Сейсенбі, 7 Шілде 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 41065. Жазылғандар — 13614. Қайтыс болғандар — 188
Сұхбат 3236 33 пікір 6 Қыркүйек, 2019 сағат 12:15

Қазақ және ағылшын тілдері арасында қанша ұқсастық бар?

Бұдан бұрын уәде бергенімдей, жеке тақырып ретінде «Қазақ және ағылшын тілдер арасындағы ұқсастықтар» атты жаңаша және тың тақырыбын алып отырмын. Аталмыш жұмыстың толық нұсқасын "Әдебиетпортал" сайтынан таба аласыз (https://adebiportal.kz/kz/blogs/view/1359).

Батырбек Бағышбекұлы, Қазақ және ағылшын тілдер арасында қанша ұқсастық бар екен?

- Әрине, бүкіл ағылшын тілін (бүгінгі ағылшын тілінде бір миллионға жуық сөз бар) егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік те, уақыт та болмады.

- О, осыншама бай сөздік қорды зерттеуге бір ғұмыр жетпейтін шығар!

- Әрине. Алайда, мен 2016-2017 жылғы ағылшын тілінің оқулықтары мен сөздіктерін оқып, ізденіп, жалпы өз еңбектенуімнің нәтижесінде мыңға жуық тіларалық ұқсатық таптым. Мен оларды бірнеше топқа жіктедім, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, фонетикалық және грамматикалық ұқсастықтар. Ең көбі, әрине, лексикалық ұқсатықтар. Яғни, 980-ге жуық ағылшын сөздері қазақ сөздеріне әрі мағына, әрі жазылу, әрі дыбысталу жағынан ұқсайды екен. Ол сөздер бір-біріне омофондық, омографтық және семантикалық-синонимдік сипат бойынша ұқсас болғандықтан, мен оларды өзім «ТӘҰ – Тіларалық Әмбебап Ұқсастықтар» деп айтамын. Бұл ресми термин емес!

- Иә, аты жоқ болса да, заты бар ғой! Мен білуімше, сіз бұл таңқаларлық ұқсастықтарды бір кішкентай жұқа сөздіктен ғана тауып алдыңыз. Солай ма еді?

- Әрине, солай. Ал егер мен (егер, әрине, оған күшім жетсе (күледі)) «Большой Оксфордский Словарь Английского языка» деген көп томдықты зерттесем, әлбетте, ұқсастықтар одан да көп табылуы мүмкін.

- Жалпы, бұл өте қызық жағдай екен. Біз білетініміздей, қазақ сөзі Түркі тілдер отбасының Қыпшақ тармағынан шыққан, ал ағылшын тілі Үнді-Еуропалық тілдер отбасының Батыс Герман тармағынан, яғни мүлде басқа тектен шыққан еді...

- Дәл солай! Екі тіл бір-біріне тіпті «жекжат» та емес, дегенмен соның өзінде парадоксалді түрде мыңға жуық ұқсастық табылды. Тағы бір маңызды факт, мен кәсіби «ескішіл» лингвисттер сияқты түркі кірме сөздерін тек ортағасырлық лексикадан (оның өзінің үлесі ресми дерек бойынша бар жоғы 5-6%-дан аспаған екен!) іздеген жоқпын, мен әдейі көбінесе бүгінгі ағылшын тілі мен қазіргі қазақ тілі арасындағы ұқсастықтарды іздедім.

- Демек, сонда сіздің зерттеуіңіз филология мен тарихтағы қатып қалған «қағидаттарды» жоққа шығарып тұр ма?

- Олай айту тым батыл болар еді. Дегенмен, белгілі бір мағынада солай десек те болады. Себебі, кішкентай ғана сөздіктің өзінен табылған мың ұқсастық, Қыпшақ тілінің тарапынан Батыс Герман тілдеріне әлдеқайды көбірек ықпал еткендігін меңзеп тұр. Бұған менің ғылыми дәлелім әзірше жоқ, өкінішке қарай. Дегенмен, біздің ресми ғылым әлі өте көп нәрсені білмейтіні рас, құпия әлі көп. Сол көп салалы ұқсастықтар қалай пайда болды, қайдан туды, неліктен пайда болды деген сұрақтар тым көп. Менің ғылыми жұмысым кәсіби(!) тіл мамандарына, тарих мамандарына тіларалық ұқсастықтар тақырыбына тереңірек қарауға, жаңа ғылыми академиялық зерттеулерді жасауға түрткі боларына сенгім келеді.

- Менің де сенгім келеді, себебі қазақ пен ағылшын тіл арасындағы ҚАТЫНАСТАР жаңа, тың және өте аз зерттелген тақырып. Фонетика - тіл білімінің іргетасы. Енді біздің оқырмандарға бірнеше фонетикалық ұқсастықтарға мысал келтіре өтсеңіз.

