Сейсенбі, 26 Қараша 2024
3841 0 пікір 26 Тамыз, 2019 сағат 12:28

Қызылорда облысының әкімі жастармен кездесті

Кездесу барысында Қуанышбек Ысқақов өскелең ұрпақты қолдау мәселелерін талқылады және 10 жасқа республикалық лагерьге жолдама берді.

Арал ауданындағы «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығының алаңында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың жастармен бейресми кездесуі өтті, оған өңірдің жастар ұйымдарының белсенділері, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан жастар, облыстық ұйымдардың басшылары, жұмыссыз және мүмкіндігі шектеулі жастар, барлығы 120-ға жуық адам қатысты.

Аймақ басшысы жастардың қажеттіліктері туралы сұхбаттасып, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Өз кезегінде Арал және Қазалы аудандарының әкімдері және облыс ұйымдары мен мекемелерінің басшылары жастарды қолдау бойынша атқарған жұмыстары мен жастарға арналған мүмкіндіктер туралы баяндады. Мысалы, 2014 жылдан бастап Ресей Федерациясының Үкіметімен келісім негізінде қызылордалық түлектер Мәскеу мен Санкт-Петербургтің үздік техникалық жоғары оқу орындарында білім алуда,ал оқуды аяқтағаннан кейін жергілікті кәсіпорындар  мен мемлекеттік органдар оларды жұмысқа орналастыру мәселесін шешеді.

Пікір алмасудан кейін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов 10 жеткіншекке, оның ішінде белсенді, аз қамтылған отбасыдан шыққан, мүмкіндігі шектеулі жастар мен жұмыссыздарға "Жастар Отанға!" республикалық жастар лагеріне жолдама табыстады. Кездесу соңында алау жағылып, жастар ән шырқады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3317
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6031