Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
4089 0 пікір 24 Қыркүйек, 2019 сағат 11:31

Атамбаевты берілуге көндірген Курсан Асановтың ұлы Өзбекстанға қашып кетті

Қырғызстанның ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Курсан Асановтың ұлы Өзбекстанға қашып кетті. Бұл жөнінде әскери прокурор Нуркамал Набиев мәлімдеді.

Оның сөзінше, Мухаммед-Али Асанов "Достық" шекара бекетінен өткен.

"Оған дейін ол күдікті ретінде саналмады. Оған қарсы дәлелдер болмады. Ол тергеуге шақырылмады. Бірақ ол қашып үлгерді", - дейді Набиев.

27 тамызда 1997 жылы туған Мухаммед-Али Асановты ұстау жөнінде шешім шыққан. Оған қазір іздеу жарияланды.

Елдің бас прокуратурасы Курсан Асановқа қарсы дәлел келтіретін заттарды ұлы арқылы Атамбаевтың жақтастарына берді деп айып таққан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2051