Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2804 0 пікір 8 Тамыз, 2011 сағат 07:34

Жорж С.Клейсон. Байлық кілті (жалғасы)

Сәттілік пірімен таныс бол

Жолы болғыштың қалай да жолы - сәтті.

Ебпратқа лақтыршы, ол су түбінен маржан уыстап шығады.

Бабылдық мақал

 

Қай адам да өзіне сәттілік тілейді. Мұндай тілек кәзіргі адамдардың бойындағыдай төрт мың жыл бұрынғы ежелгі Бабыл тұрғындарына да тән болатын. Шолжаң сәттілік пірінің бәрімізді де назардан қалдырмауына үміттіміз.Оны өзімізге қаратып қана қоймай, өзінің ағыл-тегіл қайырын тигізуіне қол жеткізе аламыз ба?

Сәттілікке қалай қол жеткізеді?

Бұл сауалды Бабыл тұрғындары да өздеріне серік етіп, оған талайы өжеттене жауап іздеген.Олар нағыз іс пен терең ойдың адамдары еді.Бабылдың ежелгі дүниедегі ең бай әрі қуатты қала болғандығы соның арқасы болатын.

Ол кезде мектеп те, колледж де болған емес. Дегенмен оларда нағыз машықтыратын білім ошағы болатын.Бабылдың көкке ұмтылған патша сарайлары мен аспалы бақтары және тәуханаларынан кем түспейтін зәулім ғимараты болды. Бұл жайында тарихи шежірелерде ештеңе де айтылмайды, бірақ ол сол кездегі адамдардың санасына орасан ықпал еткен еді.

Сәттілік пірімен таныс бол

Жолы болғыштың қалай да жолы - сәтті.

Ебпратқа лақтыршы, ол су түбінен маржан уыстап шығады.

Бабылдық мақал

 

Қай адам да өзіне сәттілік тілейді. Мұндай тілек кәзіргі адамдардың бойындағыдай төрт мың жыл бұрынғы ежелгі Бабыл тұрғындарына да тән болатын. Шолжаң сәттілік пірінің бәрімізді де назардан қалдырмауына үміттіміз.Оны өзімізге қаратып қана қоймай, өзінің ағыл-тегіл қайырын тигізуіне қол жеткізе аламыз ба?

Сәттілікке қалай қол жеткізеді?

Бұл сауалды Бабыл тұрғындары да өздеріне серік етіп, оған талайы өжеттене жауап іздеген.Олар нағыз іс пен терең ойдың адамдары еді.Бабылдың ежелгі дүниедегі ең бай әрі қуатты қала болғандығы соның арқасы болатын.

Ол кезде мектеп те, колледж де болған емес. Дегенмен оларда нағыз машықтыратын білім ошағы болатын.Бабылдың көкке ұмтылған патша сарайлары мен аспалы бақтары және тәуханаларынан кем түспейтін зәулім ғимараты болды. Бұл жайында тарихи шежірелерде ештеңе де айтылмайды, бірақ ол сол кездегі адамдардың санасына орасан ықпал еткен еді.

Ол - қайырпаз ұстаздар шәкірттерге ежелгі дәуір білімдерін тегін дарытқан және жұртты алаң еткен тақырыптар талқыға салынатын Ілім сарайы болатын. Бұл сарайдағы пікірталаста құлдың өзі патша тұқымдарына жататын төремен де айтыса алатын құқығы бар еді.

Ілім сарайының тұрақты өкілі Арқат деген данагөй  әрі бай кісі болатын.Оны Бабылдың ең ауқатты шонжары дейтін жұрт.Оның өзінде кеш сайын тыңдармандары жиналатын жеке бөлмесі болды, оған қарт та, бала да, келетін, бірақ тыңдаушының көпшілігі орта жастағылар еді. Олар өздері қызықтырған тақырыпты талдап, пікір таластырып жататын. Сол жиындардың біріне біз де бас сұғып, сәттілікті өздеріне қарату тәсілін меңгерді ме екен, соны білейік.

Арқат күнделікті мінберіне шыққанда, сәулесі құмды шаң қабатын тілгілеп, Күннің алып алтын табағы батуға беттеген еді.Оны жерге төселген кілемге жайғасқан сексенге жуық адам  шыдамсыздана күтіп отырған. Адамдар үсті-үстіне келіп жатыр.

