Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 2850 4 пікір 15 Қазан, 2019 сағат 11:38

Президентпен кездесудегі жеті ұсыныс

Достар, ағайын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу асықпай я ашық өтті. Бір 35 минуттай үшеуіміз еркін отырдық - президент, оның кеңесшісі Ерлан Карин және мен. Президент адамды өте мұқият тыңдайды екен, сөзді бөлмейді. Мен ұсыныстарымды толық жеткіздім. Ол қандай ұсыныстар?:

1. Тәжік-Ауған шеқарасында 1992-2001 соғысқан ардагерлерімізге ресми статус беру туралы. Ресейде, Тәжікстанның өзінде де дәл бұндай сарбаздарда статус бар, ал біз өз ардагерлерімізге ресми статусты неге бермей отырмыз? Бұл өзіміздің тәуелсіз еліміздің ардагерлері ғой! 

2. Арыс қаланың мәселесі. Көп жұмыс атқарылды, мойындаймын. Бірақ кей тұрғындар әлі де мәз емес. Құрылыс компаниялар сносқа кететін үйлерді ремонттаймыз деп жатыр. Бұл жерде кінә - толығымен мемлекеттің жағында ғой, сондықтан жергілікті халықты толығымен қанағаттандыру керекпіз.

3. Тараздағы "Родничок" деген тұрғын үйдің мәселесі. Анау 1990-шы жылдардан келе жатқан проблема бұл. Бұл жерде 15 мыңдай адам тұрады, бірақ үйлері әлі заңдастырылмаған. Оның кесірінен еш инфрақұрылым жоқ - мектеп, балабақша, аурухана т.б. Сондықтан бұл тұрғын үйді заңдастыру керекпіз деп өтіндім.

4. Атырау облысының экология мәселесін көтердім. Жайыққа бәріміздің жанымыз ашиды. Президент Тоқаев бұл проблеманы жақсы біледі екен.

5. Маңғыстау облысын басқа Қазақстанмен байланыстыратын тас-жолды айттым - Бейнеу-Сексеуіл. Бір миллирд доллар тұрса да салу керек екенін жеткіздім. Өйткені ол тек қана батыс облыстарға емес, бәрімізге қажет. Жөн тас-жол болса ішкі туризм дамиды, оңтүстіктің көкіністерін батысқа тікелей апара аламыз, инфляция төмендейді, жүк көліктер Каспий теңізіндегі порттарымызға тікелей жете алады, әрі қарай Әзербайжан арқылы Европаға бара алады, Иранға. Батыс облыстар республикалық бюджетіне жыл сайын қаншама мұнай мен газды құйып жатыр ғой!

6. Жер мәселесін түбегейлі қалай шешуге болады өзімнің баршаңызға белгілі ұстанымды жеткіздім. Мораторийдің аяқталуына екі-ақ жыл қалып отыр. Жердің жеке меншік институттың орнына жал институтын орнату керек - тек қана ҚР азаматтарына, және 100% ҚР заңды тұлғалар ұшін. Латифундизмге қарсы космомониторингті енгізу керек екенін айттым. Ол үшін АШМ тиісті бұйрығын жылдам шығару керек.

7. Достар, жетінші мәселе де болды, бірақ мен бұны әзірше ашық айтпай-ақ қояйын. Бірақ жылдың аяғына дейін бұл қандай мәселе болды міндетті түрде жариялаймын. Әзірше күту керек.

Солай, достарым, ағайын! Кездесуден көңілім толды. Біздің жұмысымыз жалғасуда. Ерлан Қариннің елге көрінбейтін бірақ елге өте пайдалы атқарып жатқан жұмысы үшін шексіз алғысымды білдірем!

Мұхтар Тайжанның facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5656