Жексенбі, 24 Қараша 2024
Талқы 7007 35 пікір 15 Қазан, 2019 сағат 12:46

Салафизммен күрес қаншалықты тиімді жүргізілуде? (Сауалнама)

Қазақстанда ел-халықтың 70 пайыздан астамы өзін мұсылман деп таниды. Бұл шамалап есептегенде 8 миллион адам деген сөз. Иә, мұндай үлкен аудитория үшін Ислам дінінің бүгінгі келбеті көкейкесті мәселе екені даусыз. Әсіресе, соңғы уақыттағы елішілік талқы тақырыбы да – осы бөтен идеология, кірме ағым адамдарының агетациялық астаң-кестеңі болып отыр.

Қазір ата-ана баласы «Алла» атын аузына алып, намазға жығылса үрке қарап, қорқа сөйлейтін жағдайға жеткен. Бұл факт. Бұған діннің өзі емес, дін атын жамылған теріс пиғылдылардың қитұрқы әрекеті себеп екені тағы шындық.

Қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан-салалы. Мысалы, 1989 жылы елдегі 30-ға жуық конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлестік болса, қазір бұлардың саны 4 мыңға жуықтаған. Діни бірлестіктердің нақты саны туралы ақпарат та әртүрлі.

Әйткенмен, солардың ішінде қазір ел-жұрттың аузында жүргені – салафизм дейтін ағым. Қазір салафилік идеология араб елдерімен шектелмей, әлемнің көптеген аймақтарына таралып үлгерді. Қазақстан мұсылмандары арасында, әсіресе жастар ортасында салафилік көзқарастар кеңінен таралу үстінде.

Жалпы, салафизм деген қандай ағым? Өзі де бұл ұғымның мәнін терең түсінбейтін жамағаттың құрамына кіріп, өзін «салафимін» деп жариялау қаншалықты дұрыс? Міне, осы сынды сан сауалдар қоғамның көкейінде жүр...

Қазақстанның қолданыстағы Заңы бойынша әрбір адамның діни бостандығы бар. Яғни, адам дінге сену я сенбеуі, әйтпесе қандай діни идеологияға сенуі өз еркінде. Оған Заң бостандық берген. Бұл, солай екен деп, қоғам ішіне іріткі салушы жат идеология пропогандашыларына қарсы күрес жүргізілмеуі керек деген сөз емес. Алакөз ағымдар агетациясына қарсы күрес мемлекеттік масщтабта жүргізілуі керек. Бізде Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы бар, діни істері агенттігі бар, мемлекеттік саясат бар т.б.

Ал енді осы жат ағымдардың, соның ішінде салафизмнің ақпараттық майданына қарсы күрес қаншалықты эффективті жүргізіліп жатыр? Біз сарапшыларды сөзге тарттық.

Салафилер сырттан келген ақшамен байып алды

Мекемтас Мырзахмет, Абайтанушы, ғалым: 

- Жоғарыда отырған генералдардың бәрі уаххабистерді жақтайды. Онысын ашық білдірмейді. Одан кейін Бекболат пен Мұхамеджан екеуі Таразда сәлафизмді бір кезде ашық насихаттаған. Қазір оны мойындамайды. Бірақ, мойындайтын бір документтер бар. Егер, қолға түссе жіберемін. Сонда сөйлеген сөздері бар.

Олар қазір біз ешуақытта уаххабис болған жоқпыз деп танып отыр ғой. Уаххабизм Таразда басталған. Ал, енді олардың қолында аппарат бар. Бізді жолатпайды.

Ал, сопы, зікірші боп қамалғандардың бәрі келді ғой, енді. Олар қазір ешнәрсе істей алмас. Өйткені ауыр соққы алды. Ал, сәлафизм біздің түбімізге жететін пәле.

Ана батыстағы жігіттер соған беріліп кеткен. Сырттан ақша жіберетіндер болған бұрын. Сонымен байып алды, бұлар. Әйтпесе өз еңбегімен байыды ма? Ол алатын айлықты мен де аламын, мен неге байымаймын?

