Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2351 0 пікір 18 Шілде, 2011 сағат 06:19

Нұрлыбай Қошаманұлы. «Ақ жолды» ыдыратқан «бас кейіпкер»

2001 жылы наурызда «Ақ жол» демократиялық партиясы дүниеге келді. Партияның бағдарламасы бірден халықтың қолдауына ие болды. Барлық жерде қарапайым халықтан бастап, зиялы қауым, тіптен билік өкілдеріне дейін партияға жаппай мүшелікке өте бастады. Билік «Ақ жолдың» барлық деңгейде бұқаралық сипат алып бара жатырғанынан қатты шошынды. Тарихқа үңілсек қай кезде де ішкі күштердің ара салмағын есепке алу жағын ойластыра білмегендіктен, саяси ағымдардың ішкі істерінде қараулық жиі туындап отырған. Бұған себепкер болушылар да әдетте билікпен сыбайласқан топ. Ондайлар дағдарысты қолдан туындатып, өз ішіндегі ахуалды іштен ірітіп отырған. Бір кездегі «Ақ жол» демпартиясының  ыдырауы да ішкі екі ағымның (оңшылдар мен солшылдар) текетіресінен басталды. Биліктің күткені де осы еді. Партия ішіндегі екіге жарылған идеялық түсінбестікті одан сайын ушықтыруға пайдаланды. Кішкене өткенге шегініс жасап «Ақ жол» партиясының ыдырауы неден және кімнен басталғанына және оның басты кейіпкері кім болғанына қысқаша шолу жасап көрейік.

2001 жылы наурызда «Ақ жол» демократиялық партиясы дүниеге келді. Партияның бағдарламасы бірден халықтың қолдауына ие болды. Барлық жерде қарапайым халықтан бастап, зиялы қауым, тіптен билік өкілдеріне дейін партияға жаппай мүшелікке өте бастады. Билік «Ақ жолдың» барлық деңгейде бұқаралық сипат алып бара жатырғанынан қатты шошынды. Тарихқа үңілсек қай кезде де ішкі күштердің ара салмағын есепке алу жағын ойластыра білмегендіктен, саяси ағымдардың ішкі істерінде қараулық жиі туындап отырған. Бұған себепкер болушылар да әдетте билікпен сыбайласқан топ. Ондайлар дағдарысты қолдан туындатып, өз ішіндегі ахуалды іштен ірітіп отырған. Бір кездегі «Ақ жол» демпартиясының  ыдырауы да ішкі екі ағымның (оңшылдар мен солшылдар) текетіресінен басталды. Биліктің күткені де осы еді. Партия ішіндегі екіге жарылған идеялық түсінбестікті одан сайын ушықтыруға пайдаланды. Кішкене өткенге шегініс жасап «Ақ жол» партиясының ыдырауы неден және кімнен басталғанына және оның басты кейіпкері кім болғанына қысқаша шолу жасап көрейік.

Барлығы «Ақ жолдың» 2005 жыл 29 қаңтарда өткен ІҮ съезінен басталды. Съезд басталған бойда облыс төрағаларынан құрылған «ынталы топ» жарғы талаптарын бұзып, аяқ астынан съезді жүргізуді өз қолдарына алып, жиынды жүргізе бастады. Олардың жалғыз төраға сайлап алу мақсатын тез түсінген басқа делегаттар сол бойда олардың ТЖМК жоспарын тас-талқан етіп, әлгілерді шумен президиумнан кетірді. Күндізгі 13-00 де басталған съезд, ұзақ та ауыр тартыстан соң, заңды бес төрағалардың басшылығымен кешкі сағат 18-30-да аяқталды. Нәтижесінде ортақ бір келісімге келгендей болып, «теңтөрағалар» институты бұрынғысынша сақталып қалатынына келісіп, съезд А.Сәрсенбаев, Б.Әбілев, О.Жандосов ұсынған құжаттарды бірауыздан мақұлдап шыққан болатын. Қорытындысында съездің ортақ ҚАРАРЫ қабылданып, алдағы президент сайлауында бірге қимылдай отырып, ортақ бір үміткер шығаруға келісті. Құжатқа «бес теңтөраға» қолдарын қойды, ішінде Ә.Байменов пен Л.Жуланова да бар. Біріктік, түсіністікке келдік деген ойымыз орындалмады. Өкінішке қарай, олардың «қап бәлем» деп тіс қайраған өкпесі іштерінде кетіпті. ІҮ съезден соң, араға апта салмай жатып Алматыда Ә.Бәйменовты жақтаушылар жағы өздері қолдарын қойған партияның ІҮ съезнің шешімдерін мойындамай, ақпанның 13-і күні қайтара Орталық Кеңес мүшелерінің отырысын шақырды.

