Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6775 0 пікір 29 Шілде, 2011 сағат 08:07

Думан Анаш. Алаш ордаға қойылатын ескерткіш алаштық сипатты бере ала ма?

 

Тарихи атауы переселендердің жеті шатыр әкеліп құруынан «Семипалатинск», «Семей» аталып кеткен Жүсіпбек Аймауытов жазатын Жетішатыр қаласы өткен ғасыр басындағы қазақ ұлтының жаңғыру, ояну кезеңін бастап берген Алаш зиялыларының аз күн, аз жылдар армандарын ай асырған, қым-қуыт қиғаш күндерде бір мүддеге тоқайластырған, пана болған қала. Қара Ертіс алқымынан сүйіп жатқан осы қалада Әлімхандар (Ермеков) Ленин, Сталинмен келіссөздер жүргізді. Әмірелер ән салды. Шәкәрімдер қазы болды. Иә, Мағжанның «Жүсіп хан» дастанындағыдай сол кезеңдегі ұлттың утопиялық ұлы мұратына куә болған қала да «Алаш» аталыпты.

Олай болса, Алаш қаласында Алаштың бір мүсіні тұрмауы тұғырлы мемлекеттігімізге сын емес пе. Сондықтан, Үкіметтің 2008 жылы қабылдаған Алаш орда қозғалысының 90 жылдығын атап өту туралы қаулысында Семей қаласының көрнекі жерінен көрікті ескерткіш тұрғызу туралы бастамасы болған.

Осы ескерткіштің шымылдығы биыл ашылмақ. Алайда, алғашқы сызба нұсқасын көргенде-ақ көңіліміз су сепкендей басылып қалғанын жасырмаймыз.

 

Тарихи атауы переселендердің жеті шатыр әкеліп құруынан «Семипалатинск», «Семей» аталып кеткен Жүсіпбек Аймауытов жазатын Жетішатыр қаласы өткен ғасыр басындағы қазақ ұлтының жаңғыру, ояну кезеңін бастап берген Алаш зиялыларының аз күн, аз жылдар армандарын ай асырған, қым-қуыт қиғаш күндерде бір мүддеге тоқайластырған, пана болған қала. Қара Ертіс алқымынан сүйіп жатқан осы қалада Әлімхандар (Ермеков) Ленин, Сталинмен келіссөздер жүргізді. Әмірелер ән салды. Шәкәрімдер қазы болды. Иә, Мағжанның «Жүсіп хан» дастанындағыдай сол кезеңдегі ұлттың утопиялық ұлы мұратына куә болған қала да «Алаш» аталыпты.

Олай болса, Алаш қаласында Алаштың бір мүсіні тұрмауы тұғырлы мемлекеттігімізге сын емес пе. Сондықтан, Үкіметтің 2008 жылы қабылдаған Алаш орда қозғалысының 90 жылдығын атап өту туралы қаулысында Семей қаласының көрнекі жерінен көрікті ескерткіш тұрғызу туралы бастамасы болған.

Осы ескерткіштің шымылдығы биыл ашылмақ. Алайда, алғашқы сызба нұсқасын көргенде-ақ көңіліміз су сепкендей басылып қалғанын жасырмаймыз.

Ең алдымен, Алаш дегеніміз - зиялылар. Ұлттың оқығандары. «Ұлтты адастыратыны да, тура жолға салатыны да - оқығандары» дейді бұл ретте Жүсіпбек Аймауытов. Олар қолдарына найза ұстап жалаңаш кеудесін оққа тосқан жоқ. Біліммен, парасатпен күресті. Идеологиялық қазығын қақты. Алаш идеясын күллі далаға қарлығаштың қанатымен су сепкендей, сәулелендіре шашты.

Өркениеттің, ақылдың кенімен ұлттың ұлы мұратын саясат сахнасына шығарды.

Міне, Семей қаласында орын теппек Алаш зиялыларына арналған ескерткіш осы тараптағы үдеден шыға ала ма? Біз осы сауалды төмендегі азаматтарға қойғанды жөн көрдік.

