Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
2710 0 пікір 24 Қыркүйек, 2019 сағат 11:27

Ресей жеңіл атлеттері биылғы әлем чемпионатынан тағы қағылды

Жеңіл атлетика бойынша Ресей құрамасы биыл екінші рет қатарынан әлем чемпионатына қатыса алмайды. Дүйсенбі күні дүниежүзілік жеңіл атлетика федерациясы (IAAF) допинг жанжалы үшін ресейлік спортшыларға жарысқа қатысуға тыйым салу мерзімін ұзартты.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) ресейлік атлеттердің жаппай допингті кеңінен қолданғаны үшін 2015 жылдың қараша айында оларды дисквалификациялаған. Ресей құрамасы 2016 жылғы Олимпиада ойындары мен 2017 жылғы әлем чемпионатына қатыса алмады. Жарыстарға тек өзінің допинг қолданбағанын дәлелдеген ресейлік атлеттер ғана бейтарап тумен қатыса алды.

Британдық The Telegraph басылымының жазуынша, егер допинг сынамалары туралы деректердің бұрмаланғаны расталса, онда Ресейдің допингке қарсы агенттігінің жұмысы уақытша тоқтатылып, ресейлік спортшылар 2020 жылы Токио Олимпиадасынан шеттетіледі.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) Ресейге Мәскеу зертханасындағы допинг сынамасы деректерін бұрмалау жайлы жорамалдарға байланысты түсініктеме беруге үш апта уақыт берген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2051