Мекке, Мединеде уаххабтың басында отырған адамды 2013-ші жылы ағылшындар әкеліп отырғызған. Қазір көп нәрсе солардың қолында. Оны жұрт біліп отыр. Бірақ, оны көпшілікке шығартпайды ғой. Әзірше мұның тамырын үзе алмайды. Бұған билікте отырған адамдар өзі араласқан. Мен олардың сөйлеген сөздерін естігем. Әруаққа тиіскен, сәлем салуға тиіскен, оның бәрі ширк дегені көз алдымда ғой. Қазір айтсаң олар біз ол жолда жүрген жоқпыз дейді. Барып тұрған екіжүзді.

Қазіргі уақытта имамдар күнделікті жұмыстарында теріс және радикалды діни ағым өкілдеріне қарсы алдын алу шараларына белсенді атсалысуда.

Мүфтияттың негізгі жұмыс бағыттарының бірі – деструктивті ағымның арбауына іліккен азаматтарға жеке түсіндіру, үгіттеу жұмыстарын жүргізу. Дін қызметкерлерінің ыждаһаттылықпен атқарған шараларының нәтижесінде өткен жылы 518 адам Исламдағы төл мәзһабымыз, дәстүрлі жолымыз – Әбу Ханифа мәзһабымен қауышты.

Уаххабизм батыстың мұсылмандарға қолданатын бірден-бір көзірі

Досай Кенжетай, профессор:

- Бізде дін саясиланып кеткен. Экстремизм, радикализмнің ошағы болып тұрған уаххабизмге ешкімнің тісі батпайды, қазір. Оған мемлекет, қазіргі билік тісін батыра алмайды. Себебі, оның артында үлкен ақша тұр. Сондықтан, біздің сәлафи, уахабилерді жоямын деген адам шаршап-шаршап, ақырында қояды. Мұның артында үлкен күштер тұр.

Ал, сопылар мен зікіршілердің артында ешкім жоқ еді. Олардың ақшасы да жоқ. Артында саяси күші жоқ. Сондықтан оларды жан-жаққа ыдыратып жіберді.

Ал, мыналардың артында Америка тұр. Себебі, уаххабизм батыстың мұсылмандар арасындағы қолданатын бірден-бір көзірі. Оларға оны сақтау керек. Қысқасы, бізде дін саясиланып кеткен ғой...

Имамдар жамағатты жат ағым жетегіне жібермеу үшін жұмыс жүргізіп отыр

Ағабек Қонарбайұлы, ҚМДБ баспасөз хатшысы:

- Қазір елімізде діни ахуал тұрақты. 2600-ден астам мешітте 4400-ге жуық діни қызметкер жұмыс істейді. Мешітте айтылатын уағыздар ҚМДБ бекіткен тақырыптар бойынша жүргізіледі.

«Бір дін, бір мәзһаб» ұраны аясында мешіттің ішкі тәртіп «Ережесін» қабылдадық. Бұл құжат өзіміздің төл мәзһабымызды ұстануға мүмкіндік береді. Имамдар мешіт жамағатын ұйытып, жат ағымдардың жетегіне жібермеу үшін жұмыс жүргізіп отыр.

Қазір елімізде діни кадр дайындауға толық мүмкіндік бар. 5 медресе колледж, халықаралық деңгейде 1  университет, 1 Ислам институты бар.  Осы уақытқа дейін «Нұр-Мүбарак»  университетін 1512 студент, медреселерді 1515 шәкірт тамамдады. Қазір «Нұр-Мүбарак» университетінде 1210 студент, 71 магистрант, 45 PhD докторант оқып жатыр.

Қазіргі уақытта имамдар күнделікті жұмыстарында теріс және радикалды діни ағым өкілдеріне қарсы алдын алу шараларына белсенді атсалысуда.

Алайда тұрақты жалақының болмауы имамдардың барлық әлеуетін профилактикалық жұмыстарда пайдалануға кедергі болып отыр.

Ақпараттық-насихат жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. РАНТ және ЖАНТ жұмыстарына білікті имамдар жұмылдырылған. Өзіміздің төл діни газет-журналдарымыз бар. «Хикмет» телестудиясын аштық. 20 сайт жұмыс істейді.

ҚМДБ-ның төл типографиясын ашу ойымызда бар. Бүгінде осы жобаға қаржы көздерін қарастырып жатырмыз...

Өзекті пәтуәлар шығару үшін «Ғұламалар кеңесін» құрдық. Ғұламалар Кеңесі қажеттілік туындаған жағдайда мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша ҚМДБ-ның ұстанымын, мәлімдемесін жариялайды.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

35 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5656