Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 16020 37 пікір 18 Қыркүйек, 2019 сағат 15:35

Қытайдың 55 зауыты. Ол қандай зауыттар? (Тізім)

Біраздан бері ел-халықты дүрліктірген мәселе – Қытайдың 55 зауыты. Осы әңгіме айтыла бастағалы Жаңаөзен бастап, Алматы, Астана мен Шымкент қостап, бірнеше қалада Қытайдың экономикалық экспанциясына қарсы наразылық шерулері өтті. Әр қалада ондаған, тіпті одан да көп адам көшеге шығып, Қытай зауыттарына қарсылықтарын айтты. Билікке базынасын білдірді. Әкімдіктердің алдында, әкімдердің алдында табандап тұрып талап қылды.  Жұрттың жанайқайын Астанадағы ақ жағалылар естімеді емес, естіді. Естіді, бірақ, ескерген жоқ.

Есесіне елшілер есірді.  Экс-елші Ертісбаев секілді ескі биліктің аутсайдер ақылгөйлері әрнені көкіп, антиқытайлық толқуды басқаға аударуға әрекеттеніп те көрді. Тіпті, қашып жүрген Әбіләзовпен де айқасқа түсті. Онысынан түк шықпады. Төбет талаған күшіктей болды. Елші болып елден жырақта жүрген Ертісбаевтың ебі кете бастапты деді білетіндер.

Қазақстанның азаматтары өз елінде, өз жерінде өз билігіне, өз президентіне дат айтып, дабыл қағып алаңға шыққанда Қытайдың Шыжан дейтін елшісі «естерің дұрыс па» деп есіре сөйлеп, елдің ашуын туғызды. Қазақстанның ішкі шаруасына араласып, Қазақстанның азаматтарының ар-намысына тиген елшісімақ есерсоққа Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ескерту де жасаған жоқ.

Ал Астананың ақылы айтқыштары «Қытай бізге жау емес» дегенді қайта-қайта түсіндіріп бақты. Ол да сәтті шықты дей алмаймыз. Дабыл қаққан жұртты тыныштандыру үшін әкімдер де, министрлер де, басқалары да сөйледі. Сөйтіп, ақырында «заңсыз митингке шықтыңдар» деп әкімшілік жаза қолданды. Барлығы сол баяғыша аяқталды. Бұл оқиғалар туралы сол уақытта жаздық. Қайталап жатпайық...

Сонымен, әлгі Қытай салып беретін 55 зауыт неғылған зауыт?  Ақордадан бастап шенді-шекпендінің барлығы әсіре мақтаған  әлгі Қытайдың инвестициялық жобалары қандай? Кім нақты жауап береді деп іздедік. Тапқан болдық.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі мынау: Бұлар инвестициялық жобалар. Жалпы құны – 27,3 миллиард долларды құрайды. Оның ішінде 13 өндіріс пен келісімшарт қазірдің өзінде іске қосылған. Оның сомасы 3,7 миллиард доллар. Жалпы құны 5,7$ болатын тағы 12 жоба іске асырылу барысында-мыс. Бұған қоса тағы 22 жоба әзірленіп жатыр екен. Оның 12-сі жоғары қарқынмен дайындалуда. Сомасы – шамамен 3,5 миллиард доллар болады. Ал 10 жоба дайындалу кезеңінде. Оның сомасы – 14,3 миллиард доллар.

Айтпақшы, бірлесіп салатын бұл жобалардың 8-і қазір тоқтап тұр. Оның 7-еуі негізгі тізімнен алынады екен.

Сонымен Қытайдың 55 зауыты. Ол қандай зауыттар? «LS» сайты тізіп жазыпты. «LS» сайтындағы орысша мәлеметтерді қазақшаға қотарып ұсынғанды жөн көрдік.