Аймақтағы орталық кеңес мүшелері олардың бұл шақырған жиналысын қолдаған жоқ. Мәселен, Ақтөбеден Орталық Кеңеске төрт адам мүше болатын олар:  І.Көбенов, Е.Жумин, Н.Сисенбай және Н.Нұрым еді. Соңғы екі азамат орталық кеңестің қайтадан кезектен тыс съезд шақырмақ ниеттерінің астарында партияны қалайда екіге бөлу екенін бірден байқайды. Жумин Елемес пен Н.Сисенбай екеуі Орталық Кеңес отырысына хат жазып: «қалыптасқан түсінбестікті талқылаймыз деген үмітпен қайта жиын шақыру, керісінше дауды ушықтыруға әкелуі мүмкін екенін, кеңес отырысына қатысу арқылы қандайма болса да бір шешім қабылдауға себепші болғылары келмейтінін, кеңестің отырысына бармайтынын, дауыс беруден қалыс қалатындындарын айтып, орталық кеңестің мүшелері ретінде партия тұтастығын сақтап қалуды жақтайтындар жағында екенін, екіге бөлінуді қолдамайтындықтарын» жеткізді. Олардың ойлағаны бұл кеңеске бармасақ сайын кворум болмай кеңес отырысы өтпейді деп үміттенген еді.

Кейіннен белгілі болғандай, бұл отырысқа басқа да облыстардан орталық кеңес мүшелерінің бармағаны, ал келмеген орталық кеңестің мүшелерінің қолдарын (О.Левикова - Шымкент, М.Барсуковскийдің -Павлодар т.б.) өзгелер қойғаны, олардың орнына басқа біреулер дауыс бергені анықталды. Орталық кеңестің тағы жеті мүшесі Жылқайдаров А.Р., Рахымбаева Б.М., Сапарбай И., Тәжин Н.Е, Зотин А және Ақтөбе облысынан Сисенбай Н.Қ мен Жумин Е.Ж пленумға барудан бас тартты. Кейіннен белгілі болғандай аталмыш жиынға Орталық Кеңестің 62 мүшесінің тең жартысына жуығы қатыспады. Партияның Орталық Бақылау-Тексеру Комиссиясының төрайымы Татьяна Черняк Павлодар, Қарағанды облыстық бөлімшелерінің өткізген конференцияларының да шешімдері заңсыз екенін дәлелдеді. Өйткені облыстық кеңестердің отырыстары конференцияны шақыру туралы шешімді қабылдарда жарғыға сай қажетті «кворумды» жинай алмаған. Сондай-ақ пленум отырысына үш тең төраға мен кейбір облыстық ұйымдардың партия жетекшілерінің қатыспағанын ескерсек кворум жоқ, пленум өтпеуге тиіс еді.

Солай бола тұра, кворум болмаса да олар партияның «Орталық Кеңес отырысын» өткізіп, «демократиялық құндылықтар мен партияның ішкі тұтастығын қолдаймыз, алдағы келе жатқан 2005 жылғы ҚР-сы Президентінің сайлауына оппозициялық демократиялық ағымдар атынан әрекет етуші билікке біріңғай балама кандидат ұсынумен келісеміз» - деп, кезінде өздері бірауыздан қолдап, қолдарын қойған (бұл құжатта Байменовтың да қолы бар) «Ақ жол» ҚДП-сы 29.01.2005 жылғы «ІҮ съезінің Қарарын» мойындамай, жарғы баптарын бұрмалап, онда: «партия жетекшілігіндегі кейбір басшылар тобының әркеттері және олар құрған «Әділетті Қазақстан» блогының ісі радикалданап бара жатыр» - деген желеумен Астана қаласында кезектен тыс Ү съезд шақыру керек деген «заңсыз шешімге» барды. Осылай Ә.Бәйменов пленумда жалған кворум жасап, партияны екіге бөлушінің «басты кейіпкеріне» айналды.

