Сенбі, 23 Қараша 2024
3569 2 пікір 14 Тамыз, 2019 сағат 12:03

Атамбаевты ұстау операциясына қатысқан Асанов қызметінен алынды

Қырғызстан ішкі істер министрінің орынбасары Курсан Асанов қызметінен алынды. Ол 7-8 тамызда елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы кезінде қызмет ережесін бұзды деп танылып отыр.

ІІМ мәлімдеуінше, қызметтік тергеу қорытындысына сәйкес, қырғыз милициясының мүддесін сатып, сенімді ақтамады деген айыппен Курсан Асановты қызметінен босату жөнінде шешім қабылданған.

Тергеу құжаттары бас прокуратураға жіберілген.

Курсан Асановтың өзі әлеуметтік желіде 7-8 тамызда Кой-Таштағы оқиғада қиын жағдайға тап болғанын жазды.

"ІІМ жеке құрамының арқасында қиындықты жеңдік. Мен өзімнің қызметімді адал атқардым деп есептеймін. Жеке мүддемді мемлекеттен жоғары қоймадым. Елдің алдында арым да абыройым да таза», - деп жазған.

7 тамызда Курсан Асанов Кой-Ташта экс-президент Алмазбек Атамбаевтың жақтастарымен келіссөз жүргізген. Нәтижесінде Атамбаев құқық қорғаушылармен бірге үйді тастап шығуға келісті.

7-8 тамызда Кой-Таш ауылындағы Атамбаевтың үйінде оны мәжбүрлеп ұстау операциясы жүргізілді. Экс-президентке «Коррупция» және «Қылмысқа қатысы бар» деген айыптар тағылды. Ол сот шешіміне сәйкес, 26 тамызға дейін қамауға алынды.

13 тамызда бас прокуратура Кой-Таштағы оқиғаға байланысты экс-президентке тағы бірнеше айып тақты.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5483