- Әрине, мысалы ағылшын тілінде Ң дыбысына ұқсас (-ng дифтонгі), Ө дыбысына ұқсас (-іr, -er дифтонгі), Ә дыбысына ұқсас (-қысқа екпінсіз дауысты дыбыс «sad, cat, map және т.б.»), Ү дыбысына ұқсас (tune, soon, ruin т.б.) ағылшын дыбыстарын айта аламыз.

- Иә, мәселен, франуз тілінде де біздің Ң, Ү және тіпті Ғ деген дыбысқа ұқсас фонемалар бар. Ең қызығы славян тілдерінде ондай фонемалар жоқ. Неліктен? Славян тілдері бізге географиялық тұрғыдан Еуропа тілдерінен жақынырақ емес пе?

- Бұл өте үлкен лингвистикалық құпия! Кейде алыс елдердің тілдері жақын елдердің тілдерінен әлдеқайда ортақ қасиеттерге ие болады, алайда бұның нақты және арнайы ғылыми себебін айту өте қиын. Бұған бір емес, бірншее елдің тіл мамандарының және тарихшыларының бірлескен зерттеу жұмыстары керек. Сөзімді жалғастырайын, өте қызықты синтаксистік ұқсастықтар. Мысалы, шақ білдіру үшін ағылшындар да, қазақтар да бірнеше етістікті (немесе функционалды түрде етістікке жақынырақ есімше, көсемші, үстеуді) бір сөйлемде қолдануға мәжбүр. Сондықтан қазақтың түрлі шақта тұрған сөйлемдерін ағылшын тіліне дәл аудару өте оңай. «Мен бара жатырмын» деген «I am going», бұл жерде «am» де етістік (auxiliary verb), «going» те етістік (infinitive verb). «Мен бара жаттым» деген «I was going», бұл жерде жаңағы «am» көмекші етістігі «was» деген өткен шақтағы формасына ауысты. Біздің қазақша мысалда да «бара» деген негізгі етістік өзгеріссіз қалды да, ал «жату» деген қосымша етістік «жатырмын»-нан «жаттым»-ға өзгерді.

- Иә, иә, мен енді назар аудардым! Әрине, «Мен бара жатармын» дегенді, орыс тіліндегідей «я пойду» дей салмай, нақтырақ етіп «I shall be going» деп айтуға болады. Әйтпесе, «я пойду» дегенді мен «мен барармын» немесе «мен бармақшымын» дей салуға болады ғой. Менде сұрақ: шақтың Perfect формасындағы ағылшынның сөйлемдері есімше арқылы аударылады иә? Аударманың сіздің өз авторлық нұсқаларыңыз бойынша айтыңызшы.

- Дәл солай! Мысалы, орыс тіліне аудару кезінде ондай дәл тәржімалау  «фокустарын» жасау қиын, келісесіз ғой! Мысалы, «I have gone» дегенді «мен барып қойдым» деп, «I had gone» дегенді «мен барған едім», ал «I shall have gone» дегенді «мен барып қоймақпын» деп аударуға болады. Тіпті Perfect Continuous формасындағы сөйлемдерді аудару жеңіл, мысалы «I have been going» - мен барып қойыппын, «I had been going» - мен барып қойған едім немесе мен барған тұғынмын, ал «I shall have been going» - мен барып қоярмын. Бұл жерде нұсқалар көп болуы мүмкін, алайда ең бастысы ағылшынның ең күрделі сөйлемдерін қазақ тіліне аудару жеңіл. Менің негізгі мақаламда тіпті жалғау мен жұрнаққа қатысты да көптеген ұқсастықтар бар. Мысалы, post-man, rich-man, police-man және т.б. жанды зат есімдердегі «-man» жұрнағы біздің «-ман, -мен» жұрнағына сәйкес: шабар-ман, көрер-мен, қаһар-ман және т.б., ал етістіктегі «-n» біздің «-ғаН, -геН» жұрнақтарына ұқсас, мысалы stoleN – ұрланғаН, brokeN – сынғаН,  shakeN – шайқалғаН және т.б. іспеттес морфологиялық мысалдар өте-өте көп. Тіпті қазақ тілінде жоқ артиклдермен жазылған сөз тіркестерін де қазақ тіліне аударуға болады. Мысалы, Give a pen қалам бар, Give the pen – қаламДЫ бер және сол сияқты...

Аса қызық! Алайда, біз уақыт тығыздығынан, тек лексикалық ұқсастықтармен ғана сұхбатымызды тәмамдаймыз. Ағылшынның біраз сөздерінің қазақ сөздеріне әрі жазылу, әрі дыбысталу, әрі мағына(!) бойынша ұқсас екендігін дәлелдедік. Енді сол лексикалық ұқсастықтарды мен сұхбаттың соңына қоямыз.

Сұхбаттың форматын ескере отырып, мұнда 1000 емес, тек 100 ұқсастық ғана келтірілген. Қалған ұқсастықтарды төмендегі сілтеме https://adebiportal.kz/kz/blogs/view/1359 арқылы оқуға болады.

