Жұма, 27 Желтоқсан 2024
3180 0 пікір 18 Қыркүйек, 2019 сағат 11:08

Сыр өңірінде түркі жастары бас қоспақ

Қызылорда облысында түркітілдес елдер жастарының халықаралық фестивалі өтеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

«Түркі әлемін тоғыстырған - Сыр елі» аталатын фестиваль 19-21 қыркүйек күндері Қармақшы ауданындағы «Қорқыт Ата» мемориалдық кешенінде ұйымдастырылады.

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде өткізілетін шара тұңғыш рет қолға алынып отыр.

– Халықаралық шараның басты мақсаты - түркітілдес елдер жастарының қарым-қатынасын нығайту, ортақ тарих пен құндылықтарын насихаттау, жастар саясатында оң бастамалар бойынша тәжірибе алмасу. Оған еліміздің барлық өңірімен бірге Түркия, Татарстан, Өзбекстан және Әзербайжан елдерінен шығармашыл және өнерпаз жастар қатысады деп күтілуде, - дейді шараны ұйымдастырушылар.

Шара аясында «Тұран – түркі есігі, Қорқыт – жырдың бесігі» атты фестиваль өнерпаздарының қатысуымен концерт, «Қорқыт ата мұраларының Түркі әлеміндегі ролі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция, «Түркі әлемін тоғыстырған Сыр елі» атты түркі тілдес елдер жастарының пікір алмасу алаңы, Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалды ескерткіш-кешеніндегі Сыр елі қолөнер шеберлерінің ұлттық бұйымдары жәрмеңкесі, «Алтыбақан» жастар ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылмақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053