Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Болған оқиға 16331 46 пікір 29 Тамыз, 2019 сағат 17:53

«Назарбаев сыйлығын» Назарбаевтың өзі табыстады

Бүгін Нұр-Сұлтанда (Астанада) бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев  «Назарбаевтың ядролық қарусыз әлем үшін сыйлығын»  тапсырды.

«Назарбаев сыйлығын» табыстау рәсіміне экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі бастап, Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет басшысы Асқар Маминдер қоштап, бірқатар шетелдік дипмиссия өкілдері келіп қатысты.

2016 жылдың сәуірінде Вашингтонда үлкен жиын өткен. Ол – Ядролық қауіпсіздік саммиті еді. Сол бір алқа-қотан жиында Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеген. Ол кезде Назарбаев Қазақстанның президенті еді. «Әлем. XXI ғасыр» дейтұғын манифест жариялаған. Сол манифестің мазмұнына сай жаңағы «Назарбаев сыйлығы» тағайындалған.

Сыйлық кімдерге беріледі? Сыйлық – өңірлік тұрақтылықты, әлемдік қауіпсіздікті күшейтуге үлес қосқан, соғысқа, терроризмге, жаппай қырып-жою қаруларын таратуға қарсы және кедейшілікті жоюға әжептәуір еңбек сіңірген адамдарға беріледі.

Картинки по запросу король абдалла 2 премия назарбаева

(Суретте Қазақстанның экс-президенті Н. Назарбаев пен Иордания корольі Абдалла екінші)

Ал «Назарбаев сыйлығының» алғашқы иегері – Иордания королі екінші Абдалла болған еді. Сыйлық 2016 жылы қарашада, Астанада табысталған.

Иордания короліне бұл сыйлық 1,5 миллион сириялық босқынды қабылдағаны үшін, Таяу Шығыста тұрақтылық пен бейбітшілік орнату жолындағы жігері үшін, батылдығы мен күрескерлігі үшін, әлемдік бейбітшілікке қосқан үлесі үшін берілген.

Ал биыл «Назарбаев сыйлығы» екі адамға беріліпті. Оның біріншісі – Юкия Амоно болса, екіншісі – Лассина Зербо.

Картинки по запросу юкия амано

(Суретте Юкия Амоно)

Юкия Амоно МАГАТЭ-нің бас директоры болған. Жапон дипломаты биыл 72 жасына қараған шағында дүние салыпты. Ол ядролық қаруды таратпауға, керісінше ядролық атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, аз байытылған уран банкін құру идеяларына едәуір үлес қосқан, Иранның ядролық проблемасын шешу ісіне белсенді араласқан адам екен. Сол еңбегі үшін оған «Назарбаев сыйлығы» берілген.

Похожее изображение

(Суретте Лассина Зербо)

Ал Лассина Зербоға ядролық сынақтар жүргізуде жалпыға бірдей тыйым салу туралы шартты мониторинг жасау, сол бойынша халықаралық желіні құру ісіне, осы бағытта жастар тобын құру ісіне бастамашы болып, үлес қосқаны үшін берілген екен.

Сол үшін Астанаға Лассина Зербо мен марқұм Юкия Амононың жұбайы келіпті. Бұл екі адамға сыйлықты бүгін Нұрсұлтан Назарбаев тапсырды.

(Суретте сыйлық алып тұрған Юкия Амононың жұбайы мен бауыры)

(Суретте сыйлық алып тұрған Лассина Зербо)

Айта кетейік, 29 тамыз - Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн. «Назарбаев сыйлығын» табыстау рәсімі де осы бір датаға дөп келіпті. Тіпті Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гуттериш те бейне үндеу жолдап, ядросыз әлем идеясы жолындағы Назарбаевтың еңбегіне ерекше тоқталыпты.

Похожее изображение

(Суретте БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш)

«Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күнге орай өткізіліп отырған осынау салтанатты шарада сөз сөйлеу мен үшін зор мәртебе. Ядролық сынақтарды қоса алғанда ядролық қарудан азат әлем БҰҰ-ның қарусыздану саласындағы жоғары басымдығы болып қалмақ. Қазақстан осынау ұмтылыста біздің сенімді әріптесіміз болды және болып қала да береді. Бұрынғы Президент Нұрсұлтан Назарбаевты осы істегі табандылығы және аталған сыйлықты бекіткені үшін алғысымды білдіремін», депті БҰҰ Бас хатшысы.

