Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
3658 1 пікір 27 Қыркүйек, 2019 сағат 11:24

Мемлекет басшысы "Goldman Sachs" компаниясының президенті Дэвид Соломонмен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев "Goldman Sachs" компаниясының президенті Дэвид Соломонмен кездесті.

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының шеңберіндегі ынтымақтастық мәселесі талқыланды.

Мемлекет басшысы Дэвид Соломонға компаниясының Қазақстандағы жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыруға қатысқаны, сондай-ақ, 2018 жылы АХҚО биржасы акционерлерінің қатарына кіргені үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Goldman Sachs" компаниясымен ынтымақтаса отырып Қазақстанда жаңа жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты. Атап айтқанда, АХҚО-мен өзара іс-қимыл аясын кеңейту және қазақстандық компаниялардың IPO-ға шығуына жәрдемдесу мәселелерінде тығыз жұмыс істеуге ниет білдірді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2103
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4973
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4201