- Бүгінгі кеште нені талдаймыз? - сұрады Арқат.

Біршама үнсіздіктен соң орнына ұзын бойлы тоқушы тұрды да:

- Мені көптен мазалаған бір мәселе бар, бірақ оны ортаға салмай келгенім, ол Арқат, саған да, жиналғандарға да күлкілі жайт болуы мүмкін.Бүгін мені сәттілік жағалап, алтын ақшалы әмиян тауып алдым.Сәттіліктің менен ешқашан кетпегенін қалаймын, мына кісілер де соған мүдделі болар деп ойлаймын. Сол себепті, өзіңе бақытты қалай тарту керек, они қандай жолдармен қаратуға болады, міне, осыны талдасақ.

- Өте қызық тақырып екен,- деді де Арқат үнсіз қалды.- Ол талқыға тұратын нәрсе.Біреулер үшін сәттілік - ешбір мақсатсыз, себепсіз кезігіп жататын жолының болуы. Кейбіреулер үшін, ол - барын сала құлдық еткені үшін Иштар пір ана тарапынан меңгерілетін жағдай. Сонымен, достар, бұл турасында кім не ойлайды? Әрқайсымызға жол ашатындай нәрсе бар ма?

- Жиірек жол ашса, деңіз! - кейбіреулер арқасы қоза дауыстады.

- Талқыны бастау үшін,- сөзін жалғады Арқат,- әуелі тоқушыға кезіккендей сәттілікті бастан кешкендер сөзін тыңдайық.Арамызда қиналмастан, ақша не құнды зат тауып алған тағы кім бар екен?

Тыныштық орнады. Жиналғандар бір біріне қарап, кім түрегелер екен деп күткенімен, ешкім шыға қоймады.

- Немене, ондай адам жоқ па? - сұрады Арқат. - Демек, ондай сәттілік барынша сирек болады екен.Біреуің ізденісімізді қалай жалғастыратынымызды айтсаңдар.

- Мен көрейін,- орнынан жақсы киінген жас жігіт түрегелді. - Сәттілік турасында айтсақ, ойымызды  ойын үстеліне бағыттағанымыз дұрыс емес пе? Байлықты бір мезетте ұту үшін көптеген адамдар сол жерде сәттілікке иек артпай ма?

Ол орнына жайғасқанда, жұрт шулап кетті:

- Жалғастыр сөзіңді! Ойын үстелінде жолың болған жайтты өзің ортаға сал. Сәттілік ойынхана қожайыны есебінен әмияныңды қампайту үшін жеребе тасының қызыл жағын саған бұрды ма? Әлде, керісінше, оның көк жағын түсіріп, жинап-тергеніңді бір сәтте қожайынның қанжығасына байлады ма?

Жас жігіт жұртпен бірге ішек-сілесі қата күлді де, өз жауабын берді:

- Меніңше, пір ана,тіпті, менің онда барғанымды да білмесе керек. Ал, басқалары туралы жауап бере алмаспын. Сіздер оны сондай жерлерден көрдіңдер ме? Ойын тасын сіздердің пайдаларыңа қарай бұрды ма? Ондай болса, айтыңыздар, біз тыңдап, үйренейік.

- Әңгіменің басы жаман емес,- араласты Арқат.- Біз мұнда әрбір туындаған жайтты талдауға келдік. Егер біз ойын үстелін қарастырмасақ, онда көпшілікке тән, ойынға күміс тиын салып, алтын құйма ұтуға аңсары ауатындардың жайын айналып өтеміз.

- Бұл әңгіме маған кешегі бәйгені есіме салып отыр.- сөзге тағы бір тыңдаушы араласты.- Егер сәттілік пірі ойынханаға бас сұғатын болса, онда арбасына алтын жалатылған, шапқан аттары көбіктенген атжарысқа да бармауы мүмкін емес қой.Арқат, шынын айтшы, кеше сен Ниневиядан келген сұр аттарға ақша салғанда, ол пір саған не деп сыбырлады? Мен сенің артыңда тұрып, сұр аттарға салғаныңды естіп, өз құлағыма өзім сенбедім. Ассирияның бір де бір шабандозы біздің атқораның жылқыларын шаң қаптыруы мүмкін емесін бәріміз секілді сен де білесің ғой.Мойында, сәттілік пірі саған не айтқанын, өйткені, соңғы бұрылыста қос қара ат біздің шабандозға кедергі жасап, ақырында сұр аттар жеңіске оңай қол жеткізді.

