Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 2667 1 пікір 15 Қазан, 2019 сағат 10:58

Парламент сайлауын қазіргі заңмен өткізетіні түсінікті болды

Ұлттық кеңестің өткен отырысында жеке тұлғалардың банкроттығы, зейнетақы реформасының тұжырымдамасы, тағысын тағы бірдеңелер қаралыпты. Алдағы отырысында қаржы-бюджет жүйесін дамытуды талқылайды екен.

Ұлттық кеңестің негізгі мәселемен айналыспай, істі осылай созбақтауынан биліктің қыр астындағы парламент сайлауын "Сайлау туралы", "Саяси партиялар туралы" қазіргі заңмен өткізетіні түсінікті болды. Онда Нұрсұлтан мен Қасым-Жомарт шухрат боп қала береді.

Сайлау қарсаңында қатты ширыққан қоғамдық көңіл күйдің ауаны осы заңдарды өзгерту еді ғой. Апай-топай инаугурация өткізіп, жаңа президент ұсына қойған биліктің "Ұлттық кеңес құрайық, мәселені көшеде емес, кеңседе шешейік" деп жік-жіпар болғаны солтұғын. Оны ұмытқанымыз жоқ. Халық зейнетақы реформасының бірдеңесінің сірдеңесін талқылап беріңдер деген жоқ. Олар екінші, үшінші кезектегі мәселелер.

Егер, Ұлттық кеңес "Сайлау туралы, Саяси партиялар туралы заң қарастырыла бастады, анау органға түсті, мына жерден өтті дейтін уәж айтар болса, оның бәрі жай әншейін шығарып салма әңгіме. Біріншіден ондай қимыл жоқ, екіншіден билік саяси заңдарды қайта қабылдаймыз десе баяғыда кірісер еді, оған көп болса екі-үш апта жетер еді. Өйткені дайын заң жобалары бар.

Демек "Ұлттық кеңесті халықтың сайлау кезіндегі температурасын түсіру, уақыт созу үшін ғана құрып отыр" деген пікірлер растала бастады деген сөз. Шынында, қоғамның ашу-ызасы тарқады, таз қалпына түсті, басқа не керек?

Асылхан Мамашұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5652