Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
3313 0 пікір 12 Қыркүйек, 2019 сағат 19:40

Аралдың «Арал-Ас» құрамасы топ жарды

Қызылордада қала күніне орай «Ашық аспан астында» атты жастар фестивалі өтті. Жастар жылын атап өту мақсатында өткізілген шараға көңілді тапқырлар алаңы жобасына қатысушы еліміздің  үздік 11 командасы бақтарын сынап, эстрада жұлдыздары қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 Жастар мерекесінде облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қызылордалықтарды қала күнімен құттықтап, жастарға жылы лебізін білдірді.

Фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған әзілкештер үздік әзілкештер – Орал қаласынан «24 сағат», «ҚазИИТУ», Қарағанды облысынан «Қарағанды құрамасы», Жамбыл облысынан «Шу-чу», «Тараз 2000», Түркістан облысынан «Арыс», Алматы қаласынан «Ауылдар құрамасы», Арал ауданынан «Арал-Ас», Қармақшы ауданынан «Қармақшы құрамасы», Қызылорда қаласынан «Қорқыт Жастары» және «Қорқыт» құрамалары өзара сынға түсті.

КТА ойындарына қазылық ету мақсатында Қазақстанның эстрада жұлдыздары Дастан Оразбеков, Нұржан Керменбаев, жерлесіміз, белгілі әзілкеш Қанат Әлжаппаров арнайы шақырылды. Кешті белгілі шоумен, әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жүргізді.

Сайыс қорытындысымен І орынды Арал ауданының «Арал-АС» командасы қанжығасына байлап, 1 млн теңге сыйақыға ие болды. ІІ орынды «Тараз 2000» командасы жеңіп алса,  ІІІ орынды Орал қаласының «ҚазИИТУ» командасы иемденді.

Айта кетейік, бұған дейін Сыр жастарының әнұранына байқау жарияланған болатын. Осы фестивальде әділ қазылардың шешімімін жеңіске жеткен әнұран авторы Жарылқасын Оразқұловқа 500 мың теңге сыйақы табысталып, әннің тұсауы кесілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2078