Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
3860 2 пікір 30 Қыркүйек, 2019 сағат 11:30

Еңбек министрлігі балалар жәрдемақысы туралы мессенджерлерде таралған ақпаратты "фейк" деп атады

Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрі 1 қазаннан бастап әр балаға 11 мың теңгеден (шамамен 28 доллар) жәрдемақы төленеді делінген ақпаратты "фейк" деп атады. Жалған ақпарат мессенджерлерде таралған.

Жалған ақпарат таралды делінген министрлік мәлімдемесінде. Онда осы күні төленіп жүрген жәрдемақылар тізімі көрсетіліп, қазанда ешқандай ақша берілмейтіні айтылған.

Министрлік әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа механизмдері әзірленіп жатқанын хабарлады. Мұндай ұсынысты ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасаған.

Қыркүйек айының басында Тоқаев халыққа жолдауында жағдайы нашар отбасыларға әлеуметтік көмек беру механизмі дұрысталатынын айтқан. Қазақ билігінің мәліметі бойынша, бес жылда әлеуметтік көмек алатындар саны 77 мыңнан 1,8 миллионға артқан.

Бұл күндері жоғары лауазымды шенеуніктер "масылдар" көбейіп бара жатқаны туралы көп айтып жүр. Әлеуметтік көмек берілерден бұрын елде көп балалы аналар бірнеше ай бойы митингтерге шыққан еді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2040