Қырымбек Көшербаев мемлекеттік хатшы болып тағайындалды
Қырымбек Көшербаев мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылсын", - делінген жарлықта.
Қырымбек Көшербаев 1955 жылдың 20 мамырында Қызылорда облысында дүниеге келді. Ол премьер-министрдің орынбасары, баспасөз хатшысы және Президенттің баспасөз қызметінің жетекшісі болып қызмет атқарған еді.
Одан бөлек, Көшербаев білім, мәдениет және денсаулық министрі, білім және ғылым министрі болды.
2000 жылдың соңында ол Батыс Қазақстан облысының әкімі, ал 2003 жылдың қараша айында Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі ретінде қызмет істеген.
2006 жылы 24 қаңтарда Маңғыстау облысының әкімі болды.
2012 жылы премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.
Ал 2013 жылдың 17 қаңтарында Қызылорда облысының әкімі болып қызмет атқарған.
Бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы болып қызмет еткен.
Abai.kz