Арқат қуақыланған жымыйыспен пікірталасшыға қарады.

- Біреудің қандай атқа ақша салғанында сәттілік пірінің қандай жұмысы бар екен? Меніңше, ол бар болғаны - махаббат пен ұлылық киесі, кім де кім оған мұқтаж болса және еңбегі сіңсе, ол соны марапаттайды. Мен оны алтындарын ұтқызатын ойын үстелі мен атжарыстан емес, барынша пайдалы адам қылығы мен мадаққа лайық орындардан іздеймін.

Жер өңдеп, әділ сауда жасап, қолөнермен айналыса жүріп, пайдаға әруақта кенелуге болады.Бәлкім, мадақ сендерді қадам сайын аңдып жүрмес,өйткені, адам баласы кейде қателесіп, кейде оның еңбегін жаманат еш кетіруі мүмкін ғой. Алайда, ол барынша қайсарлық танытса, онда ақыр соңында ол мадаққа лайықталады, себебі, сәттілікке деген мұрсат сондайларға ғана тиесілі.

Ал, адам құмар ойындар ойнаса, жағдай мүлдем керісінше болады,өйткені, бар мұрсат оған қарсы болып, ойын үстелінің қожайыны жағына шығады. Ойынхана - соның кәсібі, ол ақшасын ойынға сала отырып, қомақты пайда табуды көздеген жан.Аздаған ойыншылар ғана өздерінің мұрсатының мейлінше аз екенін сезіп, ойын кәсіпкерінің пайдаға кенелетінін біледі.

Ойын тасын алайық. Оны лақтырған сайын біз ақша салып, оның үстіңгі бетін болжауға тырысамыз.Егер ол қызыл жағымен түссе, ойынхана қожайыны бізге салған ақшадан төрт есе көп қаржы береді. Ал, қалған бес бетінің бірі түссе, біз салымнан айырыламыз. Бұл дегеніміз - әрбір тастамда біздің бес мәрте ұтылу мұрсатымыз бар деген сөз, бірақ қызыл жағы төрт есе ұта алатындықтан, бізде төрт ұтыс мұрсаты ғана бар. Бір кеште қожайын барлық салынған соманың бестен бірін алуға мүдделі. Егер қожайын міндетті түрде бар ақшаның бестен бірін ұтуды алдын ала ойластырған болса, одан кімнің үміті болмақ?

- Бірақ біреулер үлкен ақша ұтып жүр ғой, - деп қалды тыңдаушының бірі.

- Иә, ондайлар болып тұрады,- жауап берді Арқат.- Бірақ ол сәттілік қаншалықты мығым? Бабылдағы менің таныстарым арасында ауқаттылар жеткілікті, бірақ олардың бір де бірін жетістік жолын құмар ойыннан тапқан ақшамен бастады дей алмаймын.

Бүгін жиналған бәрің де қаламыздың байларын жақсы білесіңдер. Мен олардың ішіндегі қайсысы өздерін байлыққа жеткізген ойын үстелін атар екен.

Біршама үнсіздіктен соң, отырғандардың бірі қолапайсыздау түрде:

- Ойын үстелінің қожайындары болмаса.- деп қалды.

- Егер ойларыңа басқа ешкім түспесе,- деді Арқат,- онда сендер туралы сөйлесейік. Араларыңда ойынхананы табыс көзі еткендерің бар ма?

Жауап ретінде арт жақтан біреудің күңкілі шықты да, оған жұрт ду күлді.

- Шамасы біз пірі болар сәттілікті басқа маңнан іздеп отырған секілдіміз,- деп жалғады ол.- Ендеше басқа жерден іздестірейік. Оны біз жоғалған әмияннан таппадық. Сондай-ақ, ол ойын үстелі маңында да бола қоймады.Атжарысты алсақ, ондағы ойыннан өз басым ұтқан ақшадан ұтылғаным көп.