Ағылшын сөзі Қазақ сөзі Аудармасы 
1. Abdicate  Әбден кет Бас тарту, кету
2. At (жарг.)  Ит Ит
3. Ark  Арқ-алау Жәшік
4. Abase   Әбес-тік кемсіту
5. Abbei  Абай Адамның аты
6. Ability Қ-абілетті қабілет
7. Ably Еп білу, ебі біл қабілеттілік
8. Abuse Әбес, ал бұз Ұрысу, жерлеу (ұрысу)
9. Academy Әкемде ми академия
10. Access Ақысыз Қол жетімділік
11. Ace Әккі, ес-ті, әке Ең тәжірибелі
12. Ache аш-у ауру
13. Acid Ашид-ы қышқыл
14. Adam Адам Жер, Адам (есім)
15. Adamant Адам ант-ы Қайтпас
16. Adding Әдіптеуің Қосу, біріктіру
17. Addy Әди Адамның аты
18. Adely Әділ Адамның аты
19. Adept Әдепт-і білімпаз
20. Advice Әдіс кеңес
21. Again Ағайын Тағы да
22. Age Әже, аға дәурен
23. Agile Ақыл жүйрік
24. Aiden Айдын Адамның аты
25. Aim у-айым мақсат
26. Ain Айым Адамның аты
27. Air Әуе ауа
28. Akin ж-ақын туыс
29. Alarm Алаң-дау дабыл
30. Alas Алыс, лас, алас-тау өкініш
31. Albeit Әлбет-те Тіпті егер...
32. Alert нӘЛЕТ қауіптену
33. Ali Әли Адамның аты
34. Alive ӘЛі Бар Тірі, әлді
35. All Әл-ем, Алла Барлық
36. All right Жарайды Жарайды (мақұл)
37. Alley Аула, аулақ аллея
38. Allot Әулет Тарату, таратып беру
39. Allure Алу Баурап алу
40. Alma Алма Адамның аты
41. Alms Алым, әліміз садақа
42. Animal Аң, мал жануар
43. Answer Аңсар, аңсау, м-әнісін бер Жауап беру
44. Apart Алып бар, апард-ы Бөліктеу, бөлу
45. Apt Епт-і епті, жарасымды
46. Arch Арқ-а, аш (есік) Свод, арка, бүгу
47. Arise Арай, өріс, өресі (күн) шығу, пайда болу
48. Arran Айран, арлан Эран (ағ.жері)
49. Ash Арша ясень
50. Ask Есік Сұрақ қою
51. Ass Ес-ек есек
52. Assassinate (дарға)асасың өлтіру
53. Assert Әсер ет Утверждать, отстаивать
54. Astrakhan Қажы Дархан (қазіргі Астрахань) каракуль
55. Atheist Әдей іс(теу), әдейі із(дену) күпір
56. Atkins Айдын Адамның аты
57. Attach Атақ тағу
58. Attain Аттану Жетіп бару
59. Audit Әй-дейді, аңдиды Тексеріс, ревизия
60. Auger Егеу, егер Бурав, сверло
61. Aureole Орай ал ореол
62. Aurora Арай-лым Таңғы арай
63. Author Өзі өр автор
64. Autumn Ой тұм-ан, ауа тұм-ау күз
65. Ava Ая Адамның аты
66. Avaline Айналайын Адамның аты
67. Ayla Әлиә, аула Адамның аты,  ағ.жері
68. Aylesbury Алыс бұру, алғыс беру Айлисбэри (ағ.жері)
69. Ayr Айыр, ая Эйр (ағ.жері)
70. Azure ажар Көк аспан
71. Baby Бөпе сәби
72. Bad Бәд-ік жаман
73. Bail пейіл кепілдік
74. Bald Болд-ы тақырбас
75. Bale Байл-а жүк
76. Ball Бал (ашу), бал-а Шарик, доп
77. Barely Бар әлі едва
78. Base пәс Пәс, төмен
79. Basic бесік Негіз, іргетас болу
80. Basis басы Негізі, базис
81. Bath Бат-у ванна
82. Battle батыл шайқас
83. Battler Батыл ер күрескер
84. Be Бұ(дүние), би(лік) Болу, бол!
85. Because Бұ кез, бұ(ның) көзі (себебі) себебі
86. Beck Бек-ен Адамның аты
87. Beetle Бітел-у трамбовка
88. Begin бүгін бастау
89. behind Бекінд-і артында
90. Belch былш Извергать (лаву)
91. Belief біліп сенім
92. Belly белі іш
93. Belt Белд-ік белбеу
94. Bennet бейнет Киелі, Бэннэт (адамның аты)
95. Better (одан да) бетер жақсырақ
96. Between беттессін Арасында, ортасында
97. Big биік үлкен
98. Bill біл Есеп-қисап
99. Bird Бөд-ене құс
100. Birth Бос-ан, берш-і, бүрш-ік (жару) туу

 

P.S. Жоғарыдағы материал автордың жеке патенттелген жұмысынан алынған. Авторлық құқықтары қорғалғандығын ескертеміз!

Сұхбаттасқан: Риза Ысқақ

Abai.kz

33 пікір