Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 4457 12 пікір 19 Қыркүйек, 2019 сағат 12:42

Даудың басы ДАИШ тан

Естеріңізде болса өткен жылдың қазан айында аталмыш тақырып аясында алғашқы постымды жариялаған едім. Одан бері бір жылдың көлемінде аймақтық стратегиялық саясатта көп өзгерістер түбегейлі орын алып жатыр...

Сирия аумағындағы ДАЕШ-тің негізгі қарулы күштері дәл бүгінгі уақытта Ауғанстан аймағына топталып болып қалды десек те болады. Сириядағы ДАЕШ күші соңғы кездері әлсіреді де, негізгі қарулы топтар Орталық Азияны бетке алып Ауған топырағына ағылып кете барды. ДАЕШ-тің Сирия аумағындағы осы бір өлара әлсіз тұсын жіті бақылап отырған Қазақстан "Жусан" жобасын ұйымдастыра қойды да өңірдегі қандастарымызды елге әкеліп алды. Бірақ, мынаны анық білуіміз керек, өңірдегі саяси ойын бұнымен біткен жоқ, өңірдегі саяси ойын енді басталуы бек мүмкін...

2017'ден бері Сирия аумағынан және әлемнің басқа да аймақтарынан Ауған топырағына топталған ДАЕШ күштерінің ұзын саны он мың деп болжануда. Олар Ауғанстандағы жергілікті діни күштермен бірігу процсессін өткізіп жатыр. Ауғанстан аймағы Сириядай емес таулы, күрделі этникалық топтарға толы аймақ. Шабуылға қолайсыз, қорғануға ыңғайлы, ықтасын аймақ.

Ауғанстанға топталып жатқан ДАЕШ күштері нақты нені көздеуі мүмкін? Бұны олардың алдағы саяси белсенді әрекетінен тұспалдауға болады... Өз басым мынадай үш түрлі болжау айтамын:

Біріншісі, ДАЕШ-тің негізгі көздейтін аймағы- қытайдың шыңжаң регионы. Өйткені, Ауған аумағына жиналған негізгі саяси күштер Шыңжаң аймағымен көбірек ілік-шатыс болуға тырысуда. Аймақтағы жергілікті халықтың қытай саясатына деген ішкі қынжылы сыртқы күштердің де басты нысаны мен назарына ілігуде. Осы орайда ішкі-сыртқы күштердің белсенді қимылдауымен өңірдегі саяси тәртіпті бұзып, қытайға ашық күрес жариялау. Сонымен қатар қытайдың "керуен жолына" қарауыл қойып, жібек керуендерін тонау яғни қытайдың миллиардтаған қаржы салған "бір жол бір белдеу" жобасының жолын тосып, қарақшылық істеу. Ол үшін Ауған мен тұтас Орталық Азияда діни фанаттар белсенді қарекетке көшуі тиіс.

