Жұма, 22 Қараша 2024
Деп жатыр 6408 11 пікір 3 Қыркүйек, 2019 сағат 13:06

КСРО-ның күйреуіне Путин үлкен үлес қосты

«Бұрынғы кеңестік үш бірдей республиканың халықаралық теңіз шекараларын тануға негіз болған Каспий конвенциясы олардың мемлекеттік егемендігін тағы да растады», депті ресейдің Аркадий Дубнов дейтін саясаттанушысы.

Дубнов Ресейдің саясаттанушысы. Орталық Азия бойынша сарапшы екен. Міне, сол Дубнов Каспий конвенциясы КСРО-ны біржолата өлтірген келісім болды дегенді тұспалдай айтыпты.

«Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция КСРО-ның ыдырауын растайтын тағы бір халықаралық келісім болды. Енді бұл кері қайтпайтын процесс», дейді Аркадий Дубнов «EADaily» басылымына берген сұхбатында.

Тіпті, КСРО-ның біржола күйреуіне Ресейдің қазіргі президенті Владимир Путиннің де үлесі үлкен екенін айтыпты.

«Мен КСРО-ның күйреуі жалғасады деп санаймын. Бұрынғы кеңестік үш республиканың халықаралық теңіз шекараларын тануға негіз болған Каспий конвенциясы олардың мемлекеттік егемендігін одан әрі растады. КСРО-ның күйреуі одан әрі жалғаса түседі және халықарада мойындалған келісімдермен расталады. Конвенцияға Ресей президенті жеке қол қойғандықтан, ол Кеңес Одағының ыдырауына да өз үлесін қосты», дейді сарапшы.

Дубновтың айтуынша, Кремль бұл процесті жеделдету туралы шешім қабылдады және Иранмен ресми келісімдерді бекіту үшін осы құжатты ратификациялады. Бұл «оларға АҚШ-тың пайда болуына қарсы тұрудың қандай да бір құқықтық механизмін жасауға мүмкіндік береді-мыс.

«Америка Құрама Штаттары Ауғанстан аумағына және Ауғанстаннан транзитпен өтуге мүдделі. Түркіменстаннан Ауғанстанға баратын жол Өзбекстаннан Ауғанстанға баратын жолға қарағанда әлдеқайда қысқа. Ал Мәскеу АҚШ-тың осы аймақта болуына қарсы тұруға мүдделі Тегеран келісімін қамтамасыз ете алды. Есесіне Иран өзінің Каспийді бөлуге қатысты талаптары кейінге шегеріледі деген уәде алды. Мұның бәрі құжатта жазылған», деп түйіндеді саясаттанушы.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы 12 тамызда Қазақстанның Ақтау қаласында өткен бесінші Каспий саммитінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылған еді. 

Керімсал Жұбатқанов,

тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5302