Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4335 4 пікір 4 Қыркүйек, 2019 сағат 13:45

"Ұлттық Сенім Кеңесінің" сыналар сәті жетті...

"Күнделікті өмірде данышпанның пайдасы, театрдағы телескоптың пайдасынан артық емес" Шопенгауэр

"Ұлттық Сенім Кеңесінің" сыналар сәті жетті..

Кеше Жаңаөзендіктердің облыс әкімімен қалай сөйлескенін көрген шығарсыздар.

Бұл проблеманы шешуді жергілікті басшыларға тапсыру нәтиже бермейді. Керісінше, жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін. Ал күш көрсету туралы әңгіме болуы мүлдем мүмкін емес. Халықтың көңіл-күйін біз де көріп жүрміз. Сондықтан арты алапат өртке айналмауын мұқият ойластыру керек.

Ұлттық Сенім Кеңесінің қазақ тілді мүшелері бүгін Жаңаөзен, Ақтөбе, Шымкент қалаларына барып кеше алаңға шыққан азаматтармен кездесуі керек (Бұл өңірлерде кеңестің орыс тілді мүшелері бой көрсетпей-ақ қойғаны абзал. "Артық қылам деп тыртық" қылу қаупі бар. Көзі қарақты адам қоғамда ұлтшылдықтың жабайы формасы ультраұлтшылдар пайда болғанын көріп отырған шығар).

Қарағанды, Алматы, Елорда тұрғындарымен кездесуге кеңестің орыс тілді мүшелерін араластыруға болады..

Әрине, халыққа белгілі бір уәделерді беру үшін президент Кеңес мүшелеріне мандат тапсырып, құзіретінің шегін айқындап беруі тиіс..
Барып алып, көздері бақырайып тұрмасын..

Өмір Шыныбекұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345