 

Құсмілия НҰРҚАСЫМОВ, Семей қаласы Мәдениет басқармасының бастығы:

Алаштың көтерген жүгін, миссиясын бұл ескерткіш ақтай алады

- Алаш қозғалысының 90 жылдығы 2007 жылы аталып өтуі керек болатын. 1917 жылы 12-желтоқсанда Алаш Орда өкіметі жарияланған еді. Алайда, Алаштың 90 жылдығын Үкіметтің қаулысымен 2008 жылы атап өттік. Үкіметтің осы қаулысында Семей қаласында Алаш арыстарына арналған кешенді ескерткіш болуы керектігі айтылған болатын. Осы қаулының негізінде Мәдениет министрлігі үш қайтара байқау өткізді. Аталған байқаудың ережесі Қазақстанға ақпарат құралдары арқылы жеткізілді. Бұл байқауға 32 жұмыс қатысты.

Сынға түскен жұмыстардың ішінен мүсінші Едіге Рахмадиевтің еңбегі жоғары бағаланды. Мүсіннің жобасы белгілі болған соң, оны орнататын жер керек болды. Сондықтан, эскизде бейнеленген ескерткіштің авторы Семейге келді. Біз бірнеше орын көрсеттік.

Осылайша, ескерткіш қойылатын орын анықталды. Олар да келісті. Қала әкімдігі аталған жұмыстарды жүргізуге қажетті жер теліміне қаулы шығарып берді. Ескерткіш Семей қаласындағы Қаржаубаев пен Гагарин көшелерінің қиылысқан тұсына қойылатын болады.

Қазіргі уақытта бөлінген жер телімінде ландшафттық-сәулеттік жұмыстар жүргізілу үстінде.

Ал, ескерткіштің эскизде көрсетілген нұсқасын Мәдениет министрлігі жанындағы мемлекеттік комиссия бекітіп берген.

Ескерткіштің қойылатын уақыты мен көлемін нақты білмеймін. Мұның бәрін мемлекеттік комиссия шешеді. Біздің міндетіміз - жер телімі мәселесін шешіп беру. Ал, ескерткішті қай қаражатқа, қандай мөлшерде тұрғызу мәселесіне араласа алмаймыз.

Ескерткіштің жалпы сипатына көңіліңіз тола ма деген сауалыңызға айтарым, оны мен сияқты кішкене шенеунік «әне жері былай болып қалды, мына жері түген болып қалды» дей алмайды. Мен - шенеунікпін. Менің міндетім - жер телімін бөліп беру. Ал, бүгінгі күні бұл мәселе шешілді.

Ескерткіштің болмысын талдау үшін мемлекеттік қызмет маманы емес, мүсінші, кәсіби маман болу керек. Ал, мен кәсіби маман емеспін, қарапайым шенеунікпін. Сондықтан, оған баға бере алмаймын, оған бағаны республикалық мемлекеттік комиссия берген.

Менің ойымша, Алаш арыстарына арналған ескерткіштің болатынының өзі керемет емес пе?!

Семей - 1917 жылдан 1927 жылдың 8-қазан айына дейін Алаш қаласы аталып тұрды. 8-қазанда қалалық атқару комитетінің шешімімен қала атауын «Семейге» ауыстырды. Яғни, он жыл бойы Алаш қаласы аталып тұрды. Орынборда өткен Алаш Орданың ІІ құрылтайында Алаш орда өкіметі жарияланды. Осы кезде оның орталығы Семей қаласы болсын деген шешім қабылданған еді. 1918 жылы 8-қаңтарда келген Алаш орда өкіметі 7-маусымда Семейде өкімет басына келді. Олар 1919 жылдың 20-желтоқсанына дейін билік құрды. Алаш орда құлағаннан кейін Кеңес өкіметі орнап, алашордашылардың «жаулығымыз да, қастығымыз да жоқ, халыққа қызмет етеміз» деген уәдесін алғаннан кейін оларға реаблитация жасады. Әлихан Бөкейхановтан басқасының барлығы кеңестік орындарда қызмет етті. Кейін кеңестік саясат басқаша өріс алғаны белгілі...

Алаштың көтерген жүгін, миссиясын бұл ескерткіш ақтай алады. Ақтай алмайды деген басқалардың пікірі бар. Бола берсін. Олар айтты екен деп, бұлай бола қалмайды ғой. Оның тұғырының өзі - 42 метр. Ал, фигура 8 метрге тең. Ұзындығы - 40 метр. Онда, Алаштың идеясы, аттары жазылуы мүмкін. Әрине, эскизде Сұлтанмахмұттың сөзі дұрыс жазылмаған. Ол жүре түзеледі.