Екіншісі, Орталық Азия басты нысан болуы бек мүмкін. Белді әлемдік державалар ДАЕШ арқылы Орталық Азияны қауіпті аймақтарға айналдырып, сол қауіпті сейілту сылтауымен Орталық Азияда жаңа шекара, жаңа жүйе орнатуға ұрынуы мүмкін. Бұл Ақш, Қытай және Ресейдің аймақтағы мүдделер қатынасы мен қақтығысына байланысты. Сирияға барған қытайлық ДАЕШ күштерінің 95%-ы қытай-тайланд шекарасы арқылы өткенін ескерсек, Ауғандағы ДАЕШ күштерінің Орталық Азияны нысан етуі әуелде қытайдың мүддесіне жағады. Өйткені, дәл қазіргі сәтте ДАЕШ әскери қарулы күшеріне бетпе-бет төтеп беретін әскери қорғаныс Орталық Азия елдерінде әлі жасақталып болған жоқ. Кешегі Арыс оқиғасы соның жүз бір мысалы және анық көрінісі... Бұндай дайындықсыз жүру қытаймен қауіпсіздік саласы бойынша диалогқа баруға мәжбүрлейді, яғни біз өңірдің қауіпсіздігі үшін қытайдың әскери күшіне сүйенуіміз мүмкін. Қытай біріншіден "сауда керуендерінің" амандығы үшін, екіншіден орталық азияның қауіпсіздігі үшін қорғаныс күштерін, әскери базасын әкелуі мүмкін. Бірақ бұл бірінші кезекте Ресей мен Ақш-қа ұнамайды. Ақш пен Ресей жеке-жеке саяси проектілер жобалап, қытай мен ДАЕШ күштерінің Ауған аумағынан тыс өңірде қимылдауын бірде тежеп, бірде қолпаштап отыруы мүмкін. Бұның нәтижесі Орталық Азияда жаңа саяси күштердің белсенді позициясын қалыптауы мүмкін яғни билікке Ресейшіл күштер, Батысшыл (Ақш да бар) күштер, Қытайшыл күштер және Исламист күштер белсенді араласып саяси күрес астыртын жүруі мүмкін. Осындай уақытта белгісізден пайда болған саяси "тұлғалар" көп бой көрсетуі ықтимал. Ақш-Қытай арасындағы сауда қатынасының нашарлауы және қытайдың теңіз аймақтардағы сауда жолының тарылуы, Ақш-тың қытайды теңіз айлағы арқылы посттармен қоршауы қытайдың теңіз аймағындағы экономикалық күшінің Орталық Азияға қарай сырғытуға басты себеп болуда. Сондықтан Орталық Азия елдері қаласақ та, қаламасақ та қытай экономикасымен әбігер боламыз. Егер, Ауған аумағындағы ДАЕШ күштері Орталық Азияны көздесе ол қытайдың оң жамбасына келді дей бер. Онда қытай-тайланд шекарасы арқылы Сирияға кетіп әбден ысылған қарулы күштер Ауған жерінде қытайдың көктен тілеген орайын дерден тауып берген болады.

Үшіншісі, ДАЕШ қарулы күштері Ауған жерінің өзінде қарекет етуі мүмкін. Яғни Ауған елін "екінші сирияға" айналдырып аймақтағы державалардың саяси тепе-теңдігін дағдарысқа ұшырату ықтимал. Бұл әуелі қытайға сосын Орталық Азия мен ресейге тиімсіз. Қытай Ауғандағы ДАЕШ-тің өзіне ықпал етуін тосу үшін шыңжаң аймағын одан ары жіті бақылауға ала береді. Қауіпсіздік қорғаныстары одан ары арттырылады. Бұның соңы шыңжаң регионын "қытайдағы ауғаныстанға" айналдырып жіберуі мүмкін. Бірақ, бұның тағы бір ұшы шыңжаң регионындағы қытайдың демографиялық санын (өсімін) азайтып жіберуі де мүмкін. Ішкі қытайдан қарулы күштер шыңжаң регионына мыңдап келгенімен, шыңжаң регионын тастап ішкі қытайға ағылған жергілікті қытайлықтардың саны жүз мыңдап көбеюі мүмкін.

Қош, не керек! Үш болжамның үшеуі де Орталық Азия елдеріне тиімсіз. Мейлі қандай болжау тұспалдасақ та соңында көбірек зардап шегетіні Орталық Азия елдері болмақ. Енді, қайтпек керек? Біріншіден, қытайды және шыңжаң аймағын жіті зерттеуге алуымыз керек. Аймақтардағы стратегиялы зерттеулерде жаңа көзқарас, жаңа таным ортануымыз керек. Пікір мен таным қалыптауда кәсіби мамандардың аналитикасына көбірек жүгінуіміз керек. Екіншіден, Ауған аймағын жіті қадағалауға алуымыз тиіс. Бұл аймақтардағы діни, мәдени һам саяси жаңалықтарды апталап сарапқа салуымыз тиіс. Ордұ, Поштун және Парсы тілдерін жақсы меңгерген кәсіби мамандарды жарыққа шығаруымыз керек. Ауғандағы соңғы жаңалықтарды жылдам сараптап отыруымыз керек. Үшіншіден, Орталық Азия елдерінің ортақ әскери қорғаныс күштерін ұйымдастыруымыз керек. Орталық Азия елдерінің ортақ армиясы құрылса тіптен құба құп болмақ. Бұл ДАЕШ қарулы күштерінің Орталық Азияға қауіп төндіруін тосады, келесі бір жағы қытай әскери күшіне сұраныс болмайды.

Осындай өлара кезеңде Қазақ билігіне мемлекетшіл тұлғалардың көбірек келгені дұрыс.

Елдес Орданың facebook парақшасынан

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3511