Қаражамбас мұнайшыларының кәсіподақ заңгері Наталья Соколованы 6 жылға бас бостандығынан айырды – БАҚ
Алматы. 9 тамыз. ҚазТАГ - Қаражамбас мұнайшыларының кәсіподақ заңгері Наталья Соколованы 6 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады «Время» газеті.
«Кеше кешкісін Ақтау қалалық сотының судьясы Гүлмаржан Әділсұлтани Қаражамбас мұнайшыларының кәсіподақ заңгері Н. Соколованы жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейтіндей етіп 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сот Н. Соколованы екі бап бойынша - ҚР ҚК 164-ші және 334-ші бабы бойынша айыпты деп таныды», - делінген газеттің сейсенбі күнгі номеріндегі мақалада.
Хабарда айтылғандай, сот отырысы жабық жағдайда өтті, бірақ сотта облыстағы адам құқықтары мен заңдылықтардың орындалуын қадағалау жөніндегі Қазақстан бюросының өкілі Ғалым Ақелеуов отырды.
«Н. Соколова сотта қазақстандық жұмысшылардың еңбекақылық құқығы шетелдіктермен салыстырғанда шектелмеуі тиіс деп айтты, ал оның осылай деп айтқан жалпылама сөздері оған әлеуметтік алауыздықты қоздыру деп таңылды», - деді Г. Ақелеуов.

Еске салсақ, өткен бейсенбіде сот Н. Соколованы 7 жылға соттауын сұраған. Заңгер биылғы мамырда қамауға алынғалы бері абақтыда 3 ай отырды. 23 мамырда оны рұқсат етілмеген кәсіподақ жиналысын өткізгені үшін әкімшілік қамаумен 8 тәулікке қамауға алған. Н. Соколова тергеу абақтысында отырғанда, оған қарсы «Қаражамбасмұнай» АҚ президенті міндетін атқарушы Му Юаньнің шағымымен әлеуметтік алауыздықты өршітті деген ҚР ҚК 164 бабы бойынша айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды. Әкімшілік қамау мерзімі аяқталған соң, Н. Соколованы тергеу абақтысына жатқызып, ол сот болғанша сонда болды.
Заңгер тергеу абақтысында жатып-ақ ҚР ҚК 334 бабы, «жиналыстар, митингілер, пикеттер, көшедегі шерулер мен демонстрация өткізу тәртібін бұзған» деген бап бойынша айыпталды.
Н. Соколованың ісін тыңдау 29-шы шілдеде басталып, бір аптадан соң тараптардың пікірталасы басталып, сотталушыға соңғы сөз берілді. Сот барысында жұмыс беруші «ереуілдерді ұйымдастыруда осы Н. Соколова айыпты, сондықтан «Қаражамбасмұнай» АҚ орасан зор шығын көріп жатыр», деп айтты. Жалпы алғанда, сарапшылардың есебінше Н. Соколованың әрекеті Т1 млрд шығын әкеліпті.
«Бейсенбі күнгі соңғы сөзінде заңгер өзіне тағылған айыптардың бәрін теріске шығарып, «қазір Маңғыстау облысында орын алып отырған оқиғаларға жұмыс беруші мен билік кінәлі», - деп мәлімдеді», деп жазады газет.