Онан да өз кәсібімізге оралайық.Қайдағы бір сәттіліктен гөрі, өз еңбегіміздің адал қайтымына иек артатын нағыз табиғи табыс көзі сол ғой. Менің пайымымша, пір ананың сыйлығына сыйынып отырудың жөні жоқ.Бәлкім, ол бізге өзінен ешбір қайыр күтпеген тосын сәтте жол ашар. Бұған алып-қосар кімдер бар? Ақшыл киімді егде саудагер орнынан тұрды:

- Құрметті Арқат мырза, сенің рұқсатыңмен мынаны айтқым келеді: егер сен айтқандай біз тек өз күшіміз бен қабылетімізге ғана сенсек, қолымызда болып тұрып, сусып кеткен мүмкіндіктер жөнінде талдасақ. Нағыз сәттілік - өте сирек құбылыс.Ал, қолдан сусыған сәттілік жайын көбіміз де айта аламыз ғой.

- Ақылды пікір,- деді Арқат,- Араларыңда кім бар, қолға түскен бағы сусыған?

Көптеген қолдар көтерілді, ішінде әлгі саудагер де бар.

- өзің бастадың, енді өзің бастап баянда болған жайды.- сөз берді оған Арқат.

- Бір жайтты айтып берейін, ендеше,- деді ол,- Ол жайт адамның бағы қалай таяп келетінін және адамның қаншалықты көзсіз қылыққа барып, сәттіліктің шорт бұрылып, өкіндіретінін көрсетеді.

Көп жыл бұрын, жас кезімде болатын. Үйленген бойым, тым жақсы табыс таба бастадым. Әкем келді де, бір іске ақша салуды ұсынды.Оның жақын таныстарының бірінің  ұлы қала дуалының сыртындағы бос жатқан жер бөлігіне көзі түсіпті. Ол жер арнасынан жоғарыда болғандықтан су бармайды екен.

Әкемнің досының ұлы мынадай жоспарын айтты: сол жерді сатып алып, оған өгіз айналдыратын үлкен үш шығыр орнатып суаратындай мүмкіндік жасап, жерді алқаптарға бөліп, көкөніс өсірушілерге сату керек.

Әкемнің досының ұлында аталған жоспарды атқаруға алтыны жеткіліксіз екен.Ол да мен секілді жас әрі табысы көп емес еді. Оның әкесі де менің әкемдей көпжанды жанұясы бар болғандықтан, оған бөлетін артық қаржысы болмады.Сондықтан ол үлестерін қосатын адам іздепті. Он екі адамнан тұратын топтың әрқайсысы жер сатуға даяр болғанша, табыстарының оннан бір бөлігін салу керек болған.Түсімнен әркім өз салымына сәйкес әділетті түрде үлесін алатын болған.

- Ұлым, - деді әкем, - Сен әлі жассың. Мен өмір бойы сенің ауқатты да құрметті азамат болуыңды аңсадым.Мен сенің әкеңнің қатесін қайталамауыңды тілеймін.

- Мен де соны тілеймін, әке,- дедім.

- Ендеше менің кеңесімді тыңда. Табысыңның оннан бір бөлігін ал да пайдалы іске сал.Сол салымның арқасында менің жасыма жетпей-ақ сен ғұмырыңа жетерлік жағдай жасап аласың.

- Сөздеріңнің жөні бар, әке.Менің сонша байығым келеді.Бірақ менің кәзіргі табысым шығыннан ауыспай жатыр. Сондықтан күте тұрам, мен әлі жаспын ғой,үлгерем.

- Сенің жасыңда болғанда мен де солай ойлағам.Енді қарашы: қанша жылдар өтті, ал мен әлі бастаған да жоқпын.

- Әке, уақытымыз әр заманға жатады ғой.Мен сенің қатеңді қайталамауға тырысам.

- Сенің алдыңда мүмкіндіктің өзі есік ашып тұр.Ол саған баюға мұрсат беруде.Бұл істі кейінге қалдырмағаның дұрыс.Ертең досымның ұлына бар да, табысыңның оннан бір бөлігін салуға мәміле жасас.Ол істі күттіруге болмайды.Бүгін сенің мүмкіндігің бар, уыстан шығарып алма, ұлым.

