Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 4728 0 пікір 21 Тамыз, 2019 сағат 13:43

Ақтоты Райымқұлова: «Көк Жайлау» жобасы тоқтап тұрғанын жеткізгім келеді

Қоғамда қызу талқыға түскен "Көк Жайлау" тау шаңғы курортын салу мәселесі әлі де күнтәртібінде. Кеше Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді. 

Мұндай маңызды мәселенің салиқалы жауапты қажет ететінің ескерткен Райымқұлова,Президент Тоқаевтың тапсырмасымен қазір "Көк Жайлау" жобасы тоқтап тұрғанын айтты.

-Құрметті достар, қазақстандықтардың көпшілігін алаңдатқан Алматы маңындағы «Көк Жайлау» тау шаңғысы курортын салу мәселесі басты назарда.

Қоғамда пікірталас тудырған мұндай маңызды мәселе салиқалы жауапты қажет етеді. Қоғамның мүддесін қорғап, жанашырлық танытқан қаламгерлерге айтар алғысым да шексіз.

Өкінішке орай, аталған бастама бойынша журналистерге жауап беруге мүмкіндігім болмады. Осы тақырып бойынша қысқаша түсініктеме беру мүмкіндігі енді ғана туды.

Биылғы жылдың сәуір айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша курорт құрылысы тоқтатылғаны баршамызға аян. Мемлекет басшысы бұл мәселеде асығыстық танытпай, сарапшылардың талдауларын зерттеп, қала тұрғындарының пікірін ескеру қажет екенін атап көрсетті. Сол кездегі Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен «Көк Жайлау» курортының құрылысы жобасын толықтыру және тоқтату қажет екенін айтқан болатын.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі кез келген үкіметтік ведомство сияқты бірінші кезекте құқықтық нормативтік актілерді зерттеп дайындаумен айналысатынын атап айтқым келеді. Көп жағдайда мәдени, спорт немесе туристік нысандарды салу туралы шешімді жергілікті атқару органдары: әкімдік, мәслихат, қоғамдық кеңес (болған жағдайда) қабылдайды. «Көк Жайлау» курорты бұл аядан тысқары шығып, ол бойынша шешімді Президент қабылдады. Қазіргі сәтте Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бәрімізге белгілі: «Көк Жайлау» жобасы тоқтап тұрғанын жеткізгім келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377