Қала әкімдігі ұсыныс білдіргенде, денесінің жалаңаш болмауы, басында ұлттық бас киім болуын ескеру керектігі айтылған. Денесінің бұлшық еттері ойнап тұрса да, киіммен әрі алаштық бет-бейне көрініс беруі турасында ұсыныс болған. Пролетарлық топастық бетінен есіп тұрмауы қадағаланса деген ойымыз болған.

- Эскизде өкінішке орай, солай бейнеленген ғой... Апайтөс, жалаңаш батыр тұр емес пе?

- Енді... Сендер скульптура дегеннің не екенін білмейсіңдер. Мүсін жасалып болғанша оған жүздеген өзгеріс енгізіледі.

- Алаштықтар дегеніміз зиялылар ғой?

- Мәселен, қолға ұстаған туын алайық. Бұл жерде Алаштың туы емес, пролетардың туы болып тұр. Оның басында үзгүрт болуы тиіс. Түркілердің байрағындағы көк бөрінің басы туда бейнеленуі қажет. Осының бәрі ұсынылған. Ол жасалып болғанша, жүз мәрте айтылады, жүз мәрте толықтырылады. Сондықтан, мұның ұлттық бояуы қуатты болады. Эскиз дегеніміз басындағы жоба ғана. Ұзын-сонар жобаның негізгі идеясы дұрыс. Бүкіл ұлттың қасіретін сүйреп келе жатқан Алаштың бейнесі бедерленеді.

- Сізге ұнады ғой?

- Идея ұнайды. Ал, оның мүсіндік жағын орындаушы, кәсіби мамандар айтсын. Кеңес кезінде «Лениндік монументалдық насихат» деген болатын. Сондықтан, кешегі кеңестік идеологиядан өткен мүсіншілерді бір-ақ күнде алаштық жасаймын деп ойламаңыз. Бұл осылай жасалады. Көше жүре түзеледі. Бізде Кеңес одағынан қалған кеспелтек, шомбал дүниені бір күнде күресінге лақтыра алмайсыз. Ол үшін екі-үш ұрпақ ауысуы керек.

Екі-үш ұрпақ ауысқанша осы шомбал ескерткіш тұра берсін дейсіз ғой.

- Ә, тұра берсін!

 

Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ, Тарих ғылымдарының докторы, профессор:

Еркіндікке ұмтылу идеясын көрсете алмаса, ескерткіштің қажеті жоқ

- Мен Алаш зиялыларына ескерткіш қою туралы құрылған мемлекеттік комиссияның құрамында болған едім. Бірақ, Астанаға комиссияның отырыстарына жиі шақыра берген соң, өз өтінішіммен оның құрамынан шықтым. Соған дейін де Алаш ескерткішіне жарияланған байқауға көптеген жобалар түсті. Бірақ, олардың арасынан бұл эскизді көрдім деп айта алмаймын. Бізге алғашқыда бір жоба ұсынған. Онда алашордашылардың алдында Әлихан Бөкейханов бар, артында бірнеше адам бар, таң шапағы атып келе жатқанда жүріп келе жатқаны бедерленген болатын. Оны жаратпай тастаған еді. Шахтерлер сияқты көрінеді деген болатын.

ХХ ғасыр басы қазақ ұлтының жаңғыру кезеңі ғой. Мен эскизді көрген жоқпын. Өзім кеше ғана Германиядан келдім. Ескерткіштің қаншалықты Алаш идеясын бере алғанын білмеймін. Алаш идеясы дегеніміз - ұлттың азаттық, теңдік, мемлекеттілік, даму идеясы. Осының сұранысына жауап бере ала ма, тақырыпты аша ала ма, мәселе осында.

Егер өнер тілімен аша алмайтын болса, қазақ ұлтының жаңғыру, еркіндікке ұмтылу идеясын көрсете алмайтын болса, онда бұл ескерткіштің қажеті жоқ.

 

P.S: Екі пікір. Екіұдай ой. Өздеріңіз суреттен көріп отырған шығарсыздар. Шынымен бұл ескерткіш есімдерін құрметпен еске алатын Алаш зиялыларына тән бе?! Әлде, кеңестік қара жұмысшыны еске түсіре ме?

Байыптап тағы бір қараңызшы...

«Алматы Ақшамы», 87, 28-шілде, 2011 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036