Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 5175 1 пікір 21 Шілде, 2011 сағат 06:14

Аманхан Әлімұлы. Әдебиет туралы ойлар

Абай - поэзиямыздың басы да, Бас ақыны да емес. Ол қазақ өлеңінің жаңа кезеңінің басы, қазақ поэзиясының әдеби тілі мен стилін қалыптастырған ұлттық ұлы ақын. Дәстүр жалғастырушы.

* * *

Кеңес үкіметінің 20-30 жылдарынан бастап қазақ ақынның ойлау жүйесі мен сана-сезімі, қабылдап әрі көріп қорытудағы ұлттық болмыс-бітімі және ішкі жан әлемінің қазақылығы жойыла бастады. Сөйтіп, жалпыхалықтанды. Яғни, жалпыхалықтық соцреализнің салқыны тиді. Соған қарамай, соңғы ұлт ақыны - Ілияс. Одан кейінгілері туралы болашақ ұрпақ айта жатар.

* * *

Поэзиядағы жалпыхалықтық ұғым-түсінік ұлттық поэтикалық қадір-қасиет пен мән-мағынаны, образды ойлау жүйемізді жұтып қойды. Бүгінде ұлттық ақынның некенсаяқ кездесіп, халық ақынының көп болатын сыры сонда.

* * *

Мен өлеңді ақпарат пен факті алу үшін емес, болмаса идея мен идеялогиялық құрал көзі ретінде оқымаймын. Маған оның көркемдігі, ұлттық тілі мен бояуы, сазды, дыбыстан дыбысқа кешкен ырғақ толқынының үндестіп, дәстүршілдігі, этика-эстетикалық ләззаты керек. Блоктың «Ақын - үндестік ұлы» деуінің сыры сонда.

Нағыз сауатты оқырманға қатқыл-қасаң, қаудыр-қаудыр етіп, бос тулақты сабаумен сабағандай өлең керек емес. Оны тақ-тұқ, Иранбек пен Әбубәкірдікіндей аңқыған-мүңкіген, иістенген немесе Тыныштықбектікіндей қияли-қисынсыз, абстракциянизмге толы хаос өлеңмен де алдай алмайсың. Мұқағали айтпақшы: «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып езіне қайтарған» ақын бақытты.

* * *

Өмір бар жерде поэзия бар. Ендеше, нағыз ақынның өмірлік өлмес өлең тудыруының (жазуының емес) сыры - кемел адамша ғұмыр кеше білуінде.

* * *

Өзінің уақытқа, қоғамға, ұлтқа және мемлекетке керектігін сезініп, сосын  олардан алып, оларға берері барлығын білген Ақын бақытты. Оның күрескерлігі де сонда.

* * *

Менің сыншыларым - менің өлеңімнің табиғи құбылысын көрсететін барометр, сондай-ақ, оның ыстық-суығын айқындайтын термометр. Айтаберді, олар - менің жүрек соғысымның қозғалысын көрсететін кардиаграмма. Сыншыларымның сынына жауап беруімде, бермеуім де олардың қаншалықты бұзылмай жұмыс істеуіне байланысты. Жауап беруге тұратын болса, жауап беремін. Тұрмайтын болса, «Өнбес дауды өспес елдің баласы қуадының» керін кешкім келмейді.

* * *

Мен өлеңімнің жарық көргеніне емес, өз оқырмандарын тапқанына қуанатын жасқа келдім.

* * *

Ақынның ең қауіпті жауы - шеберлік. Сол арқылы өлеңді кәсіпке, ақынды кәсіпкерлікке айналдыруға болмайды. Ондайлар бізде жетіп-артылады.

* * *

Кейбір жас ақындар маған: «Неге өлеңді аз жазасыз?» - дейді. Шынымды айтсам, мен өлеңді терусіз қалған қоқысқа айналдырғым келмейді. Ақынның өлеңі қоқысқа айналғын тұстан иістену басталады. Оқырманға иіс тиеді.

* * *

Мағауиннің «Жармағын» оқып шықтым. Ол - удай шындықтың терісін жамылған, тілден жұрдай, қарабайыр, қарадүрсін, газет мақаласындай оқылатын, оқырманды адамға өшпенділікпен қарауға тәрбиелейтін жалаң публицистикадан аса алмаған құнсыз дүние. Одан көркем шығармаға тән элементтің бірде-біреуін көре алмайсың. Сосын, ұлтшылдықтың терісін жамылып, өзгеге қасқыр көздене қарау - «Жармақтың» өн бойында өрмекшінің торындай өрілген.

* * *

«Маған қарсы адам - қазақ халқының жауы» - деу, өзіне-өзі ғашық болған көзсіз Нарцистің сөзі. Оны мақтап, мақтан етудің ешқандай қажеті жоқ. Ол - бос кеуде, болымсыз мақтаншақтық қана. Ұлы Абай да, Мұхтар Әуезов те ондай кесапат мақтанды айтпаған болар еді. Көзі ашық, көңілі таза адам, яғни кемел кісі ондайға жол бермейді.

* * *

Олжас Сүлейменов - кез келген тарихи-табиғи жағдай мен құбылысты, сөз бен сөйлемді кітап арқылы ғана қабылдайтын тұлға. Өйткені, ол - тілді де, ділді де, табиғи-тарихи жағдайларды да тірі организм деп қабылдай алмайтын, кітаптан шығып, кітапқа енетін қаламгер.

* * *

Олжастың тілі - кітаби тіл. Онда орыстың да, қазақтың да ұлттық тілі жоқ. Яғни, ол тілді жүре келе үйренген. Ал, тілді жүре келе үйренген жаннан шынайы да, шыншыл творчество адамы шықпайды. Бар болғаны қабілетті, алымды кәсіпқой ғана шығады.

* * *

Қазіргі жас ақындар поэзияны прозаизмге айналдырып жіберді.

* * *

Поэзия - ақиқатпен бірге тазалық.

Әбубәкір Қайранның:

«Өзінен жуан боқ күтіп,

Отырғандар бар күшеніп».

Және Иран-Ғайыптың «Боқ күреу» деген жолдарында не тазалық, қандай этика мен эстетика бар? Болмаса, сол Әбубәкірдің:

«Әңгілер биеге артынып,

Жатыр ғой... егес...».

Осындағы «егесінде» жабайы натурализмнің көрінісі бар емес пе?

* * *

Жан өлмейді. Ол - фәнилікте, бақилық та. Өлетін де, тозатын да - тән. Өйткені, жан - рухани, тән - материалдық құндылық. Адамның жан тазалығын жоғары қоятындығы сондықтан. Біздің «поэзия - жан қозғалысының көрінісі» деуіміздің сыры сонда.

* * *

Нағыз ақын да, жазушы да - өзінің шығармашылық ерік еркіндігін алдымен ұлтына арнайды, содан бастау алады. Ол оған қол жеткізген кезде, оның шығармалары ұлттық игілікке үлес болып қосылады да, содан соң барып ол әлемдік, жалпыадамзаттық қүндылыққа айналады.

«Абай-ақпарат»

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618