Екінші жақ енді барлық жерде Байменовты қалайда жеке дара төраға сайлау үшін кезектен тыс Ү съезд өткізіп, делегаттар даярлау қамына кірісті. Ә.Бәйменовты қолдаушылар Ақтөбеде де ешқандай бюро және облыстық кеңес шешімдерінсіз аппарат қызметкерлерінің сыртынан конференция өткізуді ұйымдастырды. Облыстық конференция өрескел заң бұзушылықпен өтті, ешқандай кворум болмады. Делегат болып партияға мүше емес адамдар көшеден тартылған жайлар орын алды. Мұның барлығы нақты құжаттар, айғақтармен әшкереленді.

ОК-тің пленумынан кейін 18.02.2005 жылы Ақтөбеде Ә.Бәйменовты жақтаушылар жағы БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді. Кездесуде олар жиналғандарға: «Үш төраға (Болат, Ораз, Алтынбек) жағы қауіпті бағыт алып, істері тым радикалданап барады. Алматыдағы соңғы шақырған пленумға келмегендер партияны ыдыратуға жұмыс жасап жүргендер» дегенді айтып, Орталық Кеңестің 13 ақпан күнгі Алматыдағы төтенше пленумына қатыспаған өз мүшелері жөнінде бір жақты ақпарат таратуға тырысты («Ақтөбе» газеті, 27.02.05). Ал, Орталық Кеңестің пленумына кейбір азаматтардың неліктен бармағанын жоғарыда айтып кеттік.

Сөйтіп облыстық бөлімше ішіндегі бұл топтың да бір жақты бағыт ұстанғандарын, үш төрағаның (Ораз, Алтынбек, Болат) ұстанымы өзгерген дегенді желеу қылып, оларды партия құрамынан аластатуды, қалайда бөлінуді көздегендері байқалды. Тіптен, Ә.Бәйменовтың өзі де бұған дейін де: «партияның ішіндегі әлдекімдердің саяси, идеялық көзқарастарының әртүрлілігі, арамызда алған бағытты басқа бағытқа бұра тартушылықтың бары, тең төрағалар арасындағы алауыздыққа әкелді» - деп партияны бөлу ниетін әлденеше рет естірткен еді. Оның бұл айтуы үш төрағаны аластатуды көздеген, ешқандай «негізге» сүйенбеген айыптау еді.

Сөйтіп, біздің партия бірлігін сақтап қаламыз деген үмітіміз орындалмады. Олар енді барлық жерде Байменовты қалайда жеке дара төраға сайлау үшін Ү съезге делегаттар даярлау қамына кірісті. Мәселен, Ә.Бәйменовты қолдаушылар Ақтөбеде де ешқандай бюро және облыстық кеңес шешімдерінсіз аппарат қызметкерлерінің сыртынан конференция өткізуді ұйымдастырды. Тіптен кейбір облыстарда екі жақтың өкілдерін қатыстыра отырып, Ү съезд шақырудың қаншалықты жарғыға сәйкестігін бірігіп талқылаудың орнына керісінше аппараттың штаттағы қызметкерлерін конференцияны ұйымдастыру шараларынан шеттетілді.

2005 жыл науырыздың 12-сі күні Алматыда Болат, Алтынбек, Оразды қолдаушылар жағы «Ақ жол» демпартиясының жалпыреспубликалық төтенше конференциясына жиналды. Жалпыреспубликалық конференция жарғыға сәйкес барлық шарттардың орындалу аясында өтті. Оған барлық облыстардан және Алматы мен Астана қалаларынан 166 партия мүшесі қатысты. Конференцияға басқа да тәуелсіз қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауым өкілдері шақырылды. Жиналғандар партияның соңғы кездегі ішкі дағдарысына, Ә.Байменов жағының партияның ыдырауына себепкер болып отырғанына алаңдаушылығын білдірді. Конференция барысында Әлихан басқарған топтың астыртын жұмыстар жүргізіп, Астана қаласында партияның Ү съзін жедел өткізіп жіберудің шараларына кірісіп жатқаны, олардың көздегені екінші қайтара ГКЧП төңкерісін жасау жолымен бұған дейінгі 5 тең төрағаның орнына бір төраға сайлау екені жария болды.