Мен әке кеңесін тыңдай қоймадым.Дәл осы кезде шығыстан келген саудагерлер көздің жауын алар киім-кешек әкелген екен,әйеліміз екеуміз не де болса, алуды ұйғардық.Егер де мен табысының оннан бір бөлігін салуға келіскенімде,бізге әлгі рахаттан құр қалуға тура келетін еді.Сөйтіп, мен әлгі істің шешімін әбден кеш болғанша кейінге қалдыра бердім. Енді осы күнге дейін опынамын.Ал, әлгі іс ойлағаннан да пайдалы болып шықты.Менің қолдан сусыған бақытым туралы шежіре осы еді.

- Бұл әңгіме сәттілік берілген мүмкіндікке жармасуға дайын адамды аңдитынын білдірді,- деп қорытты бидай өңі шөлдаладан екенін байқатқан кісі,- Өзіңе байлық жинау үшін әруақта алғашқы қадам жасалуы керек.Ол қадам табыстан жиналған бірнеше алтын немесе күміс бақырдан тұруы мүмкін.Менің кәзір бірнеше табын малым бар. Бірақ оның басы бала кезімде жалғыз ғана күміс бақырға сатып алған құнажын сиырдан басталды. Менің байлығым осылай туындады.

Алғашқы қадамды аттау - әркім үшін үлкен сәттілік. Осы қадамды тәуекел еткен әркім, өз жалақысымен күн көретін қарапайым жұмыскерден, өз алтынының есебінен өмір сүретін адамға айналады. Ондай әрекетті әлгі саудагердің әкесі секілділерді айтпағанда, оған кеш баратындардан гөрі байлыққа алғы қадам жасағандар сәйкесінше ерте байюға қол жеткізеді.

Егер де біздің саудагер досымыз бұл қадамға сәттілік өзі келіп тұрған жас кезінде барғанда,ол бүгінде бұдүние игілігін әлдеқайда молынан иеленер еді.

- Мен де айтайыншы,- шетелдікке тән дауыс шықты.- Мен сириялықпын. Сендердің тілдеріңде жақсы сөйлей алмаймын. Саудагер дос секілділерді сіздердің қалай атайтындарыңызды білгім келеді.Сендер онымды әдепсіздік санауларың мүмкін,  сонда да сол сөзді білгім келеді.Егер мен оны өз тілімде айтсам, түсінбейсіңдер. Сондықтан өзіне пайдалы іс болса да, тындырғысы келмейтін адамды атасаңдар.

- Жайбасар,- деді біреу.

- Дұрыс,- қостай кетті сириялық, шапалақтарын соғып жіберді.- Ол келіп тұрған мүмкіндікті көрмейді.Ол күтумен жүреді.Ол жұмысының көптігін сылтауратады.Ал мүмкіндік ондай жайбасарларды күтпейді.Мүмкіндікке кімнің байығысы келсе, соның асығатыны жағады. Мүмкіндік сәті түскенде асықпаған адам, біздің саудагер дос сияқты, өзіне өзі жамандық жасайды.

Саудагер орнынан тұрды да, күлімсіреген күйі сириялыққа иіліп ишара етті.

- Сенің шындықты именбей айтқаның үшін, шетелдік дос, саған шексіз ризамын.

- Ал енді мүмкіндіктен айырылған тағы бір хикаяны тыңдайық.Кімнің айтқысы келеді? - деп сұрады Арқат.

- Мен айтайын,- деді қызыл шапанды орта жастағы кісі.- Мен мал сатам, негізінен түйе мен жылқы.Кейде қой мен ешкіні де сауда қыламын.Мен сендерге бір күні маған келген керемет мүмкіндікке әзір болмағанымды айтайын. Сол себепті де, мен оны бекер жіберіп алған болармын. Талдап көріңдерші.

Бір күні кешқұрым, он күн бойы түйе іздеп, қалаға қайтып келе жатқанымда, өкінішке орай, қаланың қақпалары жабылғанын бір-ақ білдім. Менің құлдарым түнеуге шатырларын тіккенше, маған егделеу бір малшы келді, ол да қалаға кіріп үлгермепті.

