Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
3093 0 пікір 20 Қыркүйек, 2019 сағат 11:17

Қызылордалық спортшылар республикалық паралимпиадалық ойындардан 38 медаль еншіледі

Ақтөбе қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ҚР V жазғы Паралимпиадалық ойындарында қызылордалықтар спортшылар 38 медаль иеленді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Kyzylorda-News.kz. интернет газетіне сілтеме жасап.

Сырбойылық спортшылар еншілеген 38 медальдің 27-і алтын, 4-уі күміс, 7-уі қола.

Жалпы, Республикалық Паралимпиадалық ойындардың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Қызылорда облысының құрамасы 17 команда арасында 4-орынға иеленді.

Жекелей есеп бойынша жеңіл атлетикадан Бекжан Зулбулхарұлы, Бахытбек Нұржанов, Виктор Гуревнин 100 жəне 400 метр, Даяна Федосова 100 метр, Мейіржан Мақшат 1500 метр қашықтыққа жүгіруден алтын медальдарды жеңіп алды.

Бағдат Елібаев пен Мейіржан Мақшат 400 жəне 800 метр қашықтыққа жүгіруден бірінші болып келсе, Ислам Салимов күміс жүлдеге ие болды.

Даяна Федосова мен Бақберген Қолғанат ұзындыққа секіруден жеңімпаз атанса, Ислам Салимов күміс жүлдені иеленді.

Даяна Федосова мен Виктор Гуревнин 200 метр қашықтыққа жүгіруден 1-орынды жеңіп алса, Бағлан Елібаев 3-орынды еншіледі.

Виктор Гуревнин жеңісіне орай ҚР халықаралық дəрежедегі спорт шебері нормативін орындады.

Сондай-ақ, Бақберген Қолғанат пен Еламан Жоламан найза лақтырудан мықты екендіктерін дəлелдесе, Еламан Жоламан диск лақтырудан үздік атанды.

Алмасбек Сейтенов найза мен диск лақтырудан қола жүлделерге қол жеткізді.

Пауэрлифтингтен Кабира Асқарова (-50 келі), Станислав Шакиев (-65 келі), Айгүл Байжанова (-79 келі) жəне Ляззат Жакупова (-86 келі) алтын, Қуаныш Əлиасқаров (-54 келі) күміс, Фариза Төлжан (-50 келі) мен Қуаныш Амангелдиев (-65 келі) қола жүлделерді иеленді. Фариза Төлжан ҚР спорт шебері нормативін орындады.

Парадзюдодан 66 келі салмақ дəрежесінде Олжас Оразалыұлы чемпион атанса, 73 келіде Азамат Тұрымбетов 3-орынға ие болды.

Сонымен қатар, мылтық атудан Сағатбек Сиюов қола жүлдені еншіледі.

Отырып ойнау волейболынан облыс құрамасы күміс жүлдегер атанды.

Abai.kz

0 пікір