Сейсенбі, 21 Қазан 2025
3818 6 пікір 2 Қазан, 2019 сағат 12:51

Тараздағы алаңға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

Тараз қаласындағы "Достық" дейтін алаңға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. Бұл туралы "Tengrinews.kz" сайты хабарлады. 

Осындай қаулы "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің порталында жарияланды.

Мәтінде тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі қаулы етіп және Жамбыл облыстық мәслихаты Тараз қаласының "Достық" алаңын "Нұрсұлтан Назарбаев" алаңы деп қайта атау шешімін қабылдағаны айтылады.

"Осы нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген құжатта.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1014
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10322