Жексенбі, 24 Қараша 2024
2695 1 пікір 16 Қазан, 2019 сағат 10:50

Трамп Ердоғанды Сирияға шабуылын доғаруға шақырды

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия басшысы Режеп Ердоғанды Сирияның солтүстік-шығысындағы күрдтермен бейбіт келісім жасауға шақырды. Бұл мәліметті журналистерге АҚШ вице-президенті Майк Пенс жеткізді. Президенттер телефонмен сөйлескен.

Пенс жақында АҚШ делегациясын Түркияға бастап барады. Ол түріктер мен Сириядағы күрдтерді татуластыруғы тырысады.

Бұның алдында АҚШ билігі Түркияға санкция салған еді. Вашингтон Түркия үкіметін аймақтағы жағдайды шиеленістіріп, бейбіт халыққа қауіп төндірді деп айыптады.

АҚШ Сириядағы күрдтерді қорғауға міндетті емес деп мәлімдеді Трамп. "Сириядағы күрдтерді Ресей, Қытай немесе Наполеон Бонапарт қорғай ма, мен оған қарсы емеспін. Ал біз 7 мың миль алыстамыз!" деп жазды АҚШ президенті.

Сирияның солтүстік-шығысына бақылау орнатқан күрд қарулы тобы Башар Асаб билігімен келісімге отырды. Күрдтер Дамаск көмегімен түріктерді шабуылына тойтарыс бергісі келеді.

Түрік әскері Сирияның солтүстігіндегі әскери операциясын 9 қазанда бастады. Операция "Бейбітшілік бұлағы" деп аталады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5656