- Аса құрметті мырза, - деді ол маған,- түріңе қарағанда, сен  мал саудагері секілдісің.Солай болса, мен саған жаңа ғана айдап әкелген керемет бір отар қой сатайын деп едім. Өкінішке қарай, әйелімнің денесі қызып, жатып қалыпты, соған тезірек жетуім керек.Менің отарымды солайымен сатып ал, мен құлдарыммен түйелерді жолға қамдап жеделдете аттанайын. Түн болғасын мен қойларды қарай алмадым,дегенмен,қарамына қарағанда аса көп екені байқалады. Он күн бойы алуға лайық түйе болмағасын, мен қуана келістім. Ол болса, асығыс болғасын менің ойымдағы бағаны айтты.Мен ертеңгісін құлдарыммен қалаға отарды айдап кірген бойда қымбат бағаға сататынымды білдім.

Онымен алақан түйістіріп, мәміле бекіттік те, мен құлдарыма от алдырып, соның жарығымен қойды санап шықтым. Малшының айтуынша, қой саны тоғыз жүз болуы керек.Қараңғы түні әрі-бері қашқан отарды санаудың қияметтігін айтпай-ақ қояйын,достарым. Ол - мүмкін емес іс екен.Сондықтан малшыға таң ата санап, есептесетінімді айттым.

- Аса құрметті мырзам,- деп жалынды шаруа.- Бүгін үштен екісін төлеші, мен жолға шыға берейін.Мен осында ең ақылды да сауатты құлымды қалдырайын, ол саған санауға жәрдемдеседі.Оған сенем, қалған ақшаны соған берсең болады.

Бірақ мен түнде төлемейтінімді айтып, қасарыстым. Таң ата мен ұйқыдан оянып үлгерместен, қақпа ашылған бойдан төрт бірдей саудагер малшыға лап берді де, отардың бәрін сатып әкетті.Олар қойды қымбатқа сатып алды, себебі, қаланы сол кезде  дұшпан тарапынан қоршауға алу қаупі төнген еді де, шаруа болса, әр қойға менен сатылатын үш есе құнын алып,аттанып кетті. Сөйтіп, мен өзі келген сәттіліктен құр қалдым.

- Ерекше хикая екен,- аңғарғанын білдірді Арқат.- Ал, бұдан қандай қорытынды шығарамыз?

- Егер мәміленің тиімді екеніне көз жетсе, ақысын бірден төлеу керек болар,- деп қорытты қарт.- егер де мәміле шынында да пайдалы болса, онда саған ешкім де, тіпті, өзіңнің кемшілігің де зиян келтіре алмайды.Бәріміз де пендеміз, құбылмалымыз. Кейде дұрыс пікірді бұрысқа балауға бейілміз.Менің алғашқы әсерім ең дұрыс шешім болып шығатыны бар. Өзімді өзімнің осал мінезімнен қорғау үшін, артынан опынбас үшін, мен енді кепілақы қалдыратын боламын.

- Мен тағы да сөйлегім келіп тұр,- сириялық тағы да атып тұрды.- Мына оқиғалар ұқсас екен. Екеуінде де, мүмкіндік бірдей себептен кетіпті.Екеуі де кешұғар екен.Екеуі де: «кәзір нағыз сәтті кез, тезірек шешейін» деудің орнына, ылғи жай ұғып, шешімді кешіктіреді.Сосын олардан не шықсын?

- Сен дәл үстінен түстің, досым,- деді мал саудагер.- Екі жағдайда да, сәттілік жайбасарлардан теріс айналды. Оған таңданудың қажеті жоқ.Жайбасарлық әр адамға тән. Бәріміз де байлыққа ұмтылғанмен, соған керек мүмкіндік туып, шешім шығаруға келгенде баяулық еңсені басып, кейінге қалдырамыз.Соған еркімізді жеңдіріп, өзімізге өзіміз дұшпандық жасаймыз.

Сириялық досқа ұнаған сөзді өрбітсек, жас кезімде менің жайбасарлық қылған жерім болмады.Басында мен көп нәрсенің байыбына бармай, сәтті мәміледен айырылатын болармын деп ойлағам. Кейін оны өзімнің қырсықтығымнан көрдім. Ақырында оның неден екенін ұқтым. Жағдай тез арада шешім қабылдауды қажетсінсе де, кейінге қалдыра түсетін әдетімнен болып шықты.Мен өзімнің сол мінезімді иттің етінен жек көрем! Мен арбаға жегілген тарпаң жылқыдай жынданатынмын, ақыры өзімнің сол әдетімді жеңіп, жетістікке жеттім.