Нұр-Сұлтан қаласы

1. ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН

Атауы – AIX акцияларын АХҚО-да (Астана Халықаралық қаржы орталығында)  Шанхай қор биржасы мен Жібек жолы Қорының сатып алуы.

Қытай компаниясы – «Шанхай қор биржасы» және «Жібек жолы Қоры».

Саласы – Қаржы.

Құны – 13 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі – 2018 жыл.

2. ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Атауы – Астана ЛРТ құрылысы

Қытай компаниясы – «China Railway Asia-Europe Construction Co.,Ltd». және «China Railway No.2 Engineering Group Co.Ltd».

Саласы – Инфрақұрылым.

Құны – 1,9 миллиард доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі – 2016-2021 жылдар аралығы.

Алматы қаласы

3. ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Атауы – «Asia Steel Pipe Company. LLP» Үлкен диаметрлі болат трубалар әзірлейтін зауыт.

Қытай компаниясы – «Central Asia Ruisi Steel Pipes (Tianjin) Corporation (subsidiary CNPC)»

Саласы – ГМК.

Құны – 100 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі – 2016-2019 жылдар аралығы.

4. ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР

Атауы – Метроны дамыту жобасы.

Қытай компаниясы – «China Railway Asia-Europe Construction Investment Co.,Ltd»

Саласы – Инфрақұрылым.

Құны – 1,1 миллиард доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі – 2020-2025жылдар аралығы.

Шымкент қаласы

5. ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН

Атауы – «PetroKazakhstan Oil Products LLP» Шымкент Мұнай өңдеу зауытының I-ші және II-ші фазаларын жетілдіру.

Қытай компаниясы – «CРЕСС» (subsidiary CNPC).

Саласы – Мұнай-химия.

Құны – 2,1 миллиард доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі – II-ші фаза: 2017-2018 жылдар аралығы.

6. ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН

Атауы – «Amir-A LLP» металлургиялық зауытының құрылысы.

Қытай компаниясы – «SIN YUAN STEEL LLP»

Саласы – ГМК.

Құны – 50 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2016-2018 жылдар аралығы.

Ақтөбе облысы

7. ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Атауы – «Newmay Ceramics LLP» керамикалық заттар әзірлеу зауыты.

Қытай компаниясы – «Foshan Newmay Ceramics (Lin Xiang) Co., Limited»

Саласы – Құрылыс.

Құны – 39 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2019-2021 жылдар аралығы.

8. ЖОҒАРҒЫ ҚАРҚЫНМЕН ДАЙЫНДАЛУДА

Атауы – «Қазақстандық мұнай құрылғылары зауыты» мобилді бұрғылау құрылғыларын өндіру зауыты.

Қытай компаниясы – «Shengyuan Technology Co., Ltd».

Саласы – Машина-құрылыс.

Құны – 13 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2019-2020 жылдар аралығы.

9. ЖОҒАРҒЫ ҚАРҚЫНМЕН ДАЙЫНДАЛУДА

Атауы – МХЗ-ға (Мұнай-химия зауытына) техникалық көміртек өндіру зауыты.

Қытай компаниясы – «Shengyuan Technology Co., Ltd».

Саласы – Мұнай-химия.

Құны – 50 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2020-2021 жылдар аралығы.

10. ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР

Атауы – Калий минералды тыңайтқышын өндіру («Батыс Калий» қайта өндіру зауыты).

Қытай компаниясы – «Kazakhstan Potash Corp», «CITIC Constuction Co Ltd», «China New Era Group Corp».

Саласы – Химия өндірісі.

Құны – 3 миллиард доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2021-2023 жылдар аралығы.

Алматы облысы

11. ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН

Атауы – «Қорғас» құрлық порты.

Қытай компаниясы – «Lianyungang Port Holding Group Co. Ltd.», «COSCO Shipping Lines Co. Ltd.».

Саласы – Инфрақұрылым.

Құны – 76 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2014-2017 жылдар аралығы.

12. ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН

Атауы – Қуаты 100 МВт болатын «EneverseKunKuat» күн электрстанциясының құрылысы.

Қытай компаниясы – «Universal Energy».

Саласы – Жасыл энергетика.

Құны – 107 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2018-2019 жылдар аралығы.

13. ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Атауы – «Samruk Energy» мен бірлесе отырып, Шелекте қуаты 60 МВт болатын жел электростанциясын салу.

Қытай компаниясы – «HYDROCHINA Corp.».

Саласы – Жасыл энергетика.

Құны – 103 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2018-2020 жылдар аралығы.

14. ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Атауы – «ДОС-Жетісу», «Longyuan Jetisy» ет өңдеу зауытының құрылысы.

Қытай компаниясы – «Longyuan Technology (Beijing) Co. Ltd.».

Саласы – Тамақ өнеркәсібі.

Құны – 26 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2018-2020 жылдар аралығы.

15. ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Атауы – «Қoрғас – Шығыс қақпа» ЕЭА индустриалдық паркінің құрылысы, Қазақстандық компаниялар: Kelisheng LLP, Sakhaman LLP, TEA Company LLP.

Қытай компаниясы – «Yichang «KELISON» Industrial Co., Ltd.».

Саласы – Инфрақұрылым.

Құны – 205 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2018-2025 жылдар аралығы.

16. ЖОҒАРҒЫ ҚАРҚЫНМЕН ДАЙЫНДАЛУДА

Атауы – Қуаты 50 МВт болатын «Kaskelen Solar Power» күн электрстанциясының құрылысы.

Қытай компаниясы – «Universal Energy».

Саласы – Жасыл энергетика.

Құны – 42 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2019-2020 жылдар аралығы.

17. ЖОҒАРҒЫ ҚАРҚЫНМЕН ДАЙЫНДАЛУДА

Атауы – «Жетісу вольфрам» вольфрам кен орнын игеру.

Қытай компаниясы – Jiaxin International Resources Investnent Limited, Jiangxi Copper corp. Limited.

Саласы – ГМК

Құны – 260 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2020-2022 жылдар аралығы.

18. ДАЙЫНДАЛУДА

Атауы – Көксай мыс кені  KAZ Minerals.

Қытай компаниясы – China Nonferrous Metal Industry’s Foreign Engineering and Construction Co. Ltd. (NFC)

Саласы – ГМК

Құны – 1,5 миллиард доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2021-2023 жылдар аралығы.

19. ДАЙЫНДАЛУДА

Атауы – Талдықорғандағы жылу электрстанциясының құрылысы.

Қытай компаниясы – Shanghai Electric Corporation.

Саласы – Энергетика

Құны – 540 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2021-2024 жылдар аралығы.

Атырау облысы

20. ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Атауы – Полипропилен өндіру зауыты.

Қытай компаниясы – China National Chemical Engineering Co. Ltd. (CNCEC).

Саласы – Мұнай-химия.

Құны – 2,6 миллиард доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2017-2021 жылдар аралығы.

Жамбыл облысы

21. ЖҮЗГЕ АСЫРЫЛУДА

Атауы – Жаңатастағы қуаты 100 МВт болатын жел электростанциясының құрылысы.

Қытай компаниясы – China Power International Holding Ltd.

Саласы – Жасыл энергетика.

Құны – 150 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2019-2021 жылдар аралығы.

Қарағанды облысы

22. ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Атауы – Эмульциялық жарылғыш заттар мен аммония нитритін өндіру зауыты «MKS Company» LLP, «Berkut» JV LLP.

Қытай компаниясы – Yunnan Industrial Explosive Group.

Саласы – Химия өнеркәсібі.

Құны – 25 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2019-2021 жылдар аралығы.

23. ЖОҒАРҒЫ ҚАРҚЫНМЕН ДАЙЫНДАЛУДА

Атауы – Кабель өнімдерін дайындау зауыты (HuaTong Cetral Asia Cable LLP.)