Маңғыстау облысында наурыздың 6-сында өткен облыстық конференцияда делегаттар көпшілік дауыспен Ә.Байменов ұйымдастырып жатырған Астанадағы съезге делегаттар сайламау туралы шешім қабылдады. Жамбыл облысы ешқандай съезд өткізбеу туралы шешім шығарды. Ақтөбеде болған заңсыздықтар мен жарғы баптарының бұрмаланғанын, жергілікті кеңес жиындарының «кворумды толықтай қамтамасыз ете алмағанын» дәлелдейтін құжаттарды орталықтың тексеру комиссиясы атына жіберді.

Тексеру-бақылау комиссиясының төрайымы Т.Черняк болып жатқан заңсыздықтарды қаншама дәлелдеп бақса да бәйменовшілерді сендіре алмады. Сөйтіп Ә.Бәйменов бастаған топ 29.01.2005 күні «Ақ жол» ҚДП-сының ІҮ съезінде өздері бірауыздан қолдап қолдарын қойған: «Съезд саяси және қоғам қайраткерлерінің Қазақстанның демократиялық күштерінің Үйлестіру Кеңесін құру жөніндегі бастамасын қолдайды. Өзара бәтуаласу негізінде шешімдер қабылдау арқылы «Үйлестіру Кеңесі» шеңберіндегі бірлескен жұмыс демократиялық құндылықтарды орнықтыруға негіз болады. Съезд «Үйлестіру Кеңесі» президент сайлауы алдындағы бұқаралық қоғамдық-демократиялық қозғалыстардың біріге қимылдауының бастапқы кезеңі болады деп есептейді» - деген «Қарарды» мойындамай, айтқандарынан тайқып шығып, жедел түрде (араға 1 ай 15 күн салып барып) Астанада 13 наурызда кезектен тыс Ү съезд шақырып, «Ақ жол» партиясын екіге жарған қадамға барды.

Кезектен тыс өткен Ү съезде қарсы жақ Ә.Байменовты төраға сайлап, керісінше Б.Әбілев, О.Жандосов, А.Сәрсенбайұлы сыртынан теңтөрағалық құрамынан шығарылып, оларға партия мүшелігінде қалады және төрағалықтан басқа қалаған басшылық қызметтерін таңдауларына мүмкіндіктері бар деген жалған шақыру тасталынды. Міне осының өзі партияны кімнің алып қашып, бөлуге жұмыс жасағанын көрсетті. Бір нәрсе ақиқат, қандай мақсатты көздесе де Ә.Байменов шақырған Астанадағы Ү съезд  партияның түпкілікті бөлінуіне себепші болды. Қарсы топтың бірін пайдалана отырып, іштен іріту биліктің бұрыннан бар әдеті. Өкіметтің оппозициялық-демократиялық құрылымдарды жою технологиясы осылай іске асты.

Көп ұзамай-ақ, әншейінде мүлт кеткен заңсыздықты желеу етіп, оппозициялық партияларды тіркемеуге тырысатын Әділет Министрлігі бұл жолы небір бұрмалаушылықпен өткен олардың съезін заңды деп тауып, жедел түрде «Ақ жол» ҚДП-сын Ә.Байменовтың атына еш кедергісіз тіркеп берді. Бір сөзбен айтқанда халық үміт артқан «Ақ жолдың» түбіне жеткен, оңшылдар мен солшылдар болып екіге жарылуының себепшісі ол - Ә.Байменов. Жасыратыны жоқ, осылай халық үміт артқан партия бәйменовшілердің кесірінен бұзылып, бұл іру елімізде оппозициялық ағымдардың ұзаққа созылған әлсіреуіне әкелді. Сөйткен Ә.Байменов араға он жыл салып барып билікке қайта оралды. Оның түбінде билікке оралатынын саясаткерлер болжаған еді. Айтқандары айдай келді. «Ақ жол» жетекшілігіне биліктің тағайындауымен бір кезде Машкевичтің саясатын соққан, кейіннен «Нұр Отанның» белсендісі болған халықтан қашық, билікке жақын жүрген Азат Перуашев келді.

Ақыры Байменов басқарған «Ақ жолдың» екі жүзді бет пердесі сыпырылып, олар «билік барикадасы» жағына өтті. Бұл орын алмасуды Парламентке «ЖСДП «Азат», «Коммунистерді» өткізбеуден туындаған Байменов пен биліктің бірлескен саяси арамза сыбайластығы деуге әбден болады.

 

Нұрлыбай Қошаманұлы - бұрынғы «Ақ жол» демпартиясының Ақтөбе облыстық бөлімшесінің бас маманы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566