Сенбі, 23 Қараша 2024
4054 2 пікір 16 Тамыз, 2019 сағат 14:02

Құқық қорғаушылар: бейбіт шерулер жөніндегі заң халықты радикализациялауға әкеледі

Қазақстанда бейбіт жиындарды, митингтерді, шерулер мен акцияларды реттейтін заң азаматтардың радикализациялауына әкеледі.

Осылай деп Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис мәлімдеді.

Құқық қорғаушының сөзінше, оған жарты жылдық мониторинг нәтижесі куә бола алады. Оның айтуынша, митингтерге тыйым салу азаматтардың маңызды мәселеде өзінің ойын шенеуніктерге жеткізу құқығынан айырады.

— Біздің ұйымға соңғы үш-төрт айда рұқсат етілмеген митингтерге шыққаны үшін әкімшілік жазаға тартылған бірнеше жүздеген адам қайрылды. Олардың дені ешқандай ұйымдастырушылар болмаған. Көбі акцияларға қатыспаған, көшеде өтіп бара жатқан жәй адамдар болған. Бірақ полиция қызметкерлері оларды да ұстап алып кеткен,- дейді Евгений Жовтис.

Құқық қорғаушы сонымен бірге бейбіт шерулерді реттейтін Қазақстан заңдарының халықаралық талаптарға қайшы келетінін атап өтті.

— Халықаралық талаптарға сәйкес, бейбіт шерулер өткізуге болмайтын арнайы жерлер болады. Олар құбыр жолдары, әртүрлі себептермен адам денсаулығына қауіпті орындар, әскери бөлімшелер. Қалған жерлердің бәрі митинг өткізуге рұқсат етілуі тиіс,- дейді құқық қорғаушы.

Биыл 9-13 маусым аралығында Қазақстан полициясы митингтерге шыққан төрт мыңға жуық адамы ұстады. Бұл жөнінде ішкі істер министрі Ерлан Тургумбаев мәлімдеді. Наразылық акциялары елдегі президент сайлауы қарсаңында өтті. Митингке қатысушылар кезектен тыс президент сайлауының заңсыз екенін айтып, бойкот жариялауға шақырды. Наразылық білдірушілер сайлау нәтижесіне де қарсылық білдірді.

12 маусым инаугурация күні Қазақстан президенті Қасымжомарт Тоқаев батыс БАҚ-тарына берген сұқбатында халыққа кедергісіз акциялар өткізуге мүмкіндік берілетін жаңа заң қабылданады деген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475