Қытай компаниясы – Habei Hua Tong Cable.

Саласы – Машина-құрылыс.

Құны – 18 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2020-2022 жылдар аралығы.

24. ЖОҒАРҒЫ ҚАРҚЫНМЕН ДАЙЫНДАЛУДА

Атауы – КЗКС күрделі қорытпаларды әзірлеу зауыты.

Қытай компаниясы – Sinoateel JEMECO

Саласы – ГМК.

Құны – 260 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2020-2022 жылдар аралығы.

25. ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР

Атауы –«Sin Ban» металлургиялық ғылыми-техникалық компаниясында электролитті марганц өндіру.

Қытай компаниясы – Yongxiang Group, Horgos Xingbang Trading Co. Ltd.

Саласы – ГМК.

Құны – 45 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2020-2021 жылдар аралығы.

26. ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР

Атауы – Көмір-химиялық кешенінің  құрылысы (KazMunaiGaz JSC, Shubarkul Premium LLP, Kuzneckoye LLP.)

Қытай компаниясы – China Kingho Energy Group, China Tianchen Engineering Corp. (TCC).

Саласы – Химия өнеркәсібі.

Құны – 2,6 миллиард доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2020-2023 жылдар аралығы.

Қостанай облысы

27. ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН

Атауы –  Allur компаниясының 51 пайыз акциясын сатып алу.

Қытай компаниясы

Саласы – машина құрылысы.

Құны – 22 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2015-2017 жылдар аралығы.

28. ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН

Атауы – «Сарыарқа Автопром» мен JAC автокөліктерін шығару.

Қытай компаниясы – Genertec Corp., China National Machinery import and export Corp.

Саласы – машина құрылысы.

Құны – 1,1 миллиард доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2017-2018 жылдар аралығы.

29. ЖОҒАРҒЫ ҚАРҚЫНМЕН ДАЙЫНДАЛУДА

Атауы – Қуаты 50 МВт болатыр «Тобол Солар парк» жел электростанциясының құрылысы.

Қытай компаниясы – «Universal Energy».

Саласы – Жасыл энергетика.

Құны – 50 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2019-2021 жылдар аралығы.

30. ЖОҒАРҒЫ ҚАРҚЫНМЕН ДАЙЫНДАЛУДА

Атауы – Bio Grain aуылшаруашылық өнімдерін өңдеу зауыты

Қытай компаниясы – China CAMC Engineering Co. Ltd. (CAMCE).

Саласы – Тамақ өнеркәсібі.

Құны – 250 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2020-2022 жылдар аралығы.

Қызылорда облысы

31. ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Атауы – Әйнек шығару зауытын салу үшін «Orda Glass» акционерлік капиталын сатыл алу.

Қытай компаниясы – China Glass Int., China Triumph Int. Engineering (China National Building Material Corp.).

Саласы – Құрылыс.

Құны – 200 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2017-2020 жылдар аралығы.

32. ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН

Атауы – «DanAke LLP» цемент зауытының құрылысы.

Қытай компаниясы – China Gezhouba Cement Co.Ltd.

Саласы – Құрылыс.

Құны – 177 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2016-2018 жылдар аралығы.

33. ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Атауы – «Арал тұз», «Арал сода» натрий карбонатын өндіру зауытының құрылысы.

Қытай компаниясы – Inner Mondilla Lantai Industry Co. Ltd., China National Salt Industry Group.

Саласы – Химия өнеркәсібі.

Құны – 275 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2018-2023 жылдар аралығы.

Маңғыстау облысы

34. ЖОҒАРҒЫ ҚАРҚЫНМЕН ДАЙЫНДАЛУДА

Атауы – «Kazakhstan Water Solution Company LLP», «Joint venture CITIC Envirotech Water (Aktau) Limited» мұнай толтылылған суды тұзсыздандыру құрылғысының құрылысы.