Ал, ҚР Президентінің телерадио кешені осы күнге арналған бейнеролик жариялады.  Онда «Ядролық қарусыз әлемнің бесігі» деректі фильмінің үзіндісі көрсетілген.

«Қазақстан әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартып, ядролық қарусыз әлемнің жақтаушысы болды. Мұны бүгін біз мақтанышпен айта аламыз. Бұл антиядролық мерекені БҰҰ біздің елдің бастамасымен бекітті. Біздің мұрағатталған видеода «Ядролық қарусыз әлемнің бесігі» деректі фильмінің үзіндісі көрсетілген», дейді аталған бейнероликте.

Осы тұста айта кетейік, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі әлемде бейбітшілік орнату жолындағы еңбегі үшін бірнеше мәрте Нобель сыйлығына ұсынылған болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев Нобельге жеті мәрте ұсынылған

2006 жыл. Қазақстанның халықтар Ассамблеясы, Пәкістан теологтары мен АҚШ конгрессмені Нұрсұлтан Назарбаевты «Бейбітшілік пен халықтар достығын нығайтуға қосқан үлесі үшін» Нобельге ұсынған. Ол жылы сыйлықты кедейлерге арналған банк ашып, мыңдаған адамды аштықтан аман алып қалғаны үшін Бангладеш экономисі Мұхаммед Юнус алған.

Онан соң 2008 жыл. Бұл жолы АҚШ-тың екі бірдей конгрессмені дәл осы ядролық қаруды таратпау жолындағы идеясы мен жұмысы үшін Назарбаевты Назарбаевты Нобель сыйлығына ұсынған. Бірақ, сыйлық фин дипломаты Мартти Ахтисаариге бұйырған.

2009 жылы шешен балалар үйі Нобельге ұсынған. Ал сыйлықты АҚШ-тың алғашқы қара нәсілді президенті Барак Обама алған.

2010 жылы Халықаралық түркі елдері Ассамблеясы мен түрік журналисі Назарбаевты қайтадан Нобельге ұсыныпты. Семей ядролық полигонын жапқаны үшін. Алайда Нобель сыйлығын қытай диссиденті Лю Сяобо алған.

2011 жыл. Бұл жолы Нұрсұлтан Назарбаевты Нобельге ұсынғандар көп болған. Норвегияның Нобель сыйлығы жөніндегі өкілі, қырғыз парламенті, шешен-ингуш мәдени орталығы мен «Ақ Орда» қозғалысы «ядролық қарудан бастару мен бейбітшілік орнату жолындағы еңбегі үшін» әлгі бір әйдік марапатқа қайта ұсынған. Бұл жолы сыйлықты демократиялық жолмен, елде үлкен өзгеріс жасау арқылы Либерия президенті атанған Эллен Жонсон-Серлиф, сол елдің қоғам қайраткері Лейма Гбови мен Йеменнің оппозиция лидері Тавакул Карман дейтін үш әйел өзара бөліске салған.

2012 жыл. Астанада өткен «Ядролық қарусыздандыру» туралы халықаралық конференцияда Канаданың БҰҰ-дағы өкілі Дуглас Рош, АҚШ конгрессмені Ени Фалеомаваега мен Жапония парламентінің депутаты Хироюки Морияма ұсынған. Алайда Нобель сыйлығы Еуроодаққа берілген.

2017 жыл. Базель бейбітшілік кеңесі, Бейбітшілік ғылыми-зерттеу институтының директоры Алин Варе Нұрсұлтан Назарбаев пен «АТОМ» жобасының құрметті елшісі, суретші Кәріпбек Күйіковті Нобель сыйлығына ұсынған. Бұл жолы сыйлықты Женевадағы халықаралық ядролық қаруға қарсы компания алды.

Тақырыпқа тұздық ретінде айта кетейік, қазіргі күнге дейін Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығы 26 мемлекеттің басшысына ғана беріліпті. Олардың қатарында АҚШ президенттері Теодор Рузвельт, Вудро Вильсон, Джимми Картер, Барак Обама, КСРО президенті Михаил Горбочев, Израил президенті Шимон Перес, Польша президенті Лех Валенса, ОАР президенті Нелсон Мандела, Германия канцлері Вилли Брандт,  Мьянма көсемі Аун Сан Су Чжи, Палестинаны азат ету қозғалысының лидері Ясыр Арафат т.б. бар.

 

Abai.kz

46 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2051