- Рахмет.Енді мен саудагер мырзадан мынаны сұрайын,- сириялық жігіт әңгімеге тағы араласты,- Сен кедей секілді емессің,байларша киінген екенсің.Сөзің де бай адамға тән. Енді бұдан былай, құлағыңда «асықпа» деген сыбыр тұрса, не істейсің?

- Анау мал саудасымен айналысатын досым сияқты, маған да өз осалдығымды мойындап, жайбасарлықпен күресуге тура келді,- деді саудагер.-Мен үшін бұл мінезім, ылғи да ниетімді быт-шыт етуге даяр  дұшпаным болып шықты.Сендерге айтқан хикая көптеген оқиғаның бірі ғана.Егер дер кезінде байқап қалсаң, ол дұшпанмен күресу қиын емес.Бір де бір адам қоймасы мен қорасын ұрыға шарлатып қоймайды. Сол секілді, ешбір іскер өз клиенттерін біреуге қудырып, қарап отырмайды. Мен де өз дағдым өзіме зиянкес екенін білген сәттен бастап, одан құтылудың жолын қарастырдым.Сол сияқты кез келген адам Бабыл байлығындағы өз үлесін алғысы келсе, ішінде бұғып отырған, өзінің жайбасарлығы мен кешұғарлығынан ажырағаны абзал.

Ал, Арқат, сен бұған не дейсің? Бабылдағы ең бай адам ретінде, сені жұрт жолы болғыш жан деп те есептейді.Адам жетістікке өзінің жайбасарлығынан толық құтылу  арқылы ғана жетеді десем, менімен келісер ме едің?

- Сөзіңнің жаны бар,- деді Арқат.- Ұзақ ғұмырымда мен өмірлік жетістік жолында бір ұрпақ келесісін ауыстырғанына куәмін. Олардың барлығына да мүмкіндіктер жолығып жатты.Кейбіреулер ғана сол мүмкіндіктерге жармасып алып, аңсаған тілектерін орындауға қадам басса, көпшілігі қадамды жай басып,батылсыз әрекетпен соңында қалып жатты.

Арқат енді тоқымашыға бұрылды:

- Сен біздің сәттілік туралы пікірлесуімізді ұсындың.Енді бұл жайында өзің не дейсің?

- Енді мен сәттілікке басқаша қарайтын болдым. Мен оны өзі келетін нәрсе деуші едім, - адамға одан артық не керек? Енді білуімше, сәттіліктің бетін бұру жай шаруа емес екен. Әңгімеден түйгенім - сәттілік - бар болғаны мүмкіндікті дер кезінде пайдалану екен.Сондықтан да бұдан былай мен кез келген мүмкіндікті қалт жібермеуге тырысам.

- Пікірталастағы әңгіменің мәйегін сен жақсы ұғыпсың,- деді Арқат.- Біз қызығатын сәттілік негізінен мүмкіндікпен еріп келеді, ал басқа жолмен аса сирек жолығады. Егер сәттілік пірі жолықтырған мүмкіндікті қолға алғанда, біздің саудагер досымыздың қуанышында шек болмас еді.Мал сатушы досымыздың да сәттілікке деген қуанышы қойнына сыймас еді, егер ол бір отар қойды арзанға алып, пайдалы саудаға кенелгенде.

Біз бұл әңгімені сәттілікті өз жағымызға тартуға жәрдемі тиер сайман іздестіру үшін бастағанбыз. Меніңше, біз дұрыс жол тапқандаймыз. Екі хикая да бізге сәттіліктің мүмкіндікке еретінін көрсетті. Ақиқат та мынада секілді: егер сен мүмкіндікті пайдалансаң, сәттілік саған күлімсіреп, қолын береді.

Кім де кім мүмкіндікті пайдаланса, сол адам сәттілік пірінің назарын өзіне аударады.Ол кім өзіне қызмет етсе, соған жәрдемге даяр.Ал, оған бәрінен бұрын іскер адамдар қызмет етеді.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439