тіл төрт құбылаң» болып, қытай тілінің де өмірімізге енуі де алыс емес ағайын. Өз қолымызбен істегенімізді, өз мойнымызбен көтеретінімізді ерте бастан сезіп, білгеніміз артық болмас. Кеш қалып жүрмейік. Ойлан ҚАЗАҚ!
Ақтөбе қаласы.