Қытай компаниясы – CITIC Envirotech Ltd.

Саласы – Су тазарту.

Құны – 60 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2019-2021 жылдар аралығы.

35. ЖОҒАРҒЫ ҚАРҚЫНМЕН ДАЙЫНДАЛУДА

Атауы – «EcoTekhProgress» қауіпті майлы қалдықтарды өңдеу құрылғысын орнату.

Қытай компаниясы – Sheng Xi (Shanghai) Energy Technology Co. Ltd.

Саласы – Мұнай-химия.

Құны – 97 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2020-2021 жылдар аралығы.

Павлодар облысы

36. ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН

Атауы – «Нефтехим» полипропилен ұнтағын өндіруге арналған құрылғыны дамыту.

Қытай компаниясы – Xinjiang Sanbao Industry Group Co. Ltd.

Саласы – Газ-химия.

Құны – 12 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2015 жыл.

37. ЖОҒАРҒЫ ҚАРҚЫНМЕН ДАЙЫНДАЛУДА

Атауы – «Павлодар» ерекше экономикалық аймағы ацмуғандағы Тау-химиялық метеллургиялық кешен мен Жамбыл облысындағы «TENIR Logistic».

Қытай компаниясы – Ferro Mining HK CAG, Youbang Innovative Investment Limited, CMEC, China Metallurgical Group Corp., Xinjiang Zhongtai (Group) Co.

Саласы – ГМК.

Құны – 2,3 доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2020-2025 жылдар аралығы.

38. ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР

Атауы – ERG Аллюминий зауытының құрылысы.

Қытай компаниясы – China Nonferrous Metal Industry’s Foreign Engineering and Construction Co. Ltd.

Саласы – ГМК.

Құны – 1,5 миллиард доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2021-2023 жылдар аралығы.

39. ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР

Атауы – Ақсу 2 энергоболгының құрылысы (реконструкциясы).

Қытай компаниясы – GD Power.

Саласы – Энергетика.

Құны – 540 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2021-2024 жылдар аралығы.

Солтүстік Қазақстан облысы

40. ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН

Атауы – «Taiynsha Mai LLP» рапс майын өндіру.

Қытай компаниясы – Xi’an Aiju Gereals and Oil Industry Group Co. Ltd.

Саласы – Тамақ өнеркәсібі.

Құны – 19 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2016 жыл.

Түркістан облысы

41. ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН

Атауы – «Golden Camel Group LLP» түйе сүті мен сүт ұнтақтарын өндіру.

Қытай компаниясы – Daqing Golden Land of Water-Saving Engineering Equipment Co.Ltd.

Саласы – Тамақ өнеркәсібі.

Құны – 22 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2016-2018 жылдар аралығы.

42. ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН

Атауы – «Green Technology Industries LLP» Полиэтилентерефталатты қалдықтарды өңдеу мен штапелді синтепон өндіру.

Қытай компаниясы – Hong Kong Ceneral Industry and Commerce Co.Ltd.

Саласы – Химия өнеркәсібі.

Құны – 20 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2016-2018 жылдар аралығы.

Анықталып жатыр:

43. ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР

Атауы – Биохимия кластері мен алдыңғы қатарлы химиялық материалдар әзірлеу (бірінші этап: DN 5 құрылысы)  Kaz Azot.

Қытай компаниясы – Cathay Industrial Biotech.

Саласы – Химия өнеркәсібі.

Құны – 2,5 миллиард доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2021-2023 жылдар аралығы.

44. ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР

Атауы – Амиак – карбамид өндірісі.

Қытай компаниясы – North Huajin Chemical Industries Group, Norinco International Cooperation Ltd.

Саласы – Химия өнеркәсібі.

Құны – 600 миллион доллар.

Жүзеге асырылу мерзімі –2020-2024 жылдар аралығы.

Abai.kz

37 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437