Жұма, 27 Желтоқсан 2024
3519 0 пікір 19 Қыркүйек, 2019 сағат 16:50

Қызылорда облысы: Диқандар күрішті 5 қазанға дейін орып болады

Ағымдағы жылы облыс бойынша 183,1 мың гектар ауылшаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде күріш егісінің көлемі 87,9 мың гектарды құрады. Егіс көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 5,8 мың гектарға артып отыр.

Бүгін облыс әкімдігінің аппараттық мәжілісінде егін жинау жұмысының барысы туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков  баяндады.

Ағымдағы жылы барлық егілген дәнді дақылдар 97,5 мың гектарды құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 2,4 мың гектарға артты. Әртараптандыру бағыты бойынша күріштен басқа дәнді дақылдар көлемі 2,4 мың га, мал азықтық дақылдар 3,4 мың га, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 639 га ұлғайтылды.

«Бүгінгі күнге облыс бойынша күріштен басқа барлық дәнді дақылдар мен мақсары толық жиналды. Күздік және жаздық бидай, арпа дақылдарын жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Сонымен қатар, дәндік жүгерінің 55,9%,  жиналды. Қазіргі уақытта картоп дақылының 48%, көкөністің 68%, бақшаның 67% жиналды. Орта өнім картоптың әр гектарынан 119 цн, көкөністен 171,9 цн, бақшадан 212 цн, мақсарыдан 9,1 цн өнім алынуда»,-деді Қ.Мүбараков.

Сонымен қатар, қысқа қажетті мал азығы дайындалды. Облыс бойынша барлығы 577,3 мың тонна дайындалды. Оның ішінде 192,4 мың тонна - жоңышқа шөбі және 384,9 тың тонна - табиғи шөп.

Күріш жинау жұмыстарын оңтайлы мерзімінде аяқтау үшін қолда бар барлық мүмкіндіктер жұмылдырылған. Жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілген. Күзгі егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін 16 мың тонна мемлекет тарапынан арзандатылған дизель отыны бөлініп отыр. Тамыз айына бөлінген 4,6 мың тонна дизель отынының 3 705 тоннасы облысқа жеткізілді.

«Биылғы жылы ауа райының қолайлы болуынан егін егу мен күтіп – баптау жұмыстары мерзімінде атқарылды. Егін жинау жұмыстарына қажетті техникалары да жеткілікті. Жалпы күріш жинау жұмыстарын ауа райы қолайлы болса, 5 қазаннан кешіктірмей аяқтауды жоспарлап отырмыз»,-деп атап өтті Қ.Мүбәраков.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2054